Зерттеу нәтижелері мен оларды талқылау. 3. Бос ашытқы дақылдарының монокультуралары мен консорциумынан биоэтанол алу әдісі. 1-суретте келтірілген графикте биоэтанолдың тек K.marxianus A1 штаммының монокультурасымен жинақталғаны, ал ашытқы штаммдарының консорциумынан биоэтанол анықталмағаны көрсетілген. Сонымен қатар графикте биоэтанол мөлшерінің алғашқы 24 сағатта 1,8%-дан келесі 48 сағатта 1,2%-ға дейін азаюын байқауға болады. Бұл Kluyveromyces marxianus А1 штаммының жоғары өсу қарқынымен және оның спирттің жоғары сезімталдығымен түсіндіруге болады.
Сурет 1 – А1 ашытқы штаммының монокультурасымен биоэтанолдың жинақталуы.