3.Ашытқы дақылдарының иммобилизациясы.
Жұмыста Kluyveromyces marxianus A1, A2, A3 штаммдары қолданылды. Иммобилизациялау үшін сорбент ретінде кальций хлориді және натрий альгинаты, ПВС, каррагинан қолданылды.
Биомассаның жинақталуы 30 ℃ температурада 150 айн/мин термошейкерде 24 сағат бойы жүргізілді. Қоректік орта ретінде Sabouraud Agar сұйық ортасы қолданылды.Ашытқы дақылының әр штаммының тәуліктік культуралары дайындалды.Кейін центрифуганы максималды жылдамдықпен (3500 айн/мин) 10 минут бойы пайдаланып, ашытқы тұнбасын бөліп алдық. Центрифугалаудан кейін алынған ашытқы тұнбалары стерильді пробиркаларға 12 мл стерильді сумен араластырылды.
Ашытқы штаммдарының иммобилизациясын жүргізу барысында, штаммдардың тазалығы, оптикалық тығыздығы, қатты және сұйық қоректік ортада өсу қарқындылығы зерттелді. Ашытқы штаммдарының тазалағын анықтау мақсатында жасалынған микроскопия нәтижесі 2-ші суретте көрсетілген.
А Ә Б
А – K.marxianus A1; Ә – K.marxianus A2; Б – K.marxianus A3
Сурет 2.Иммобилизденген ашытқы дақылдарының микроскопиясы.
2-ші суретте келтірілген ашытқы дақылдарының микроскопиясы бөгде микрофлораның анықталмағаның көрсетті.
Иммобилизденген ашытқы дақылдарының қатты және сұйық қоректік орталарда өсу қарқындылығы зерттелді. Зерттеу нәтижелері 3-ші суретте көрсетілген.
Сурет 3. Dextrose agar Sabouraud қатты қоректік ортасында өсіп шыққан иммобилизденген K.marxianus А1; А2; А3 штаммдарының өсу қарқындылығы.
3-ші суреттегі зерттеу нәтижелері бойынша ашытқы дақылдарының өсу қарқындылығын зерттеу кезінде K. marxianus А1; А2; А3 ашытқы штаммдарына сәйкес колония түзуші бірліктер мөлшері 1,7 x 106 КТБ/мл, 1,4 х 106 КТБ/мл, 1,1 х 106 КТБ/мл бірлікті құрайтыны анықталды.
Сонымен қатар, жұмыс барысында иммобилизденген ашытқы дақылдарының оптикалық тығыздығы зерттелді, зерттеу нәтижелері 4-ші суретте көрсетілген.
Сурет 4.Иммобилизденген ашытқы дақылдарының оптикалық тығыздығы.
4-ші суретте көрсетілгендей, Kluyveromyces marxianus A1 штаммы ең жоғары оптикалық тығыздықты көрсетті – 0,132 нм, ал Kluyveromyces marxianus A2, A3 штаммдарының оптикалық тығыздығы – 0,105 нм және 0,092 нм мәндеріне сәйкес келді.
3.Иммобилизденген ашытқы дақылдарынан биоэтанол алу.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Kluyveromyces marxianus: Current State of Omics Studies, Strain Improvement Strategy and Potential Industrial Implementation. https://doi.org/10.3390/fermentation6040124
ГФ ХII издания, М., «Научный центр экспертизы средств медицинского применения», 2007 г.
Достарыңызбен бөлісу: |