Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштер
Елтану.
Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштер. Елдерді салыстыруда әртүрлі белгілер басшылыққа алынады: аумағының көлемі, халық саны, табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі, әлеуметтік және демографиялық көрсеткіштер, урбандалу деңгейі және экономикалық даму деңгейі және т.б. Елдерді салыстыруда қолданылатын көрсеткіштерді бірнеше топқа біріктіруге болады.
Елдерді салыстыру негізгі көрсеткіштер
Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы. Халықтың өмір сүру деңгейі экономикалық және әлеуметтік көрсеткіш болып табылады. Белгілі бір елдегі халықтың өмір сүру деңгейін анықтау табыс бойынша кедейлік деп аталатын ұғыммен тығыз байланысты. Табыс мөлшері елде белгіленген минимумнан төмен болатын адамды кедей деуге негіз бар. Әлемдік банкінің анықтауы бойынша тәуліктік күн- көрісі 1,9 АҚШ долларынан төмен адамдар кедей болып саналады. АҚШ-тың Халық санағы жөніндегі бюросының анықтауы бойынша 4 адамнан тұратын отбасының жылдық табысы 24 563 АҚШ долларынан төмен болса, кедейлер қатарына қосылады. Осының негізінде 2017 жылы АҚШ халқының 12,7%-ы кедейлер тобын құраған.
Жиынтық ішкі өнім көрсеткішін есептеу
Номиналды (ағымдағы бағамен) және (салыстырмалы бағамен) ЖІӨ есептеледі. Ағымдағы жәнебағамен) ЖІӨ есептеледі. Ағымдағы және өткен кезеңдегі ЖІӨ-ні салыстыру ел экономикасының нақты өсуін бағалауға мүмкіндік береді.
ЖІӨ-ні есептеу үшін үш негізгі әдіс пайдаланылады:
a) құнды қосу әдісі;
ә) шығын бойынша есептеу әдісі (өндіріс әдісі):
б) кіріс бойынша есептеу әдісі (тарату әдісі).
Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын демографиялық көрсеткіштер
Елдер, ең алдымен, халық саны бойынша айырмашылық жасайды. Ғалымдар дүниежүзіндегі халық санының өсуіне тән маңызды факторлар ретінде табиғи (биологиялык), әлеуметтік-экономикалық (қоғамның шаруашылық дамуы, халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері), саяси (мемлекеттің демографиялық саясаты), діни (діннің демографиялық жағдайға әсері), медициналық (денсаулық сақтаудың даму деңгейі), экологиялық (адамды қоршаған ортаның жай-күйі), гуманитарлық (халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы) факторларды атайды.
Қазіргі кезде халық саны 100 млн адамнан асатын 13 мемлекет бар, халық саны ең аз мемлекеттерге Ватикан. Монако, Сан-Марино т.б жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |