(9 сынып)
1. Геометриялық бұрыс пішінді дененің ауырлық центрін табыңыздардар
Құрал-жабдықтар: геометриялық бұрыс пішінді дене, ұзындығы 20см жіп.
2. Пластилиннің тығыздығын анықтаңыздар
Құрал-жабдықтар: пластилин кесегі, цилиндр пішінді ыдысқа құйылған су ( ), сызғыш.
3. Жүктің максимал массасын көтеретіндей етіп парақ қағаздан көпірдің моделін жасаңыздар. Жүкті көпір моделінің центріне орналастыру қажет. Жүктің массасын анықтаңыздар.
Құрал-жабдықтар: қағаздың парағы, сызғыш, екі бірдей білеу, түрлі кірлер,
Ескерту. Арақашықтығы 25 см екі білеуге модельді орнатамыз; әр түрлі кірлер орналастыратын көпірдің енін 2 см-ге тең етіп алу керек.
4.Тиынның жылу өткізгіштігін анықтаңыздар.
Құрал-жабдықтар: құны бірдей тиындар (3-5 дана), екі термометр, ыстық және суық суы бар пенопласт стакандары, таразы, жіптер (судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200Дж/кгК).
5.Жұмыс үстелінің бетімен сырғанаған ағаштың үйкеліс коэффициентін анықтаңыздар
Достарыңызбен бөлісу: |