Zhasproject Bereke Жоба номері: 8968-yg-4149



Дата12.09.2020
өлшемі16,01 Kb.
#77921
Байланысты:
Эссе Ниязбек Айбек


Ниязбек Айбек

Жобаның аты: Zhasproject_Bereke



Жоба номері: 8968-YG-4149

Өмірдегі маңызды дағдылар мен жобаларды басқару



Осы курсты оқу кезінде бизнесті қалай дұрыс жүзеге асыруға болатындығын және осы бүгінгі таңда бастауын алып отырған Жаспроджект арқылы іске асырылып отырған жобамыздың болашақтағы ғұмыры ұзақ болуы үшін қандай қадамдар жасалуы керек? – деген сұраққа осы курстан жауап таба алдым. Бірден – бір жауап жобаны жүзеге асыру барысында келіссөздер жүргізуге мықты болу керек екен. Курста келіссөздер жүргізуге жақсы тоқталған. Соның бірі, тиімді коммуникация – жанжалды шешу, шешім қабылдау және келіссөз жүргізу. Жанжалды шешу барысында жоба аясында құрылған команданың әрбір мүшесі жауапты болып саналады. Шешім қандай болмасын, ол жоба қатысушыларына, жетекшісіне тәжірбие ретінде қарастырылады. Шешім қабылдау барысында:

  • Мәселені анықтау;

  • Мәлімет дерек жинақтау;

  • Мәліметті ұйымдастыру;

  • Мүмкін нұсқаларды жинақтау;

  • Шешімдерді таңдау:

  • Таңдалған шешімді бағалау.

Шешім қабылдау кезінде тек жетекші ғана сөйлеп қоймай, сонымен қатар команданың әрбір мүшесінің ойын толық айтуға мүмкіндік беру керек екендігі ескеріледі. Келіссөздерді жүргізу эмоцианалды болуы мүмкін. Сондықтан эмоцияға да көңіл бөлу сәтті келіссөз жүргізуге жетелейтін негізгі факторлар екендігін түсіндім. Сонымен қатар, осы курс кезінде Пичинг деген жаңа ұғыммен таныс болдым. Пичинг – жобаны айтып қана қоймай тиімді табысты болатындығын дәлелдеу жеткізу. Яғни, жобаны былайша айтқанда сандармен сөйлету. Әрине, нақты сандармен. Жоба бюджетін жақсы дәрежеде жоспаралай білу де жобаның серіктестер табуда, жобаны таныстыру кезінде жаңа серіктестеріңіз нақты табысты болуына көз жеткізе алатындай жоба бюджетін көретін болса ол жобадан теріс айналып кетпейтіндігі анық. Сондықтан жоба бюджетін нақты жоспарлай алуды да осы курстан үйрендім.

Осы курсты оқу барысында үйренгенім өте көп. Жоғарыда айтылғандар тек бірегейі ғана. Осы алған білімімді жобамда пайдаланатын боламын. Осы алған білімімнің көмектесетіндігіне сенімім мол.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет