Үзілмес үміт
Бақытымен қатар ұшып қалықтаған,
Өмір сүріп, қиындықтан жалықпаған.
Миллиондаған адам жүр сенесіз бе?
Таппай дауа құр төсекте жатпаған.
Нұр ұялап, күн сәулелі жүзіне,
Өтіп жатыр, қанша көктем, күзі де.
Оған мейлі, басқасының бары да,
Айықса ғой, өз өмірі кезінде.
Өмірінің ашылып әр парағы,
Өтуде санаулы уақыт санағы.
Жауап іздеп талай сұрақ келсе де
Ақтармайды сол бір ескі жараны.
Достарыңызбен бөлісу: |