Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының 2013 жыл бойында әлеуметтік-экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі баяндамасының
ТЕЗИСТЕРІ
Кұрметті ауылдастар!
Елбасының жаңа әкімшілік реформасы аясында биылғы жылы елімізде алғашқы рет ауылдық округтер мен кенттердің әкімдерінің сайлауы өтті. Осы сайлау нәтижесі бойынша осы ауылға әкім болып сайланып келіп отырмын. Аталған шара тұрғындардың зор ырзашылық сезімдерін тудырып, атқарылып жатқан істерге тың серпін беріп, атқарушы биліктің іске деген орындаушылық жүгін арттырады.
Аудан әкімінің 2013 жылғы 5 ақпан күні ауыл тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде ауыл өмірінің әлеуметтік-экономикалық салаларына қатысты түрлі мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, Ұзынбұлақ-Теңдік, Ұзынбұлақ-Ақши автожолдарына жөндеулер жүргізу, инвестициялық жобамен келген «Баян-Орда» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің ұланғайыр жерді алғанына қарамастан ешқандай шаруашылық жүргізбей отырғандағы, ұялы телефон байланысына қол жеткізу, Е. Бекмаханов атындағы орта мектепке шағын автобус алып беру, Ақши орта мектебіне спорт залын салғызу, Қарағанды-Павлодар бағытындағы автожолға шығу үшін көпір салу, Ақши ауылында шағын бала бақша орталығын ашу, Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіштегі жазбаларды қазақша қайта жазу жөнінде ұсыныс-пікірлер айтылып, оның біразына жиналыс барысында аудан әкімі жауап берген болатын.
Биылғы жылы Ұзынбұлақ-Теңдік, Ұзынбұлақ-Ақши бағытындағы автокөлік жолдарын жөндеуге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіштегі жазбаларды қазақша қайта жазу жөнінде аудан орталығындағы мамандармен келісім жасалуда. Ұялы телефон байланысы жөнінде тиісті орындардың басшылығына шығып, олардан 2013-2014 жылдардың жоспарында біздің округті қосу жоқ екенін білдік. Халықтың бұл өтінішін қанағаттандыру алдағы күндер еншісінде. Басқа да шешімін биыл таппай келе жатқан ұсыныс-өтініштер күн тәртібінен түспейтінін, үнемі назарымызда болатынын жеткіземін.
Ауыл әкімінің 2013 жылғы 16 қазандағы есептік кездесуінде ауыл тұрғындары тарапынан Ұзынбұлақ ауылындағы су құбырынан келетін суды үйлерге кіргізу мүмкіншілігін қарастыру туралы ұсыныс айтылған болатын. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп, арнайы мамандырылған мекемемен табылып, олармен кеңес өткізілді. Мекеме мамандары өздерінің қоятын талаптарымен ауыл тұрғындары ортақ келісімге келген жағыдайда жұмысқа кірісуге дайындығын білдірді. Сондықтан ауыз суды үйіме кіргіземін деген азаматтар осы бастан ауылдық округі әкімішілігіне өтінішін беріп, тіркелулері керектігін ескертемін. Ақши ауылында тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін орынға жинақтау жұмыстары жүргізілсе деген ұсыныс айтылды. Бұл жұмыстарды атқаруды жаз мезгіліне жобалап отырмыз.
Ұзынбұлақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы бүгінгі күні тұрақты даму үстінде деп айтуға болады.
Округте екі орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункт, байланыс бөлімшесі, мал сою алаңы, 3 дүкен, мәдениет үйі және клуб үйі халыққа тұрақты түрде қызмет жасайды.
Биылғы жылдың 1 шілдесіне жүргізілген шаруашылық кітаптаріндегі жазбаларға нақтылау жүргізу кезеңінде Ұзынбұлақ, Ақши ауылдарының халқының саны 1010 адамға, қара малы 7401 басқа, жылқы – 2086 басқа, қойы-15179 басқа жеткен. Бұл баяғы кеңшарда болған мал санымен пара-пар деуге болады.
Округте ауыз су мәселесі толығымен шешілген. Ұзынбұлақ ауылындағы 22 су алу колонкалары істеп тұр. Ақши ауылында су тұщыту-тазарту қондырғысы пайдаланылады. Олардың қалыпты жағыдайда қызмет көрсетуі үшін «Серпіліс» коммуналдық кәсіпорнының 3 адамы жұмыс жасайды.
Е. Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі жанындағы шағын орталыққа жеке ғимарат сатып алынып, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жасалып, пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған бұл мекемеге ауылдағы жұмыссыздар қатарынан 7 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Орта мектептің жылу беру жүйесіндегі бірнеше радиоторлары мен трубалары жаңартылды.
Алдағы уақытта да медициналық қызмет көрсетудің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, тұрғын үй-коммуналдық қызметінің сапасын арттыру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету өзімнің басты мақсаттарым болады.
Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан -2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саясатын жаңғырту жөніндегі міндеттерді қойды. Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдылықтарының біріне жатады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына бүгінгі күнге дейін ауылдың 2 адамы қатысты. Бағдарлама аясын бөлінген қаржыға бір азамат жаңа шағын автобус сатып алып өз кәсібін ашып, аудан орталығына жолаушылар тасымалдауды жолға қойды. Енді бір азамат нан-тоқаш өнімдерін дайындайтын шағын цех ашу жұмыстарын жүргізуде. Биылғы жылы да 2 азамат өз бизнес жоспары бойынша несие алу мақсатында арнайы оқуда болып, алған несиелеріне ірі қара мал сатып алып, жұмыс орындарын ашты.
Мал басын көбейтем деушілер несие алуға болады. Ол үшін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік оқуын оқып, бизнес жұмыс жоспарын дайындау қажет. Өткен жылы округтен 2 шаруа қожалығы «Жайлау» бағдарламасына қатынасып, несиеге 100 бас қойдан сатып алды.
Мал шаруашылығын дамыту мақсатында Үкімет тарапынан берілетін бірнеше несие түрлері бар. Осындай жобаларға қатынасып, шаруашылығын көтерімін деген ауыл азаматтарына әкімшілік тарапынан бар көмек пен жағдайын жасауға тырмысамын.
Былтырғы жылы мал азығын дайындау барысында 10 шаруа қожалығына арзандатылған жанар жағар май алуына жағыдай жасалды. Бұл әрине сұраныс берген қожалықтарға. Ауыл тұрғындарының мал азығын дайындау үшін барлығында тиесілі жері мен техникасы жоқ. Сондықтан кейбір тұрғындар шөпті сатып алуғы мәжбүр. Ауылдық округтегі шөп сатумен айналысатын азаматтарға шөп бағасын негізсіз көтермеу жөнінде арнайы жиналыс өткізіліп, мал азығының бағасы бақылауда ұсталды.
Ауылдық жердің әлеуметтік өсуі тікелей ауыл шаруашылығының дамуымен байланысты, яғни мал басының өсуі, егін шаруашылығының өнімін жоғарылату, ауылға инвестиция тарту, адамдардың сұраныстары мен қажетін қанағаттандыру, осының бәрі адамдарды жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Бүгінгі күні ауылдың жеткен жетістіктерін әрі қарай жалғастыру қажет.
Ауылдық округте 24 шаруа қожалығы бар.
Шаруа қожалықтырының өсуіне субсидиялар қарастыру қажет. Ол үшін малды асылдандыру керек. Малды асылдандыруға алынған бұқалар палатада тіркеліп тұруы қажет. Бұл бағытта «Отан», «Бұқар жырау» шаруа қожалықтары тиісті орындармен тығыз байланыс орнатып, жұмыстарын жалғастыруда. Округтегі қара мал тұқымын асылдандыру бүгінгі бар малдың 12 пайызды құраса, басқа шаруа қожалықтарының қызығушылық танытып, асыл тұқымды малдарды көптеп ала бастауына байланысты алдағы жылдары 50 пайызға жетеді деген болжамымыз бар.
Білім саласы бойынша ҰБТ өткен жылдардағы көрсеткіштері жаман емес. Бұл бағытта мектеп ұстаздары мен ата-аналар арасында үнемі байланыс пен қажырлы еңбек қажет. Орта буындағы оқушыларды дайындау мен терендетілген бағдарламалар бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдерді дайындау қерек. Мектепте шахмат пен тоғыз құмалақ ойындарын дамыту қажет, бұл дегеніміз оқушылардың, әсіресе орта буын оқушылардың логикасын дамытады.
Мәдениет және спорт саласы бойынша әрқашанда жастарды шараларға тарту керек. Сонымен қоса аталған саланың қызметкерлері ұйымдастыратын шараларға жауапкершілікпен қарауы қажет. Бұл өз тарапынан кейін нәтижесін береді.
Ауылдық округте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушыларға қарсы күрес шеңберінде мемлекеттік қызметкерлердің «Ар Намыс кодексін» сақтауы, мемлекеттік қызметтерді ұсынуы үнемі қадағалауда ұсталады. Мемлекеттік мекемелерде жеке және заңды тұлғалардың ұсыныс-өтініштеріне арналған жәшіктер орнатылып, оларға түскен өтініштердің уақытында қаралуы жолға қойылған.
Ауылдық округі әкімі аппараты өткен жыл бойы арнайы бекітілген жоспар бойынша ауыл тұрғындарына әр түрлі тараптан тұратын саяси-әлеуметтік қызметін атқарды. Ауылдық округі тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша 3 түрлі қызмет көрсетіліп, 280 қосалқы шаруашық туралы анықтама, 258 ветеринарлық анықтама, 206 ветеринарлық паспорттар берілді.
Ауылдық округі әкімшілігінің жылдық бюджеті 30,0 млн теңгені құрайды. 2013 жылдың 1 қазанына түсімдері 22 млн 234 мың теңгені болса, шығысы 22 млн 67 мың 473 теңге болды. Өңірге екі ауыл арасындағы жолды жөндеуге 3 млн 891 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді. Мектеп жанындағы шағын орталықтың мекен-жайын дайындауға 6 млн 1 жүз мың теңге бөлініп, игерілді.
Үстіміздегі жылы жеке тұлғалға салынған 30690 теңге жер салығы, 31617 мүлік салығы жиналып, жергілікті бюджетке аударылды.
Жыл бойы Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, облыс, ауданның өкілетті басқару органдарының шешімдерін орындау жөнінде жұмыстар ұйымдастырылды және олардың іске асуы үнемі назарда ұсталды. Облыс әкімінің «Әрбір отбасында-бір жұмысшы» бағдарламасына байланысты және аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес 9 адам тұрақты жұмыспен, 7 адам маусымдық жұмыспен қамтамасыз етілді. Аудан бойынша кедейшілік пен жұмыссыздықтың деңгейін төмендету жөніндегі бағдарламасы аясында 2014-2018 жылдары 9 адам Ақши ауылында, Ұзынбұлақ ауылында 9 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатымызда бар. Бұл бүгінгі күні ауылдық округтегі еңбекке жарамды азаматтардың 30 пайызын құрамақ.
Ұзынбұлақ ауылдық округіде Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заң күші бар Жарлығына сәйкес жұмыс жүргізіледі. 2013 жылы ауылдық округі әкімі атына түскен 240 өтініштер ауыл өмірінің бар саласын қамтиды деуге болады. Оның ішінде басым көпшілігі; әлеуметтік-тұрмыстық, жұмыспен қамту, қосалқы шаруашылықтарын дамыту мақсатында несие алу, қосалқы шаруашылығы туралы анықтама беру, 18 жасқа дейінгі балаларға айлық жәрдемақылар тағайындау жөніндегі өтініштер болып келеді. Осылардың ішінде жоғарыда аталғандай 2 адамға шағын несие алуына көмек жасалды. Жұмыспен қамтуды сұраған 20 адамның 5-і тұрақты жұмыспен, 2 азамат маусымдық жұмыспен қамтылды. 4 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. 9 адамға өтінішіне байланысты тыңғылықты түсінік берілді.
Өткен жылы «Серпіліс» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының МТЗ-82 тракторының мотрорының білік темірі үзіліп, істен шыққандықтан ол күрделі жөндеуден өткізілді. Бүгінгі күні қыс айында ауа райына байланысты қалыптасатын төтенше жағыдайларда жұмыс істеуге дайындығы жаман емес.
Ауылдық округтегі көшелерді түнгі мезгілде жарықтандыру мақсатындағы 22 көше шамдарының саны 40 ұлғайтылды. Ауыл көшелеріне әлі 12 жерден шам қою жоспарымызда бар. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы толығымен уақытында игерілу үстінде.
Өздеріңізге мәлім биылғы жылы Елбасының Жарлығына сәйкес тамыз айында ауылдық округі әкімдері 4 жылдық мерзімге сайланып отыр. Біздің округтен бағымды сынап үміткер ретінде өзімнің кандидатурамды ұсындым. Ауыл тұрғындары қолдап, мәслихат депутаттары ауылдық округке әкімдікке сайлады. Сенімдеріңізге көп рахмет, үміттеріңізді ақтауға бар күш-жігерімді саламын. Сонымен бірге, өздеріңізбен қоян-қолтық жұмыс істеп, алдағы уақытта ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында төмендегідей іс-қимылдар атқармақ ойдамын.
Олар: Ақши ауылындағы орта мектеп жанына шағын бала бақшасын ашқызу, спорт залын салғызу;
Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіштегі жазбаларды мемлекеттік тілде қайта жазғызу;
Ұзынбұлақ ауылында ветеринарлық пунктке лайықты ғимарат тауып, ашу;
Осы ауылда шағын спорт алаңын салғызу және алдағы уақыттарда округті ұялы телефон байланысына қосу;
Округтегі екі ауылдың қатты тұрмыстық қалдықтар орнындарын және мал өлекселерін залалсыздандырып, көму орындарына жер телімдерін заңдастырып, орналастыру;
Округтегі 2 орта мектептің барлық есік терезелерін заманауи өнімдермен алмастыру, ішіндегі электр қуаты жүйесіне жөндеулер жүргізу назарымызда бар;
Ауыл тұрғындарына орталықтағы су құбырынан ауыз суды үйлеріне кіргізу жұмыстарын ұйымдастыру.
Ауылдық округтегі екі ауылда синтетикалық жамылғылы футбол алаңын ашу.
Құрметті ағайын ! Ел үмітін арқалап, жергілікті басқару орнына келгеніме көп уақыт бола қойған жоқ, сондықтан халқымыздың мақалы «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бір-бірімізді қолдап, өздеріңізбен бірге ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын арттыруға жұмыс жасаймыз деп сенемін. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!
Ұзынбұлақ ауылдық
округінің әкімі А. Мұқанов
Достарыңызбен бөлісу: |