«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н. Хомский. Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш –жігердің болуы. Құзыреттілік
Тұлғаның өсуі мен қалыптасуы өмір сүру ортасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесін қазақ халқы өзекті мәселе ретінде қарастырып бағалаған.
Қазіргі кезеңдегі информатика пәнінің мұғалімінің міндеті – жас буынды жан-жақты дамыту, қиялы жүйрік тұлға ретінде баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Информатика пәнін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет.