3. Мүбәрак Жаманбалиновтың «Күркіреді күн» өлеңдегі қос сөздер мен еліктеуіш сөздерінің көркемдік қызметін атаңыз. Өлеңнің идеясын айқындаңыз.
Күркіреді күн, күн,
Терезелер шың-шың.
Жауды жаңбыр топ-топ,
Шелек-шелек көп-көп.
Жон арқанды тос-тос
Күнбағыс, тез өс, өс!
Шағын ғана өлең шымыр өрілуімен қоса, бүлдіршіндердің көкейінде тез жаттап қалуымен, ықшамдылық сипатымен ерекшеленеді. Өлеңдегі қос сөздер мен еліктеуіш сөздерінің қолданысы бала эмоциясына әсер етерлік мәні бар. Күннің күркіреуі, терезелердің тың-тың соғуы, жаңбырдың топ-топ жаууы – дыбыс ерекшелігі болса, «күнбағыс өс, өс» деуі де бала назарын жауыннан кейін өсімдіктердің тез өсуіне аудартады. Өлеңдегі күн-күн, тың-тың, топ-топ, көп-көп, тос-тос, өс-өс сөздері өлеңге әсерліұйқас берумен қоса, әуезділікті арттыра түскен. Бүлдіршіндердің тілін сындырып, жаттықтыруға ықпалы бар, әрі жаттауға да жеңіл, тілге орамды.
Өлеңнің негізгі идеясыжаңбырдың жаууын, күннің күркіреуін әдемі суреттеп бейнелеу арқылы балаларға табиғаттың әртүрлі құбылыстарын таныту.
Достарыңызбен бөлісу: |