Секторды дамытудың негізгі бағыттары Биотехнология саласын тиімді және сапалы дамыту мақсатында төмендегі шаралар іске асырылатын болады:
әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау үшін геномды технологияларды пайдалану негізінде жаңа тест‑жүйелерін құру;
генно-инженерлік рекомбинантты субстанциялар негізінде өзіндік дәрілік препараттар технологиясы мен өнеркәсіптік өндірісті әзірлеу;
мүшелерді трансплантациялау, стволдық клеткалар, ұзақ өмір сүру медицинасы және оларды регенеративті медицина мен клеткалы терапияда қолданудың әдіснамалық негізін әзірлеу жөніндегі орталық құру;
өндірістік тәжірибенің халықаралық стандарттарына сәйкес (GMP) диагностикум мен вакцина шығару бойынша өдіріс құру;
ұйытқы, тамақ белогын, аминокислоттар, ферменттер, биоконсерванттар шығару бойынша микроорганизм мен биотехнологиялық өндірісінің коллекциясын құру;
ауыл шаруашылығына арналған өсімдіктердің жоғары құнарлы, бәсекеге қабілетті сорттарын шығару;
өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғайтын экологиялық таза биологиялық әдістерін әзірлеу;
мұнай өнімдерімен ластанған топырақтық және су экожүйесін биоремедиациялау мақсатында пайдалану үшін микроорганизм штаммдары консорциумын құру;
өсімдік‑гипераккумуляторларды пайдалану негізінде ауыр металдар және пестицидтармен ластанған топырақты фиторемедиациялау әдістерін әзірлеу;