Оксидоредуктаза — организмдегі көптеген тотығу-тотықсызда-ну реакцияларын катализдеуші фермент. Биологиялық тотығудын кептеген жағдайларында тотығатын заттардан сутегін бөліп шығару процесі жүзеге асады, сондықтан бұл ферменттер дегидрогеназа ферменттері деген атқа ие болды.
Дегидрогеназа ферментінің екі класс тармағы бар. Анаэробты дегидрогеназа ферменті сутегін субстраттан бөліп алу реакциясын және оны акцепторға беру процесін жүзеге асырады. Субстраттан алынған сутекті олар оттегіне емес, басқа затқа — акцепторға бере-
тіндіктен, дегидрогеназаның бұл класс тармағы анаэробты класс тармағы деп аталған. Бұл — молекулалары белок пен активті топ-тан немесе косубстраттан тұратын екі компонентті ферменттер. Никотинамидадениндинуклеотид (қысқартып айтқанда NАD+) немесе никотинамидадениндинуклеотидфосфат NАD+ анаэробты дегидрогеназаньвд косубстраттары болып саналады. NАD+ мен NАD+ фосфор қышқылының қалдығы арқылы өзара байланыс-қан динуклеотидтер болып табылады. Бір нуклеотидтің құрамында никотинамид және рибоза, ал екінші нуклеотидтің құрамында аде-нин және рибоза болады. NАD+-ның NАD+-ден айырмашылығы мынада: ондағы рибоза құрамындағы екінші көміртектің жанында тағы да бір фосфор қышқылының қалдығы болады.
никотинамидадениндинуклеотид (NАD")
Бұл косубстраттардың мынадай ерекшеліктері бар: олар белокты бөлімнен онай ажырайды да, басқа дегидрогеназаларға көшеді. Анаэробты дегидрогеназаның талдаушылығы жоғары. Мысалы, алкогольдегидрогеназа этил спиртін ғана тотықтырады, басқа субстраттарға әсер етпейді. Малатдегидрогеназа сүт қышқылын қымыздық сірке қышқылына дейін тотықтырады. Субстраттан бөліп шығаратын сутекті олар аэробты дегидрогеназаға береді.
Аэробты дегидрогеназа анаэробты дегидрогеназаға қарағанда ауа оттегімен өзара әрекеттесіп, оған субстраттан немесе анаэробты дегидрогеназадан қабылданған сутегін береді. Олардың активті тобының құрамында рибофлавин (В2 витамині) туындылары бола-ды, сондықтан олар флавинді ферменттер деп те аталады. Аэробты дегидрогеназаның активті тобы көбінесе флавинмононуклеотид (ҒМN) немесе флавинадениндинуклеотид (ҒАd) болып табылады. ҒМN-нің құрамында бес көміртекті рибит спиртімен және фосфор кышқылының қалдығымен байланысқан диметилизоаллоксазин болады.
Флавинадениндинуклеотидтіқ қүрамына диметилизоаллоксазин, рибит, фосфор қышқылының екі қалдығы, рибоза мен аденин кіре-ді, яғни бұл — динуклеотид.
Флавинді ферменттердің кейбіреулері ғана қабылданған сутегін тікелей ауа оттегіне бере алады. Олароксидаза деп аталады:
лактатоксидаза (1.1.3.2), альдегидоксидаза (1.2.3.1), аспартатоксидаза (1.4.3.1), аскорбинатоксидаза (1.10.3.3) және т. б. Сутегін субстраттан бөліп алып, ауа оттегіне берер жолында олардың көпшілігі аралық тасымалдаушылардың тағы бір тобы — цитохромдарға кездеседі. Цитохромдық система электрондарды тасымалдайды және цитохромдар мен цитохромоксидаза (1.9.3.1) ферментінен тұрады. Клеткада 20-ға жуық цитохромдар белгілі. Цитохромдардың активті тобы темірді порфирин болып табылады. Электронды тасымалдау қабілеті бұған кіретін темір атомының айнымалы валенттілігінің арқасында жүзеге асады.
Ғе3+ + е---Ғе2+
Цитохромдар аэробты дегидрогеназа тасымалдайтын сутектен электронды бөліп алады, бұдан соң сутек атомдары протондар кү-йінде ортада қалады, ал электрон цитохромдар тізбектері бойымен тасымалданады. Цитохромдардың осы қатары арқылы өте отырып, электрон цитохромоксидаза ферментіне беріледі, бұл фермент оны тікелей ауа оттегіне жеткізеді. Электронды қабылдап алған оттек ионданып, сутек иондарымен су түзе отырып әрекеттеседі.
2Н+.+ О2-—*Н2О
Клеткадағы органикалық заттың тотығуы тұтасымен алғанда осылайша өтеді. Бөлінетін сутек пен электронның дегидрогеназалар тізбегі бойымен берілу жолын мынадай схема бойынша көрсетуге болады:
2) NАD-Н + Н+ + ҒАD—FAD+ + ҒАD-Н2;
3) ҒАD • Н2 + 2 цитохром---ҒАD + 2 ците - + 2 Н+;
Достарыңызбен бөлісу: |