Зиянды заттардың гигиеналық нормалау


Зиянды заттардан қорғану шаралары және олардың концентрациясын анықтау аспаптары



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі27,4 Kb.
#77660
1   2   3
Байланысты:
7-лекция

Зиянды заттардан қорғану шаралары және олардың концентрациясын анықтау аспаптары
Өндірісте адамдардың кәсіби уланудан алдын алу бағыты болып келесі шараларды жатқызуға болады;
-зиянды технологиялық прогрестерді комплексті механикаландыру және автоматтандыру;
-жаңа технологияларды жетілдіру кезінде зиянды заттарды барынша пайдаланбау, зиянды заттарды зиянсыз заттармен ауыстыру. Мысалы, қазіргі кезде қауіпті еріткіш бензол көп процестерде метан және этан топтарының фторорганикалық біріктіргіштерімен ауыстырылған; деталдарды және қондырғыларды майсыздандыру үшін органикалық еріткіштердің орнына сулы жуатын ерітінді қолданылады;
-қондырғылардың жақсы герматикасын қамтамасыз ету. Мысалы: процестерді вакуммда жүргізу; ескірген қондырғыларды прогрессивті қондырғылармен ауыстыру; технологиялық қондырғыларына уақытында және сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу
-шаң шығаратын материалдарды өңдеген кезде сұйық заттарды пайдалану;
-өндіріс бөлмелерінде табиғи және жасанды желдету ұйымдастыру. Әр түрлі шаң тазартқыштарды пайдалану ( циликон, фильтр т.б.);
-зиянды заттармен жұмыс істейтін адамдарды сүт немесе емдеу-прафилактикалық тағамдармен қамтамасыз ету;
-жеке қорғану құралдарын пайдалану.
Кейінгі кездерде арнайы киімдерді жасау үшін көптеген жаңа материалдар шығарылды. Олар синтетикалық және аралас талшықтардан, мұнай-қышқылдарға төзімді жасанды былғарыдан т.б. материалдардан жасалынып шығарылған.
Арнайы аяқ киімдер жұмыскерлерді механикалық жарақаттардан, химиялық және жылулық күйіктерден, жоғары және төмен температурадан, шаңнан, дымқылдан және ластайтын заттардан қорғауға арналады. Олар былайша бөлінеді: етіктер, жартылай етіктер, бәтеңкелер, жартылай бәтеңкелер, туфли, ботылар, бахилалар.
Өндірісте, сонымен қатар зиянды өндірістік факторлардан қолды қорғайтын құралдар кеңінен таралған. Оларға биялай, қолғап, паста және маздар жатады.
Шаңнан, спирттең, қышқылдың, сілтінің шашырауынан және басқа химиялық заттардн көзді қорғау үшін арнайы көзілдіріктер бар. Олар ашық және жабық типте болады.
Жұмыс зоналарында пайда болатын зиянды заттардың концентрациясын бақылау олардың қауіптілік класына байланысты жүргізіледі:
-1 кластың зиянды заттарына – 10 күнде бір рет;
-2 кластың зиянды заттарына – бір айда бір рет;
-3 және ң кластың зиянды заттарына – тоқсанда бір рет.
Зиянды заттардың мөлшерін газ немесе универсалды анализаторлармен ( ΙʹΧ және УΙʹ) жедел әдіс арқылы өлшейді.
адам көздерін шаршатады. Бұл жағымсыз жағдайлар да адамға зақымдану қаупін туғызып, сәтсіз оқиғаға әкеліп соғуы мүмкін. Сол себепті өндірісте, жұмыс орындарында қолайлы орнатылған жарық маңызды деп есептеледі.
Жарық сәулелері адам организміне жақсы әсер етеді – пульсының жиілігін өзгертіп, жалпы невр-психикалық жағдайын жақсартады. 10-340000 нм жарық сәулелері электромагниттік сәулелерінің бөлігі болып оптикалық спектр деп аталады. Олар толқындарының ұзындылығына байланысты келесі сәулелерге бөлінеді: 380 - 10 нм дейін – ультракүлгін, 770-380 нм дейін – көрінетін, 340000-770 нм – инфрақызыл.
Жарықтың сапалық көрсеткіштеріне жарық ағыны (Ф), жарық күші (I), жарықтылық (Е), жарықтық (L) жатады.
1.Жарық сәулесінің қуатын жарық ағыны (Ф) деп атайды. Жарық ағынының өлшем бірлігі болып мемлекеттік жарық эталонымен анықталған люмен лм саналады.
2. Әр бағытта жарық ағынының қарқындылығын сипаттау үшін оның кеңістік тығыздығы деген көрсеткіші қолданады. Ол көрсеткіш жарық күші (І) жарық күшінің өлшем бірлігі кандела (кд) болады. Жарық күші деп жарық ағыны мен оны тарататын кеңістік бұрышының қатынасын айтады:
(7)
Кеңістік бұрыш мына формуламен анықталады:
, ср. (8)
Мұндағы S – 1жарықталған беттің ауданы
– 1м ауданның радиусы.
Денелік бұрыштың өлшем бірлігі стерадиан (ср) болып есептеледі.
3. Жарықтылық (Е) деп біркелкі болып таралған жарық ағынының жарықталған беттің ауданына қатынасын айтады:
(9)
Жарықтылық өлшем бірлігін люкс (лк) деп атайды.
4. Жарықтық деп берілген бағыттағы жарық күшінің жарқыраған беттің ауданына қатынасын айтады
(10)
Мұндағы: ρ – шағылу бетінің коэффициенті.
Жарықтылық өлшем бірлігі болады.
5. Шағылу коэффициенті беттен шағылған жарық ағыны мен сол бетке түскен жарық ағынының қатынасына тең болады:
(11)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет