Зкт: Ой ұшқырлығы мен шапшаңдық сыналатын ойын. Алматы облысында білімді сынауға негізделген iq doda ойыны басталды. Ойын Қонаев қаласында орналасқан Виктория қонақүйінің ауласында өтті
ЗКТ: Ой ұшқырлығы мен шапшаңдық сыналатын ойын. Алматы облысында білімді сынауға негізделген IQ Doda ойыны басталды. Ойын
Қонаев қаласында орналасқан Виктория қонақүйінің ауласында өтті. Ойынға әр облыстан және 3 қаладан келген 16 команда қатысты. Басты шарт барлық қатысушылардың жасы 18-ден жоғары және команда мүшелері 4 адамнан аспауы керек. Қазақ және орыс тілдерінде өткен ойында әртүрлі салаларға қатысты сұрақтар қойылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл зияткерлік ойын қазіргі заманның жаңа шарттарына сәйкес зияткерлікті дамыту және адами, ой ұшқырлығы әлеуетінің қалыптасуына ықпал ету
мақсатында ұйымдастырыпты. Айта кетейік жарыс екі күнге созылады. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз команда 500 000 теңге көлеміндегі сыйлыққа ие болады.