• Жаңа экономикалық саясаттың белгілері



Дата11.05.2022
өлшемі14,96 Kb.
#142585
Байланысты:
Ққзт 17 сұрақ


17 сұрақ. ЖЭС-ке көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері, мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).
РКП(б)- ның 10 съезінде 1921 жылы наурыз айында Жаңа экономикалық саясат қабылданды,яғни «Әскери коммунизм» саясатынан осы ЖЭС-қа көшуді жөн көрді.ЖЭС - Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет болып табылады.
• Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:
- Азық-түлік салығының енгізілуі.
- Сауда еркіндігі.
- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні-салғыртты салықпен ауыстыру болды.
Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия
конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа
экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды
ЖЭС кезіндегі өнеркәсіптегі өзгерістер:
Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды.
1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді.
•Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді.
•Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.
2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.
3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті.
Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті.
ЖЭС кезіндегі ауыл шаруашылығындағы өзгерістер:
•Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда)
•Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.
•Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.
•1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.
•Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.
•Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.
•Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.
•Жерді жалға беруге рұқсат берілді.
•Несие берілетін болды.
•Жер-су реформасы жүргізілді
•«Қосшы Одағы» құрылды.
•Жер реформасы жүргізілді
•1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.
Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.
ЖЭС кезіндегі саудадағы өзгерістер:
• 1921 жылы 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылдады;
• Айырбас жасауға рұқсат етілді;
• Жәрмеңкелер ашыла бастады. Мысалы, Ақмола губерниясында «Атбасар» жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл», «Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды. Қазақ жерінде барлығы
- 7 өлкелік
- 13 губерниялық
- 75 жергілікті жәрмеңке ашылған болатын.
Басты жәрмеңкелер:
1) Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл.
2) Ақмола губерниясында – Атбасар.
3) Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.
4) Бөкей ордасында – Орда.
Өлкеде тұтыну кооперациясы кеңінен дамыды.
• Жеке саудаға рұқсат етілді.
ЖЭС-тің қиындықтары мен зардаптары:
- 1921–1922 жылдардағы ашаршылық,
- ауа райының қуаңшылығына байланысты астық шықпай қалып, елді аштық жайлады.
- 1921–1922 жылдары Қазақстан халқының 1/3 бөлігі осы аштық қасіретін бастан кешірді. 1921 жылдары ашыққан адамдардың саны – 1 млн. 508 мың адамды құраса, 1922 жылдары олардың саны 2 млн. 303200 адамды құраған.Аштық әсіресе Қазақстанның Батыс аймағын қамтыды,1922 ж. маусымда 82 % қамтыды.Ал астық мол шыққан Семей, Ақмола губернияларында жиналған астықтың 80% орталыққа әкетілді. Қазақстан Ресейдің Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратов өлкелерінің ашығушыларына көмек көрсетті.
- Кеңес өкіметі кеш те болса, ашыққан аудандарға көмек көрсетті. 1922 жылы егістікке себілген дәннің 60% Кеңес өкіметі берген болса, сонымен қатар ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом қаржы бөлінді.
- Түркістан ашыққан Ресей өлкелеріне астық беріп қана қоймай, 20 мыңға жуық ашығушыларды өз еліне паналатты. Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халықтарға 14 вагон балық жіберді.
- 1921–1922 жылғы аштықтың салдарынан Ақтөбе, Қостанай, Орал, Орынбор, Торғай губерниялары тұрғындарының 1/3-нен айырылды. 700 мыңнан астам халық туған жерін тастап көршілес аймақтарға көшіп кетті.
ЖЭС – тің жалпы қорытындылары:
•Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.
•Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.
•Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді.
•Өнеркәсіп артта қалды, дамымады.
•Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды.
•Саяси өмірде демократия бұрмаланды.
•Еркіндік мүлде болмады.
•1921-1922 жылдардағы ашаршылық__

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет