• Ретардация (тежелген даму) барлық психикалық немесе жеке компоненттер дамуының кешігуі немесе тоқтап қалуы



Дата02.01.2022
өлшемі17,84 Kb.
#107847
Байланысты:
14 апта Мшб

1927 жылы Швабье алғаш рет ағза құрылымының құрсақтағы кезіндегі қалыптасу ауытқуларын белгілеу үшін «дизонтогенез» терминін қолданды. Кейінірек, бұл терминмен онтогенездегі түрлі бұзылулар, оның ішінде, ағзаның морфологиялық жүйелері жетілмеген, өте ерте постанатальды кезеңдегі бұзылулар аталатын болды. Бұған дейін, арнайы психология мен арнайы педагогикада, ұзақ уақытқа дейін «даму аномалиясы», яғни даму ауытқуы деген термин қолданылып келді, дефектологияның пайда болу кезеңінде, «дефективті балалар», яғни кеміс балалар термині қолданылды. Соңғы жылдары бүкіл əлемде дамуында кемістігі бар балаларды атайтын ізгілік термині қарастырылды. Бұл кең таралған, бірақ нақтыланбаған терминдер болатын: «қауіп тобындағы балалар», «ерекше қажеттіліктері бар балалар», «білім алуда спецификалық қажеттіліктері бар балалар», «нашар бейімделгіш балалар», «ерекше құқыққа ие балалар», «мүмкіндігі шектеулі балалар».

«Ауытқулы дамудың алғашқы ғылыми технологияларының бірі ретінде, Л.С.Выготский ұсынған классификацияны атауға болады. Ол негізгі үш кемістік: қабылдаушы мүшелердің жетілмеуі немесе зақымдануы (соқырлық, саңыраулық, соқыр-саңыраулық), жауап беруші аппараттың кемшілігі немесе зақымдануы (мүгедек), орталық жүйке жүйесінің кемістігі немесе зақымдануы (ақыл-ойдың кемдігі). Қазіргі кездегі психикалық дизонтогенез түрлерінің кең таралған классификациясы, В.В.Лебединский ұсынған дизонтогенез классификациясы, Л.С.Выготский, Г.Е.Сухарева, В.В.Ковалев, Л.Каннер сияқты ғалымдардың зерттеулері негізінде жасалған:

• Ретардация (тежелген даму) – барлық психикалық немесе жеке компоненттер дамуының кешігуі немесе тоқтап қалуы;

• Жетілу дисфункциясы орталық жүйке жүйесінің морфофункциональды жасқа сай жетілмеумен жəне жетілмеген ми құрылымдары мен қызметінің, сыртқы ортадан келетін зиянды факторлармен қзара əрекетімен байланысы;

• Зақымданған даму – қандай да бір анализаторлық жүйенің немесе ми құрылымының жеке зақымдануы;

• Асинхрония (бұрмаланған даму) – бір қызметтердің ерте жетілуі, келесі бір қызметтердің керісінше кеш жетілу қарқынынан көрінетін, диспропорциональды психикалық даму.

В.В.Лебединскийдің психикалық дизонтогенезді классификациялауы келесі нұсқаларға бөлінеді:

I топқа ретардация типіндегі ауытқулар мен жетілу дисфункциясы жатады:

Жетілмей қалу – мидың ерте кезеңдегі, органикалық зақымдануы нəтижесінде барлық қызметтер дамуындағы жалпы жетіспеушілік (ең алдымен – үлкен жартышарлар қабығында). Зақымданудың тегі тұқым қуалауы мүмкін (эндогендік) немесе құрсақтағы кезеңде, туу кезінде, ерте жаста əсер ететін сыртқы (экзогендік) факторлар нəтижесінде болуы мүмкін. Жетілмей қалудың көрнекті мысалы ретінде, ақыл-ойдың кемдігінің кең таралған түрі – олигофренияны алуға болады.

Тежелген даму – танымдық жəне эмоционалды салалардың қалыптасу қарқынының баяулығы, ерте жас кезеңдеріндегі деңгейде уақытша тұрақтап қалуы. Тежелген психикалық даму, генетикалық факторлардың, ұзақ уақыттық науқастардың тəрбиедегі жағымсыз жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін.

Сонымен қатар, инфантилизмнің түрлі формаларында көрінеді.

II топқа зақымдану типіндегі ауытқулар жатады:

Зақымданған дамуға органикалық деменцияны жатқызуға болады: ерте сəбилік кезеңде немесе 3 жастан кейін болған мидың аумақты жарақаттары, нейроинфекциялар, тұқым қуалайтын дегенеративті аурулар салдарынан психикалық дамудағы зақымданулар түрінде кездеседі. Көптеген жағдайда органикалық деменция прогрессивті сипатқа ие.



Дефицитарлық даму жеке анализаторлық жүйесінің ауыр зақымдануларымен байланысты: көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты. Анализаторлардың бірінші кемістігі, психикалық дамуды тұтас тежейтін қызметтердің жетілмей қалуына əкеп соғады. Осылайша, көру қабілетінің зақымдануы, сөйлеу мен əрекет арасындағы координацияның жетілмеуін туғызады. Баланың психикалық дамуын болжау белгілі бір қызметтің зақымдану тереңдігіне байланысты. Бірақ, зияткерлік саланың басқа сенсорлық жəне реттегіш жүйелердің сақталуы шешуші рөл атқарады.

III топқа асинхрония типіндегі жəне эмоциональды-ерікті саланың бұзылуындағы ауытқулар жатады:



Бұрмаланған дамужалпы жетілмеу, тежелген, зақымданған даму жəне тез даму күйлерінің күрделі түрде қабаттасқан əр түрлі нұсқалары. Бұрмаланған дамудың себептері, кейбір əрекетті тұқым қуалаушылық аурулар, мысалы, шизофрения, туа біткен зат алмасу үдерісінің кемшілігі болып саналады.Оның анағұрлым көрнекті нұсқасы – ерте жастағы балалар аутизмі.

Дисгармониялық даму – эмоционалды-ерікті саласының қалыптасуындағы зақымданулармен байланысты. Оған психопатиялар мен тəрбиедегі теріс, қолайсыз жағдай салдарынан пайда болатын жеке тұлғалық даму патологиясы жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет