1. 0,02 рад/сек бұрыштық жылдамдықпен айналатын карусельде тұрған баланың сызықтық жылдамдығының модулі неге тең? Бала айналу өсінен 10 м қашықта тұр



бет1/2
Дата17.10.2019
өлшемі110 Kb.
#50127
  1   2
Байланысты:
9 сынып тест 22.12.14 ж

1-НҰСҚА

1. 0,02 рад/сек бұрыштық жылдамдықпен айналатын карусельде тұрған баланың сызықтық жылдамдығының модулі неге тең? Бала айналу өсінен 10 м қашықта тұр.

А) 0,002 м/с В) 0,2 м/с С) 0,5 м/с D) 0,05 м/с Е) 20 м

2. Автомобиль 3 сағат ішінде 120 км жол жүрді. Автомобильдің жылдамдығы неге тең?

А) 360 км/ сағ..В) 60 км/сағ..С) 40 км/сағ. D) 118 км/сағ.. Е) 242 км/сағ..

3. Автомобильдің жылдамдығы 5 секундта 15 м/с-тан 10 м/с-қа дейін бірқалыпты кемиді. Автомобиль үдеуінің модулі неге тең?

А)1 м/с² В) 2 м/с² С) 3 м/с² D) 5 м/с² Е) 7 м/с²

4. Жолдың әрбір АБ, БС және СД бөлігін автомобиль 1мин ішінде жүріп өтеді. Жолдың қандай бөлігінде жылдамдық ең үлкен және ең кіші мәндерге ие болады?


А) АВ және ВС В) ВС және СД С) АВ және СД

D) АС және ВС Е) АС және СД

5. Материалдық нүктенің қозғалысы х═2t+5t² теңдеуімен берілген.

Нүктенің қозғалысының бастапқы жылдамдығы қандай?

А) 0 В) 2 м/с С) 1 м/с D) 4м/с Е) 6м/с

6. Материялық нүкте, ол:

А) Массасы өте аз дене.

В) Дененің кеңістіктегі орнын көрсететін геометриялық нүкте.

С) Мөлшері өте кішкентай дене.

D)Берілген есептегі шарттарда мөлшерін ескермеуге

болатын дене

Е) Берілген физикалық есептердің шарттарында массасы мен

мөлшерін ескермеуге болатын дене.

7. Үдеудің өлшем бірлігін көрсетіңдер:

А) м³/с В) м²/с С) м/с² D) м·с² Е) м/с³

8. Дене белгілі биіктіктен еркін құлайды. Жерге түсер алдындағы дененің жылдамдығы 30м/с . Дене қанша уақытта жерге құлаған? (g=10м/с²)

А) 18с В) 22,5с С) 9с D) 3с Е) 45с

9. Дененің қозғалу жылдамдығының Х және У осьтеріне проекциялары υ ═4 м/с және υ ═3 м/с. Дене жылдамдығының модулін анықтаңыз.

А) 3,5 м/с В) 7 м/с С) 1 м/с D) 5 м/с Е) 5м/с.

10. Дененің орын ауыстыруы дегеніміз не?

А) Бастапқы және соңғы нүктелерін қосатын бағытталған түзу

В) Денеің жүріп өткен жолы

С) Дене қозғалған троекторияның ұзындығы

D) Дененің бастапқы және нүктелерін қосатын кесінді

Е) Дененің жүріп өткен қашықтығы

11. Дене белгілі биіктіктен 5 м/с жылдамдықпен тік төмен лақтырылған. Осы дененің жылдамдығының уақытқа тәуелділік теңдеуі қандай?

А) υ=5t². В)υ=5+10t. С) υ=5t+10 D) υ=10t. Е) υ=5t.

12. Жылдамдығы 54км/сағ, автомобиль, радиусы 100м айналыс жолмен қозғалып келеді. Автомобильдің центрге тартқыш үдеуінің шамасы неге тең?

А) 22,5 м/с² В)2,25 м/с² С) 0,54 км/с² D) 1,5 м/с² Е) 5,4 км/с²

13. Суретте бес дененің жылдамдық модульдерының уақытқа тәуелділік графиктері көрсетілген. Бірқалыпты кемімелі қозғалысқа қай график сәйкес келеді?

А) 1 В) 2 С) D) 4 Е)*5
14. Жерден горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясының ең жоғарғы нүктесінде үдеу қалай бағытталған? (Ауамен үйкелісті ескермегенде)

А) g, жоғары бағытталған В)g, төмен бағытталған

С) g, бағыты жылдамдық векторының бағытымен сәйкес

D) g═0 Е) g, траектория бағытымен

15. Дене қозғалысты бастаған соң 6 секундта 27 м жол жүрсе, қандай үдеумен қозғалып бара жатыр?

А) 3 м/с² В) 6 м/с² С)1,5 м/с² D) 4 м/с² Е) 12 м/с²

16. 245 м биікте қозғалмай тұрған тікұшақтан тасталған жүк қанша уақыттан кейін жерге түседі? Ауаның кдергісін ескермеуге болады. (g═10 м\с²)

А) 10с В)7с С) 50с D) 5с Е) 75с

17. Бірқалыпты үдемелі қозғалған автомобильдің жылдамдығы 10секундта 5м/с-тан 9м/с-қа дейін өзгерген. Автомобильдің жүрген жолын анықтаңыз.

А) 140м В) 90м С)70м D) 50м Е) 40м

18. Автомобиль жүрілген жодың жартысын υ ═60 км\сағ, екіншісі жартысын υ═40 км\сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығы

А) 50м/с В) 20м/с С) 48м/с D)100м/с Е) 1,5м/с 19. Катер өзен ағысы бойымен жүзе отырып 150 км жолды 2 сағат ішінде жүзіп өтті, ал өзен ағысына қарсы – 3 сағат ішінде. Тұрғын суда катердің жылдамдығын анықта (км/сағ..).

А) 31,2 В) 46,8 С) 15,6 D)62,5 Е) 12

20. Бір-біріне 60° бұрышпен бағытталған екі қозғалыстың жылдамдығы 6 м/с және 4м/с. Қозға-лыстың қорытынды жылдамдығын анықтаңыз. (sin60°═0.87, cos60°═0.5 мәндерін пайдаланыңыз.)

А) 7,7м/с В)8,7м/с С) 5м/с D) 10м/с Е) 12,6м/с

2-НҰСҚА.

1. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс ... сипатталады.

А) Дененің орын ауыстыруымен В) Дененің жүрген жолымен

С)Жылдамдықпен D)Үдеумен Е)Траекториямен

2. Велосипедші 150 м жолды 1,5 м/с жылдамдықпен жүрген. Осы ара қашықтықты велосипедші қанша уақытта жүріп өтеді?

А) 45с В)100с. С) 4,5с D) 10с Е) 450с.

3. Дененің айналу периоды 10секундқа тең. Оның бұрыштық жылдамдығын анықта:

А) 62,8 рад/с В)0,628рад/с С) 6,28рад/с D) 1,57рад/с Е) 15,7рад/с

4. Нүктенің кинематикалық теңдеуі х = 5t + 20 болса, бұл нүкте қалай қозғалады ?

А) Үдемелі В)Бірқалыпты С) Бірқалыпты үдемелі

D) Бірқалыпты кемімелі Е) Бірқалыпты шеңбер бойымен

5. Дене 10 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған. Дене жерге қандай жылдамдықпен қайта түседі?

А) 1,5 м/с В) 5 м/с С) 7,5 м/с D)10 м/с Е) 3м/с

6. Тыныштық күйден қозғалысты бастаған автомобиль 6с ішінде 36м/с шамаға дейін жылдамдықты арттырады. Автомобильдін үдеуі

А) 0,5м/с² В) 36м/с² С)6м/с² D) 0,1м/с² Е) 30м/с²

7. Келтірілген мысалдардың қайсысында дененің қозғалысы материалдық нүктенің қозғалысы деп қарастыруға болмайды?

А) Күнді айнала қозғалатын Жердің қозғалысы

В) Жерді айнала қозғалатын спутниктің қозғалысы

С) Алматыдан Мәскеуге қарай ұшқан ұшақтың қозғалысы

D)Станокта бөлшектің өнделу барысындағы қозғалысы

Е) Жермен салыстырғандағы жұлдыздардың қозғалысы

8. Дененің қозғалыс жылдамдығының өзгеру шапшаңдығы қандай физикалық шамамен сипатталады ?

А)Үдеумен D) Қозғалыс уақытымен В) Центрге тартқыш үдеумен

С) Күш импульсімен Е) Қашықтықпен

9. Центрге тартқыш үдеудін есептеу формуласы

А) а=υ·R² В) а=υ²/2S С)а=υ²/R D) а=υ/R² Е) а=υ²/R²

10. Доп жерден жоғары 7м/с жылдамдықпен лақтырылған. Оның жерден көтеру биіктігі уақытқа байланысты қандай теңдеумен берілген?

А) һ═7t+10t В) һ═7t С) һ═7t+5t² D)һ═7t-5t² Е) һ═7t-2t²

11. Материалдық нүктенің қозғалысының теңдеуі: s=4t2+6. Нүктенің қозғалыс үдеуі

А)8м/с2; В) 0; С) 2м/с2; D) 4м/с2; Е) -2м/с2.

12. Кішкене шар тыныштық күйден көлбеу науаның бойымен домалап, алғашқы 1 с ішінде 10 см жол жүреді. Ол 3 с ішінде қандай жол жүреді?

А) 45см В) 9см С) 0,9см D) 900см Е)90см

13. Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене қандай траекториямен қозғалады? (Ауаның кедергісін ескермеңіз)

А) түзу бойымен В) гипербола бойымен

С)тармақтары төмен бағытталған парабола бойымен

D) тармақтары жоғары бағытталған парабола бойымен

Е) парабола

14. Дене еркін құлағаннан кейін 10с соң қандай жылдамдықпен қозғалады? Бастапқы жыдамдығы нольге тең, g═10 м\с².

А) 250м/с В) 125м/с С) 50м/с D) 2м/с Е)100м/с

15. Вертолет горизонталь бағытта түзу сызық бойымен 40км ұшып, 90º бұрыш жасап бұрылып, тағы 30км ұшты. Вертолеттің жолын және орын ауыстыруын табыңдар.

А) 71км, 56км В) 54км, 45км С)70км, 50км D) 70км, 40км Е) 75км, 45км

16. Жүзгіш өзеннің бағытымен жүзіп келеді. Оның сумен салыстырғандағы жылдамдығы 1,5 м/с, ал судың жылдамдығы 0,5 м/с болса, онда жүзгіштің жағамен салыстырғандағы жылдамдығы

А) 3,5м/с В) 1м/с С) 1,5м/с D) 2м/с Е) 2,5м

17. Дене шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалғанда, жылдамдығы тұрақты болып радиусы 2 есе кемісе центрге тартқыш үдеу қалай өзгереді?

А) 4 есе артады В)2 есе артады С) 2 есе азаяды

D) 4 есе азаяды Е) өзгермейді

18. Жоғары вертикаль лақтырылған дене 8 с соң құлап түсті. Дене қандай биіктікке көтерілген (g═10 м/с²)?

А) 122,5 м В) 64м С) 30,6 м D) 70 м Е) 80 м

19. Поезд жолдың жартысын 60 км/сағ, ал екінші жартысын 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Поездың орташа жылдамдығы неге тең?

А) 45 км/сағ В)40км/сағ С) 42 км/сағ D) 50 км/сағ Е) 60 км/сағ

20.Дене белгілі биіктіктен құлайды. Жерге түсер алдындағы дененің жылдамдығы 30 м/с. Дене қандай биіктіктен құлаған (g =10м/с2).

А) 180 м В) 90 м С)45 м D) 30 м Е) 22,5 м



3-НҰСҚА

1. Төмендегі құбылыстардың қайсысы механикалық құбылыстарға жатады?

А) *Автомаштинаның қозғалысы

В) Жапырақтардың сарғаюы

С) Картоптың бүлінуі

D) Найзағайдың жарқырауы

Е) Судың қайнауы

2. Велосипедші 5 сағ 30 минут іщінде 99 км жол жүрді. Велосипедшінің орташа жылдамдығын табу керек?

А) 1,9км/сағ

В) 19 км/сағ

С) 1,8 км/сағ

D) 18 м/с

Е)*18 км/сағ.

3. Жұмыс күнінің басында троллейбус маршруттық сапарға шықты. Ал кешке троллейбус паркіне оралды. Жұмыс күнінде есептегіштің көрсеткіші 150км-ге артты. Троллейбустың орын ауыстыруы мен жүрілген жолы неге тең?

А)*0; 150км

В)150км; 150км.

С)0; 0км.

D)150км; 0.



Е)300км.
4. Жылдамдықтың анықтамасына сәйкес келетін формуласы

А) υ = υ+ аt

В) υ =


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет