3-нұсқа
1.Адамдар желдің пайдасын ерте заманнан білген. Олар ертеде желді қалай қолданған.
А) желкенді кемені бағыттап, жылдамдығын арттыру үшін пайдаланған.
В) от жағу үшін пайдаланған.
С) ағаш кескенде пайдаланған.
Д) аң аулау үшін пайдаланған.
2. Жылқы немен қоректенеді?
А) етпен В) өсімдікпен
С) жәндіктермен Д) басқа жануарлармен
3.Ұшу аппаратының қайсысымен ұшуға болады?
А) ұшақ В) зымыран
С) дирижабль Д) тікұшақ
4 . Ересек көбелек жұмыртқасын өсімдік жапырағына салады. Бұл жәндік дамуының қай сатысы?
А) бірінші
В) екінші
С) үшінші
Д) төртінші
5. Қазақстанның пайдалы қазбаларының картасын зерделеп, ірі темір кен орындары қай өңірде көбірек шоғырланғанын анықтаңыз.
А) Өскемен В) Қарағанды С) Қостанай Д) Ақтөбе
6. Ауаның ластануын қалай азайтуға болатыны көрсетіңіз.
А) өнеркәсіп объектілерінің қалыпты жұмыс
В) тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жүйесінің болмауы
С) көлік жүргізгенде сапалы жанар-жағармайды пайдалану
Д) көгалдандыру
7. Меруерт бір стақан таза су алды. Ол судың дәмі болмайтынын дәлелдейтін эксперимент
жасап көрмек. Ол мұны қай эксперимент арқылы дәлелдей алады?
А) су бөтелкеге, стақанға, табаққа құю, сонда су ыдыстың пішінін қабылдайды
В) біріне су құйылған және біріне екі бос стақан алып, суды екінші стақанға құю, сұйық су, сондықтан ағады.
С) таза суды ішіп, сосын оған қант салып, қайта ішіп көру
Д) суға май мен топырақ қосып, араластыру
8. Схемаға қараңыз. Шам не себепті жанбай тұр?
А) пластик қасық өткізгіш болып тұр
В) пластик қасық оқшаулағыш болып тұр
С) электр схемасы дұрыс құрылмаған
Д) батарея дұрыс қосылмаған
№9. «Бәйтерек» монументінің құрылысына шамамен 2 190 күн қажет болды. Бір жылда 365 күн барын ескерсек, елордалық ескерткіш қанша жылда салынды?
А) 5
В) 6
С) 4
Д) 7
10. Астана ботаникалық бағы жасыл алабының ауданы 63 га. Осы мәнді шаршы метрмен көрсетіңіз.
А) 63 000 В) 630 000 С) 6 300 000 Д) 6 300
11. Кітап сөресінде фантастикалық әңгімелер, детектив пен комикс жанрындағы кітаптар тұрды. Кестедегі ақпаратқа сүйеніп, дұрыс жауапты анықтаңыз.
Кітап сөресіндегі детективтерге қарағанда фантастикалық әңгімелер жинағының саны көп
Кітап сөресінде комикстерге қарағанда фантастикалық әңгімелер жинағының саны көп
Кітап сөресінде комикстерге қарағанда детектив жанрындағы кітап саны көп
А) Кітап сөресінде 10 фантастикалық әңгімелер жинағы, 7 детектив жанрындағы кітап және 3 комикс болды
В) Кітап сөресінде 7 фантастикалық әңгімелер жинағы, 10 детектив жанрындағы кітап және 3 комикс болды
С) Кітап сөресінде 10 фантастикалық әңгімелер жинағы, 3 детектив жанрындағы кітап және 7 комикс болды
Д) Кітап сөресінде 7 фантастикалық әңгімелер жинағы, 3 детектив жанрындағы кітап және 10 комикс болды
12. Үстелдің әр қырында бір баладан отыр: Дамир, Ернар және Қуаныш. Үстелдің пішіні қандай?
А) үшбұрыш В) шеңбер С) шаршы Д) тіктөртбұрыш
13.Туристік сапарда жүрген әкесі супермаркеттен 26 долларға кітап сатып алды. Ол қандай купюралармен есептесе алады?
А) $20 $6 В) $10 $10 $5 $1 С) $10 $10 $6 Д) $10 $16
14. Дамир 50 беттен тұратын повесть оқып жүр. Бірінші күні ол 15 бет, екінші күні 10 бет оқыды. Дамир екі күнде қанша пайыз оқығанын анықтаңыз.
А) 25 В) 75 С) 100 Д) 50
15.Астана мен Алматы арасы 1240 км. Дамир Астанадан шығарда бензин багын толтырып алды. Ол жолда бірнеше жанармай құю бекетінің жанынан өтті.Ол Алматыға кірер тұста көлігіне тағы жанармай құйдырды. Егер жанармай құю бекеттерінің орташа алғандағы арақашықтығы мен 29 км арасындағы айырма 33км болса, Астана мен Алматы арасында Дамирге қанша жанармай құю бекеті ұшырасқан?
А) 19 В) 21 С) 15 Д) 10
16.Қазақстандағы тоғай бұғысы мен құлан дарақтарының саны қарақұйрықтардан үш есе аз. Егер егер тоғай бұғысының саны 820, ал құлан саны 3 880 дарақ болса, қарақұйрық санын анықтаңыз.
А) 14 100 В) 12 460 С) 6 340 Д) 18 800
17. Жүзуден Олимпиада ойындарын өткізу үшін ұзындығы 25 метрлік 8 жолағы бар бассейн қарастырылған. Егер бассейннің периметрі 86 м болса, іргелес жолақтардың арақашықтығын анықтаңыз.
А) 1 м В) 4 м С) 2 м Д) 3 м
18.Арай дүйсенбіден сәрсенбіге дейін: математикадан аптасына екі рет, ағылшын тілінен аптасына екі рет, шахматтан аптасына екі рет теннистен аптасына бір рет қосымша сабаққа қатысады. Ол дүйсенбіден математика мен ағылшын тілін оқиды. Сейсенбіде оның бір сабағы бар және ол - бейсенбідегі сабақтардың ішкі жиыны.
Сейсенбі және сәрсенбі күнгі сабақ кестесін анықтаңыз.
А) Сейсенбі -ағылшын, сәрсенбі -шахмат пен теннис
В)Сейсенбі -шахмат, сәрсенбі - ағылшын, шахмат және теннис
С)Сейсенбі -ағылшын мен шахмат, сәрсенбі-шахмат пен теннис
Д) Сейсенбі -ағылшын мен шахмат, сәрсенбі - математика, шахмат пен теннис.
19.Дамир, Ернар мен Қуаныш бір уақытта шытырман оқиғалы әңгімені оқып бастады. Үш күн ішінде Дамир, Ернар мен Қуанышқа қарағанда көп бет оқыды. Ал Ернар төрт күн ішінде оқығаны Қуаныштан көп болды. Дамир кітапты 8 күнде, Қуаныш 10 күнде оқып бітірді.
Ернар кітапты неше күнде оқып бітірді?
А) 9 В) 7 С) 8 Д) 10
20. Дегелек әлі пайда болмаған VІІІ ғасырда патшаның хатын жаушылар жаяу жүгіріп отырып жеткізген. Мысалы, бір жаушы 20 км жүгіріп, хатты екінші жаушыға табыстаған.
Ол 24 км жүгіріп, бірінші жаушыға қарағанда жолға 5 минут кем жұмсады.
Ж аушылар хатты керек жеріне қанша уақытта жеткізген?
А) 3 сағат 40 минут
В) 55 минут
С) 30 минут
Д) 25 минут
Достарыңызбен бөлісу: |