1. ﷲاАлла – Оның (Алла Тағаланың) бар екендігі жəне Оның илəһи сипаттарын
білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы əдемі есімін күніне
1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.
2. ُﻦَﻤ ْﺣﱠﺮﻟا Əр-Рахман – Аса қамқор. Оның қамқорлығы Өзі жаратқан бүкіл мақұлықтарына
тиесілі. Қамқоршы Алла Тағала мұсылмандардың, сондай-ақ кəпірлердің өмірлік
қажеттерін өтейді. Алланың бұл есімін зікір еткен адамның ойлау жəне жаттау қабілеті
күшейеді. Сондай-ақ, ол адам қаталдықтан арылады.
3. ُﻢﯿ ِﺣﱠﺮﻟا Əр-Рахим – Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген
жəне ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді
болады. Кімде-кім бұл есімді 100 рет атап жүрсе, қайғы-қасіреттен аман болады.
4. ُﻚِﻠَﻤﻟا Əл-Мəлик – Патша, Ол қалай басқарам десе де Өзі біледі. Оған кеңесші керек
емес. Оған барлығы тəуелді. Мұсылман адам бұл есімді зікір етіп жүрсе, қаржыдан
қысылмайды.
5. ُسوﱡﺪُﻘﻟا Əл-Қуддусу – Қасиетті, Өте пəк, кемшіліктерден пəк жəне адам баласының
ойына келетін пішін-келбеттен тыс.
6. ُمَﻼ ﱠﺴﻟا Ас-Сəлам – Есендік беруші. Жетіспеушіліктерден пəк. Өзінің жаратқан
мақұлықтарына амандық береді. Егер бұл есімді 99 рет оқып, науқасты ұшықтаса,
шипа табады.
7. ُﻦِﻣْﺆُﻤﻟا Əл-Мумин – Қорғаушы, Сенуші. Өзі туралы ұлық кітаптар мен пайғамбарлар
арқылы білдіртеді. Өзінің сүйікті құлдарын қауіп-қатерден сақтайды.
8. ُﻦِﻤْﯿَﻬُﻤﻟا Əл-Мухаймин – Үстем, Қорғаушы. Баршаның үстінде билік жүргізеді жəне бəрі
де Оның иелігінде. Жаратқан мақұлығының үстінен қарап, бақылап тұрады. Кімде-кім
бұл керемет есімді ғұсыл алғаннан кейін екі рəкағат намаз оқып, 100 мəрте шынайы
ықыласпен айтса, Алла Тағала оны рухани тазартады.
9. ُﺰﯾ ِﺰَﻌﻟا Əл-Азиз – Аса зор, Ұлық, Қуатты, зор кеңшілік Иесі. Онымен ешкім теңесе
алмайды. Кімде-кім Алланың бұл көркем есімін таң намазынан кейін 40 рет қайталап
оқыса, Алла Тағала оны қаржы мəселесінде басқалардан тəуелсіз етеді.
10. ُرﺎﱠﺒ َﺠﻟا Əл-Жəббар – Аса өктем. Билік пен қуат Иесі. Нені қаласа, соны кімге де
болсын істете алады.
11. ُﺮﱢﺒَﻜَﺘُﻤﻟا Əл-Мутəкəббир – Паң, ұлылық жəне биіктік Иесі. Кім бұл көркем есімді зікір
етіп жүрсе, халық арасында құрметті болады.
12. ُﻖِﻟﺎ َﺨﻟا Əл-Халиқ – Жаратушы. Мақұлықтарын Өз еркімен жаратады. Ол əр нəрсені
көркем түрде жаратады.
13. ُءى ِرﺎَﺒﻟا Əл-Бари – Жаратушы, жоқтан бар етуші. Жаратқан мақұлықтарына əр түрлі
пішін жəне бейне береді. Алла əрдайым жаратуда. Егер бала таба алмаған əйел 7 күн
ораза ұстап, «Əл-Бари, Əл-Халиқ, Əл-Мусаууир» деп 21 рет айтып суға дем салып
аузын сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Алла Тағалаға дұға етсе, оған
Жаратушы нəресте береді.
14. ُرﱢﻮ َﺼُﻤﻟا Əл-Мусаууир – Келбет беруші. Өзінің қалауымен əрбір жаратқан нəрсесіне
өзгеше келбет жəне əр түрлі пішін береді. Миллиардтаған келбет жаратқан Алла
Тағалаға ешкім теңесе алмайды.
15. ُرﺎﱠﻔَﻐﻟا Əл-Ғаффар – Аса жарылқаушы. Күнə жəне жаман істерді кешіруші. Бұл
дүниеде құлдарының жамандықтарын жасырып, қияметте күнəларын кешіріп,
жарылқайды. Кім осы əдемі есімді жұма намаздан кейін 100 рет қайталаса, оған Алла
Тағала ғафу етеді. Ал кім екінті намазынан кейін «Иə Ғаффар ғфирли» деп айтып
жүрсе, Алла Тағала оны кешірім еткен құлдардың қатарына қосады.
16. ُرﺎﱠﻬَﻘﻟا Əл-Қаһһар – Өте үстем, Қаһарлы. Өзіне қарсыларды қатты азаппен қорлайды,
өлтіреді не болмаса көпшіліктің алдында беделін түсіреді. Оның жазасынан ешкім
аман қалмайды. Дүние сəнін жақсы көретін пенде Алланың бұл есімін қайталап Оған
мойынсұнып жүрсе Алла Тағала ол адамның иманын күшейтеді.
17. ُبﺎﱠﻫ َﻮﻟا Əл-Уаһһаб – Өте жомарт, Береген. Адамдарды Өз нығметтерімен
ризықтандырады. Берем деген нəрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға
жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды.
18. ُقاﱠزﱠﺮﻟا Əр-Раззақ – Ризық, тамақ беруші. Алуан түрлі ризықтарды жаратады жəне сол
ризықтарымен мақұлықтарын ризықтандырады.
19. ُحﺎﱠﺘَﻔﻟا Əл-Фəттах – Жақсылық жасаушы. Асқан мейірімінен құлдарына төгіп беріп,
жақсылық істейді. Шындықты əшкерелеп, өтірікті өрге асырмайды. Кімде-кім өзінің оң
қолын кеудесіне қойып Алла Тағаланың бұл əдемі есімін таң намазынан кейін 70 рет
қайталаса, жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жəй табады.
20. ُﻢﯿِﻠَﻌﻟا Əл-Алим – Бəрін білуші, Терең білім иесі. Ол əр нəрсені толық біледі жəне де
Ол білмейтін ешнəрсе жоқ. Алла Тағала – білушілердің білушісі. Алла Тағала ғайыпты
да, көмескіні де біледі. Кім бұл есімді атап, зікір етіп жүрсе Алла Тағала оған білім мен
даналықтың есіктерін ашады.
21. ُ
ﺾِﺑﺎَﻘﻟا Əл-Қабид – Қысып алушы. Кімге қаласа, ризығын береді, қаласа бермейді. Кім
бұл есімді қайталап айтып жүрсе, аш-зарыққан болмас.
22. ُﻂ ِﺳﺎَﺒﻟا Əл-Басит – Жаюшы. Өз ризық нығметтерін қалаған құлдарына береді.
23. ُ
ﺾِﻓﺎ َﺨﻟا Əл-Хафид – Түсіруші. Алла Тағала кəпірлерді тозақтың түбіне түсіреді жəне
кəпірлерге қайғы, мұң-зар мен азап береді. Кім Алла Тағаланың бұл ғажайып есімін 500
мəрте зікір етсе, Хақ Тағала оның дұғасына жауап береді.
24. ُﻊِﻓاﱠﺮﻟا Əр-Рафиғ – Көтеруші, Биіктетуші. Өзіне жақын құлдардың беделін бұл дүниеде
де, ақыретте де көтереді.
25. ﱡﺰِﻌُﻤﻟا Əл-Муиз – Қуат беруші. Өзінің мүмин құлдарына мықты қуат береді. Олардың
мойынсұнғандары үшін күнəларын кешіріп, жəннатта құрметті орын береді.
26. ﱡلِﺬُﻤﻟا Əл-Музил – Кемсітуші. Кəпірлерді мойынсұнбағандықтары үшін кемсітеді,
оларға «азап үйін» – тозақты дайындайды.
27. ُﻊﯿِﻤ ﱠﺴﻟا Əс-Сəмиғ – Əр нəрсені Есітуші. Əр естілетін дыбыс ғайып айтылса да Оның
есітуінен тыс қалмайды. Ол құпияның бəрін біледі. Оның ести алмайтын нəрсесі жоқ.
Ол T барлық сыбыс, дыбысты естиді.
28. ُﺮﯿ ِﺼَﺒﻟا Əл-Басир – Көруші. Ол бəрін Көреген. Адам жəне басқа мақлұқтар көрмейтінін
бəрін көреді. Оған көрінбейтін зат жоқ. Ол ғайыпты да көреді.
29. ُﻢَﻜ َﺤﻟا Əл-Хакəм – Хəкім. Қазы, Төреші. Соттың үкімі Оның құзырында. Оның үкімі
кесімді. Оны ешкім сынай алмайды жəне Алланың үкімдерін кемсітіп, жамандауға
ешкімнің хақысы жоқ. Кім дəрет алып, осы есімді күніне 99 рет зікір етсе Алла Тағала
оның жүрегін нұрландырады.
30. ُلْﺪَﻌﻟا Əл-Ғадилу – Əділ, Адал. Ол кімге болмасын, ешбір əділетсіздік жасамайды. Ол
өз шешімдерінде əділ.
31. ُﻒﯿ ِﻄﱠﻠﻟا Əл-Лəтиф – Жұмсақ, зор кеңшілік Иесі. Өзінің құлдарына өте ілтипатты. Өз
құлдарының істерін толық біледі жəне адамдардың мінездеріне жұмсақтық салады.
32. ُﺮﯿِﺒ َﺨﻟا Əл-Хабир – Толық хабар алушы. Барлық істер оның қалауымен жасалады. Ол
ешқашан хабарсыз қалмайды. Жаратушының бұл көркем есімін қайталаған адамды
Алла Тағала қанағатты етеді.
33. ُﻢﯿِﻠ َﺤﻟا Əл-Халим – Ерекше Мейірімді, Өте Жұмсақ. Азабын тездетпейді, бірақ малғұн
шайтанға еріп, күнəлі іс жасағандарға азабы жақын.
34. ُﻢﯿ ِﻈَﻌﻟا Əл-Ғазим – Аса зор, кеңшілік Иесі, Мəртебелі, Ең Ұлы. Оның мəртебесінің
басы да, соңы да жоқ.
35. ُرﻮُﻔَﻐﻟا Əл-Ғафур – Кешіруші, күнəларды кешуші. Кешірім сұраушыларды күнəлары
үшін қолға алмайды, жаман істерін жақсы амалдарға ауыстырады.
36. ُرﻮُﻜ ﱠﺸﻟا Əш-Шəкур – Шүкірді қадірлеуші. Адамдарға шүкірлік айтқаны үшін мəрхамет
етеді. Құлдарына көркем істері үшін ізгілік етеді.
37. ﱡﻰِﻠَﻌﻟا Əл-Ғалиу – Өте биік, Жоғары, Мəртебелі. Адамдардың сезім, сана жəне басқа
қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол əр уақытта биіктікте.
38. ُﺮﯿِﺒَﻜﻟا Əл-Кəбир – Ұлық, Ең Ұлы, Абырой жəне мəрхамет иесі. Адамдардың ойлау,
көру жəне сезу мүшелерінен тыс.
39. ُﻆﯿِﻔ َﺤﻟا Əл-Хафиз – Қорғаушы. Сүйікті құлдарын жамандық пен кесірден сақтайды. Өз
құлдарының сауап істерін қиямет күні мəрхамет ету үшін жазып, сақтайды. Алла
Тағала – əлсіздердің жəрдемшісі.
40. ُﺖﯿِﻘُﻤﻟا Əл-Муқит – Азық беруші. Азықты жаратып мақұлықтарына таратып береді.
Даналықты жəне білімді жүректерге жеткізеді.
41. ُﺐﯿ ِﺴ َﺤﻟا Əл-Хасиб – Есеп беруші, Жеткізуші. Өз құлдарының қажеттерін өтейді.
42. ُﻞﯿِﻠ َﺠﻟا Əл-Жəлил – Биік, Үлкен, Өз ұлығында өте биік. Қадір-қасиетінде аса Ұлы.
43. ُﻢﯾ ِﺮَﻜﻟا Əл-Кəрим – Құрметті, Мəрхамет иесі, ізгілік істеуші. Оның рахымында шек жоқ.
Ізгілігі ешқашан таусылмас. Уəде берсе, толығымен орындайды.
44. ُﺐﯿِﻗﱠﺮﻟا Əр-Рақиб – Қараушы, Бақылаушы. Ол əр нəрсені көріп, біліп тұрады. Ешнəрсе
оның алдынан өтпей кетпейді.
45. ُﺐﯿ ِﺠُﻤﻟا Əл-Мужиб – Жауап беруші. Оған дұға етіп жалбарынған құлдарына жауап
береді. Ол адам баласы үшін не нəрсе пайда беретінін біледі. «Иə Мужибу дағуати
тəммəти» деп дұға етілсе, Жауап беруші Хақ тағаланың жауап беруі сөзсіз.
46. ُﻊ ِﺳاَﻮﻟا Əл-Уасиғ – Қоршап алушы, толтырып салушы. Ол Өз құлдарын ризықтармен
бөлейді. Мəрхаметін тақуа құлдарына төгіп, байытады.
47. ُﻢﯿِﻜ َﺤﻟا Əл-Хаким – Даналық Иесі, қате жасаудан пəк. Қате жасау Оның даңқына сай
келмейді. Ол əр нəрсені өз орнына қояды.
48. ُدوُد َﻮﻟا Əл-Уəдуд – Ізгілік істеуші, Сүюші. Мақұлықтарын жақсы көреді. Сөйтіп, Ол
мəрхаметі, мейірімі жəне ризықтары арқылы Өзі туралы білдіртеді.
49. ُﺪﯿ ِﺠَﻤﻟا Əл-Мəжиид – Даңқты, Құрметті. Өз істерінде Көркем. Ол дүниені
ризықтарымен толтырады.
50. ُﺚ ِﻋﺎَﺒﻟا Əл-Бағис – Тірілтуші, Жіберуші, Қайта өмір беруші. Өлілерді есеп беру үшін
тірілтеді. Өз елшілерін (пайғамбарларын) адамдарға жібереді.
51. ُﺪﯿِﻬﱠﺸﻟا Əш-Шахид – Куə. Ол анығын да, белгісізін де біледі жəне соған Куə. Алла
Тағала Өзінің илəһи сипаттарыменен жалғыз Құдай екенін білдіртеді.
52. ﱡﻖ َﺤﻟا Əл-Хақ – Шындық иесі. Хақ Тағала əрбір нəрсені өз даналығымен жаратты.
Қабірдегілерге есеп беру үшін жəне жəннат немесе тозаққа жіберу үшін тірілтеді.
53. ُﻞﯿِﻛَﻮﻟا Əл-Уəкил – Басқарушы. Өкіл иесі Алла Тағала барлығын басқарады. Құлдары
Оған тəуекел етіп, тəубе келтіреді.
54. ﱡى ِﻮَﻘﻟا Əл-Қауи – Қуатты, Мықты, Құдіретті. Оның шамасы əр нəрсеге жетеді.
55. ُﻦﯿِﺘَﻤﻟا Əл-Мəтин – Мықты, Тұрақты, Құдіретті. Оның күшіне ешкімнің қуаты жетпейді.
Ол ешқашан əлсіз немесе шамасыз бола алмайды.
56. َُﻊ ِﺳاَﻮﻟا Əл-Уасиғ – Қорғаушы. Ол тақуаларды (əулиелерді) жақсы көреді жəне оларға
мықты қуат береді. Кəпірлердің беделін бұл дүниеде де, о дүниеде де түсіреді.
57. ُﺪﯿِﻤ َﺤﻟا Əл-Хамид – Пəктеулі, Дəріптеулі, Мақтаулы. Мадақ Иесі. Алла Тағаланы
кəпірлер мен екіжүзділерден басқасының бəрі мадақтайды.
58. ﻰ ِﺼ ْﺤُﻤﻟا Əл-Мухси – Санаушы. Ол бəрін санайды. Оған ешкім санауға бөгет жасай
алмайды. Ол бір нəрсеге көңіл бөліп басқаны назарынан тыс қалдырушы емес.
59. ُْىِﺪْﺒُﻤﻟا Əл-Мубди – Бастаушы. Ол қандайда бір жаратылысты жаратар алдында
ешбір бейне, мысалсыз жаратты.
60. ُﺪﯿِﻌُﻤﻟا Əл-Муғид – Қайтарушы. Ол тірілерді өлілерге айналдырады жəне оларды
қайтадан бастапқы қалпына келтіреді. Егер мал, мүлік немесе адам жоғалса Алла
Тағаланың осы көркем есімін 70 рет қайталап дұға етсе, жоғалған нəрсе Алла
Тағаланың қалауымен қайта оралады.
61. ﻰِﯿ ْﺤُﻤﻟا Əл-Мухи – Тірілтуші. Ол денелерге жан салып тірілтеді. Егер біреу бұл
есіммен Алла Тағалаға жалбарынса, шипа табады.
62. ُﺖﯿِﻤُﻤﻟا Əл-Мумит – Өлтіруші. Денелерден жан алып өлтіреді. Ақыреттің
қайғы-мұңның дəмін татпау үшін Алла Тағаланың осы атын көбірек қайталап, зікір етіп
жүру керек.
63. ﱡﻰ َﺤﻟا Əл-Хай – Тірі. Ол мəңгі өмір сүреді, мəңгі болды жəне мəңгі болады. Оның тірі
болуының басы да, соңы да жоқ.
64. ُمﻮﱡﯿَﻘﻟا Əл-Қайюм – Бəрінің үстінде тұрушы. Əрбір заттың үстінен қарайласып оған
Қамқоршы болып тұрады. Əр нəрсе тек Алла Тағаланың қалауымен тұрады. Өздігінен
мықты тұрушы.
65. ُﺪ ِﺟاَﻮﻟا Əл-Уəжид – Бай, Табушы. Нені тапқысы келсе, сəтінде-ақ табады, өйткені бүкіл
жаратылыс оның құзырында. Ол ештеңені жоғалтушы емес.
66. ُﺪ ِﺟﺎَﻤﻟا Əл-Мəжид – Құрметті, Сыйлы. Ол жақсы қасиеттерді иемденеді. Құрмет пен
сый оған тəн.
67. ُﺪ ِﺣاَﻮﻟا Əл-Уахид – Жалғыз. Барлық Құдайлық сипаттар Оған тəн. Одан басқа Құдай
жоқ. Алла Тағала расында жалғыз, сондықтан Аллаға ғибадат етіледі.
68. ُﺪَﻤ ﱠﺼﻟا Əс-Самад – Ешнəрсеге мұқтаж емес. Адамдардың қажеттерін өтеп беруші
Алла Тағала, сол үшін құлдары Оған бұл көркем атымен жалбарынады. Ол – аса
Құдіретті, Қуатты.
69. ُرِدﺎَﻘﻟا Əл-Қадир – Мықты, Қадірлі. Оны мақұлықтар қадірлейді. Оған ешкімнің көмегі
керек емес. Оның əр нəрсеге шамасы жетеді.
70. ُرِﺪَﺘْﻘُﻤﻟا Əл-Муқтадир – Құдіретті. Не істегісі келсе, соны істеуге қуаты жетеді. Оның
істей алмайтын ісі жоқ.
71. ُمﱢﺪَﻘُﻤﻟا Əл-Муқаддим – Алға шығарушы. Өз пайғамбарларын алға шығарады. Өзіне
инабатты құлдарын тура жолға салады. Оларды ұлық дəрежелерге көтереді.
72. ُﺮ ﱢﺧ َﺆُﻤﻟا Əл-Муаххир – Артқа тартушы. Өз жауларын артта қалдырады. Ол Өзі мен
кəпірлердің арасына бөгет перде салады.
73. ُلﱠوَﻷا Əл-Əууəл – Бірінші, Алғашқы. Баршаның алдында. Ол мəңгі тұрады. Оның
алдында ешбір зат болған емес.
74. ُﺮ ِﺧﻵا Əл-Ахир – Соңғы, Ақырғы. Барша мақұлық қиямет күні қайтыс болғанда, Алла
Тағала тірі болады. Оның соңы жоқ. Кім күніне осы көркем есімді 1000 рет зікір етсе,
Алла Тағаланың махаббаты баурап алады, сол адам нəпсіқұмарлықтан арылып, көз
жұмғанда иманмен қайтады.
75. ُﺮ ِﻫﺎ ﱠﻈﻟا Əз-Заһир – Анық, Көзге көрініп тұрушы. Ол Өзін аяттары (күн, ай, жұлдыз т.б.)
арқылы бар екенін анық көрсетіп тұрады.
76. ُﻦ ِﻃﺎَﺒﻟا Əл-Батин – Көрінбей тұрушы, Ішкі. Ол мақұлықтардың көзіне көрінбейді. Ол
мақұлықтардың не ойлап, не қоятынын біледі жəне олар не нəрсеге ұшырайтындарын
меңгеріп тұрады.
77. ﻰِﻟاَﻮﻟا Əл-Уали – Басқарушы, Уəлі. Ол əр нəрсенің басқарушысы. Ол не бұйрық
берсе, сол мезетте бұлжытпай орындалады. Ол Өз қалауымен жəне даналығымен
билік жүргізеді. Үкімдерін іске асырады.
78. ِلﺎَﻌَﺘُﻤﻟا Əл-Мутаəли – Биікке көтерілуші (Самғаушы). Мақұлықтардың сипаттары Оған
тəн емес. Пайғамбарлардың сипаттарын биік дəрежеге көтереді.
79. ﱡﺮَﺒﻟا Əл-Бəрр – Ізгілік істеуші. Ол ешуақыт жаманшылық істемейді. Құлдарға ізгілік
жəне қамқорлық етеді.
80. ُباﱠﻮﱠﺘﻟا Əт-Таууəб – Тəубені қабылдаушы. Ол əрдайым адамдардың шынайы жасаған
тəубесін қабыл етеді. Тəубе етушілерге ғафу етіп, оларға рахым-мейірімін төгеді. Кім
залымның зұлымдығына қарсы Алланың бұл есімін 10 рет айтса, зұлымдығына
ұшырамайды.
81. ُﻢِﻘَﺘْﻨُﻤﻟا Əл-Мунтақим – Есе əперуші. Ол Өзіне мойынсұнбайтын құлдарын істеген
амалына қарай азаптайды.
82. ﱡﻮُﻔَﻌﻟا Əл-Ғафуу – Аса кешірімді, Ғафу етуші. Адамдар жалбарынып кешірім сұрағанда
күнəларын жойып, сауап істерін қалдырады. Бұл есіммен Алла Тағалаға жалбарынып
артынан «Аллаһумма иннəкə ғафуун карим, тухиббуль ғафуа, фағфу ғаннə» десе,
оның күнəлары кешіріледі.
83. ُفُوءﱠﺮﻟا Ар-Раууф – Қамқоршы. Алла Тағала Өз құлдарына жақсылық пен қамқорлық
жасайды.
84. ِﻚْﻠُﻤﻟا ُﻚِﻟﺎَﻣ Мəликул Мүлк – Мүліктердің Патшасы. Иелігі өте зор. Байлық қазынаның
барлығы, күллі мүлік – Оның қолында. Кім осыны көп қайталап жүрсе, Алла Тағала Өз
байлығынан төгіп береді.
85. ِماَﺮْﻛِﻹا َو ِلَﻼ َﺠﻟا و
ُذ Зүл-Жəлəли уəл Икрам – Құдірет жəне құрмет Иесі. Өзінің ұлы
сипаттары үшін құрметті жəне атақты болады.
86. ُﻂ ِﺴْﻘُﻤﻟا Əл-Муқсит – Əділ. Шешімдерінде өте Əділ. Əрбір қиянат жасаған мен зиянға
ұшырағанды о дүниеде сұрайды жəне істеген амалдарына қарай жəннат немесе
тозаққа жібереді.
87. ُﻊِﻣﺎ َﺠﻟا Əл-Жəмиғ – Жинаушы. Қиямет күні «Махшарда» бүкіл адамдарды жинайды.
Ол біреуін де қалдырмайды.
88. ﱡﻰِﻨَﻐﻟا Əл-Ғани – Өте бай. Оған ештеңе керек емес. Барша мақұлық Алла Тағаладан
қажеттерін сұрайды жəне Оған тəуелді.
89. ﻰِﻨْﻐُﻤﻟا Əл-Муғни – Байытушы. Өзінің қай құлын байытқысы келсе, шексіз ризық беріп
байытады. Осы арқылы сынайды. Байлықтың барлығы Оған қайтарылады.
90. ُﻊِﻧﺎَﻤﻟا Əл-Мəниғ – Харам етуші, рұқсат бермеуші. Ол Өз құлдарына кейбір нəрсені
харам етеді. Өзінің сүйікті құлдарын залымдардан қорғайды.
91. ﱡرﺎ ﱠﻀﻟا Əд-Дзарр – Қалағанын зиянға душар етуші. Азап ретінде кейбір құлдарына
күнəлары үшін зиян келтіреді.
92. ُﻊِﻓﺎﱠﻨﻟا Əн-Нафиғ – Пайда беруші. Өз жаратқан мақұлықтарына пайда береді. Кейбір
құлдарының пайдасын көбейтеді.
93. ُرﻮﱡﻨﻟا Əн-Нуру – Нұрландырушы, Нұр беруші. Əртүрлі жетіспеушіліктерден пəк. Бұл
дүниені Өз нұрымен нұрландырып тұрады. Соқырға нұрды көру үшін көз нұрын, жанар
береді. Адасқандарды тура жолға салады. Осы керемет есімді қайталап жүрген адам
қайғыға салынбайды.
94. ىِدﺎَﻬﻟا Əл-Һəди – Апарушы, Жүргізуші, Ілестіруші. Мустақим жолға салушы.
Жүректерді хақты табу үшін бағыттайды. Дінде немесе дүнияуи амалда пайда беретін
нəрсеге жолықтырады.
95. ُﻊﯾِﺪَﺒﻟا Əл-Бəдиғ – Жаратушы. Ешбір нұсқа, мысалсыз жаратады. Оның биік
сипаттарына ешкім жете алмайды.
96. ﻰِﻗﺎَﺒﻟا Əл-Бақи – Бақи, Мəңгі. Ол мəңгілік жасайды. Ол тірілмейді де, өлмейді. Егер
бұл есімді күніне 1000 рет қайталап жүрсе, Алла Тағала қасіреттен аман сақтайды.
97. ُث ِراَﻮﻟا Əл-Уарис – Мұра Иесі. Барлық мұра Алла Тағалада.
98. ُﺪﯿ ِﺷﱠﺮﻟا Əр-Рашид – Салушы. Ол Өз құлдарын пайда беретін жолға салады. Өз
даналығымен билік жүргізеді.
99. ُرﻮُﺒ ﱠﺼﻟا Əс-Сабур – Сабыр иесі. Ол сабырмен құлдарының күнəларын кешіріп, азабын
тездетпейді. Кім осыны меңгеріп, 100 рет Алланы еске алып зікір етсе, сол күннің
бəле-жаласынан аман жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |