1. Бұл ситуацияда официант жетекшісінің жұмысына көңіліңіз толды ма?



Дата04.10.2023
өлшемі12,71 Kb.
#183721
Байланысты:
АйгерімР кейс маркетинг


Кейс.
«Лолива» швед мейрамханасы күн сайын әртүрлі меню бойынша ас әзірлейді, яғни тағамдар күн сайын қайталанып тұрмайды. Түскі аста 300-ден астам адам тамақтанатын болғандықтан, аспаздар қарбалас жұмыс жасап жатады. Сондай күндердің бірінде асүйге (кухня) шағым түседі. Оны жеткізуші официанттар жетекшісі Лилия. Оның айтуынша, қонақтарға (2адам) бүгінгі меню ұнамаған, олар, мысалы, жай суға піскен күріш жегісі келген, бірақ мейрамханада тек көкөністер қосып пісірілген күріш түрі болған. Сонымен қатар, қонақтар, сиыр етін жегісі келген, бірақ бүгінгі менюде ол жоқ екен. Және де тағамдар суып қалған дегенді де айтты. Лилия келіп ескерткен уақыт мейрамхананың жабылған сәті еді. Мұны естіген бас аспаз, неге Лилия қонақтар бар кезде келіп айтпады, біз де жеке сөйлесуші едік қой деген ойда болды. Онымен қоса, қонақтарға менюді ұсынушы официанттар неге түсіндірмеген деген көзқарасты ұстанды. Сонымен қатар, қонақтың қалауындағы тағамды асүйге (кухня) келіп айқан жағдайда, олар лезде дайындап берерін жеткізді.
Сұрақтар.
1. Бұл ситуацияда официант жетекшісінің жұмысына көңіліңіз толды ма?
2. Бас аспаздың ойымен келісесіз бе? Неге? Неліктен?
3. Сіз осындай жағдаймен бетпе-бе жолықтыңыз ба? Жолыққан болсаңыз, сіздің жасар әрекетіңіз қандай?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет