1 дәріс СӨйлеу мәдениеті теориясына жалпы шолу қазақ тіл біліміндегі «сөйлеу» «речь» термині туралы



бет1/2
Дата02.09.2022
өлшемі19,53 Kb.
#148649
  1   2
Байланысты:
1 дәріс СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ТЕОРИЯСЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ


1 дәріс СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ТЕОРИЯСЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ

Қазақ тіл біліміндегі «сөйлеу» - «речь» термині туралы


Қазақ тіл білімінде аудармасы даулы терминдер көп. Даулы болатын себебі: ұсынылған баламалардың сәйкессіздігі, варианттарының көп болуы, содан барып әркімнің өзінше атауы. Сондай терминдердің бірі – «речь». «Речь» термині – осы күнге дейін бекітілмеген термин екен. Тіпті 2009 жылы шыққан «Бекітілген терминдер сөздігінде» «речь»-ке қатысты «речевой этикет – сөз әдебі» деген бір ғана бекітілген термин көрсетілген [1,304]. Дей тұрғанмен бұл терминді «сөйлеу әдебі» деп беретін еңбектер де кездеседі [2,308].


«Речь– уақыт ағымы, дыбыстық және жазбаша формаға ие болған нақты айтылым. Речьте айтылым және оның нәтижесі жүреді» делінген орыс лингвистикалық сөздігінде [3,414].
Ал аталған терминді қазақ тіл білімінің осы саласын зерттеген әр зерттеуші өз еңбектерінде әр түрлі береді де, терминнің мағынасын сол сөзге қарай түсіндіреді. «Речь» терминнің қазақша баламасы сөз, тілдік қолданыс, тілдік қатынас, айтылым, сөйлесім, сөйлеу, айту, лебіз т.б. сөздермен аталып жүргендігі белгілі.
Ал профессор Т.Қордабаев сөз мәдениетіне деген бетбұрыстың өткен ғасырдың 60-жылдарының аяқ кезінде басталғанын айта келіп,
М. Балақаевтың еңбектеріндегі «тіл мәдениеті» деген атауға уәж білдіреді: «Біздің «тіл мәдениеті» деген терминіміз де мазмұнына сай емес, өйткені өмірде мәдениетті тіл, мәдениетсіз тіл деген болмайды, мәдениеттілік те, мәдениетсіздік те тілді қолдануда, сөйлеу (жазу) процесінде болады. Тіл мен сөйлеудің бір-бірінен өзгешелігі де осында. Тілге жақсы, жаман, мәдениетті, мәдениетсіз деген сын жүрмейді. Осы себептен «тіл мәдениеті» деуден гөрі «сөйлеу мәдениеті» деу – өз мазмұнына сай келеді» [4,118-119] деген ойы неліктен назардан тыс қалғаны түсініксіз.
Академик Р.Сыздықова «Тіл жеке сөздерден тұрады, яғни сөз – тілдің бір элементі. Бұл – оның түпкі мәні. Ал қазақ тілінде «сөз» сөзінің қосалқы, ауыспалы мағыналары тағы бар» дей келе, «сөз» сөзінің үш түрлі ауыспалы мағынасын көрсетеді:

  1. Сөз – поэзия;

  2. Сөз – адамның ой-пікірі, көзқарасы, идеясы;

  3. Сөз – әңгіме, хабар [5,3].

Сондай-ақ Р. Сыздықова «Тілдік норма мен оның қалыптануы» еңбегінде «сөздің» (речь) жоғарыда келтірілген ауыспалы мағынасынан бөлек, тура мағынаны беретін, лингвистикалық термин болатын «сөз» мағынасын көрсетеді. Мұнда «сөз – лингвистикалық единицаны білдіретін термин» делінген [6, 22].
Осы еңбекте Р. Сыздықова: «Қазақ тіл білімінде «язык» пен «речь»-ті айырып атайтын терминдер әлі қалыптаспай келеді. «Язык» дегенді тіл делік, ал «речь»-ті қалай атауымыз керек. Оны «тіл», «сөз», «сөйлеу», «тіл қолданысы», «қолданыс» деп әрқайсысымыз әр түрлі беріп жүрміз. «Культура речи» деген сияқты білім-ғылымның жалпы бір саласын атау керек болғанда «сөз мәдениеті» деп алған дұрыс сияқты, ал баяндау барысында, контексте «қолданыс», «тіл қолданысы», «сөйлеу» деген сөздер де речь мағынасын бере алады (мен өз еңбектерімде тығырықтан осылайша шығып жүрмін,» - дейді [6,21].
Н. Уәлидің осы салаға арнаған «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде мынадай анықтама береді: «Тіл мәдениеті мен сөз мәдениеті деген өзара мағыналас болғанымен, бұлардың бір-бірінен айырмасы да жоқ емес. Тіл мәдениеті дегеннің ұғымы кең. Ол көбіне-көп қарым-қатынас құралы боп табылатын, тілді жетілдіре беру, ұштай түсумен қатар сөз шеберлігі, сөйлеудегі әдептілік тәрізділерді де қамтиды. Әсіресе соңғы ұғымға қатысты қарасақ, сөз мәдениеті дегеніміз қарым-қатынас құралдарын қалай игеріп, өмірде қалай пайдаланып жүрміз, оның әрқилы амал-тәсілдерін дұрыс, дәл, тиімді қолданып, мазмұнды, әсерлі етіп жұмсай алдық па дегенге саяды» [5,8-9]. Ғалым осы пікірде «сөз мәдениетін» «тіл мәдениетінен» өрбітетінімен қатар Р. Сыздықова секілді «сөз мәдениеті» тіркесіндегі «сөз» сөзін «речь» сөзіне балама етіп алатындығын аңғарамыз.
Осы терминге нақты бір атау берілмегендіктен екіұдай пікірлер қалыптасып, «культура речи» сияқты пәннің зерттеу аясы туралы түсіну қиынға соғып, екіұштылық туады.
«Речь» терминіне қатысты «тығырықтан шығатын жол» әлі де іздестірілуде сияқты. Осыған орай біз контексте ғана емес, жалпы атау үшін «сөйлеу» сөзінің «речь» терминінің мағынасын қаншалықты аша алатындығын байқап көрмекпіз.
Ғ. Қалиевтың анықтамасы бойынша, «сөйлеу– адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ойды білдіру әрекеті» делінген [2,21]. Сондай-ақ, «Қазақ әдеби тілі сөздігінде» (15 томдық) [7,306], «Қазақ тілі» энциклопедиясында да Ғ. Қалиевтың осы анықтамасы келтірілген [8,368]. Осыдан барып «речь» терминінің қазақша баламасына «сөз» сөзінің ауыспалы мағынасын емес, «сөйлеу» сөзін тура мағынасында алсақ қалай болар екен? деген сұрақ туындайды. Біздіңше, «сөз» сөзіне қарағанда «сөйлеу» «речь» терминіне сәйкес келетін секілді. Себебі:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет