1 Дәріс тақырыбы: Көмірсутек өңдеу зауытының шикізаттары мен дайын өнімдері



бет1/3
Дата27.09.2024
өлшемі23,44 Kb.
#205273
  1   2   3

1 Дәріс тақырыбы: Көмірсутек өңдеу зауытының шикізаттары мен дайын өнімдері

Карбюратор отындары. Қазіргі заман техникасында ұшқынмен оталатын іштен жағатын поршенді қозғалтқыштар көп тараған. Бұл қозғағыштарда отыннның ауамен жанғыш қоспасын дайындау үшін дайындау, әдетте, арнайы құралды-карбюраторды пайдаланады және сондықтан, мұнай қозғалтқыштардың отындарын карбюратор отындары дейді.


Төрт ырғақты және екі ырғақты қозғалтқыштар бар, олардың бір-бірімен айырмашылығы цилиндрді жаңа отынмен зарядтау әдісінде. Төрт ырғақты қозғалтқыштар ұшақ және автомобиль көліктерінде, екі ырғақты – мотоциклдер мен мотороллерде пайдаланады. Төрт ырғақты қозғалтқыштың жұмысы поршеннің 4 рет қозғалуынан (ырғақтан) тұрады. Бірінші ырғақты (жіберуде), ауа менотын қоспасынан тұратын ыстық қоспа түсіруші қақпақ арқылы, цилиндрге түсіп, оны толтырады. Екінші ырғақта түсіруші шығарушы қақпақтар жабық және қоспа поршень мен 0,8-2,0 МПа дейін қосылады. Температура 200-4000С дейін көтеріледі. Сығудың соңында, қоспа электр ұшқынынан тұтанады. Отынның жану уақыты өте аз болғанымен- секундтың мыңдық бөлігі болса-дағы, отын біртіндеп жану камерасында алдыңғы жалыннан жана бастайды. Алдыңғы жалын деп газдың жану реакциясы жүретін жұқа қабатын атайды. Нормалды жануда алдыңғы жалын 20-30м/с жылдамдықпен тарайды. Газдардың қысымы жану кезінде біртіндеп 3-6 МПа дейін көтеріледі, ал температура 1600-22000С дейін жоғарылайды.
Үшінші ырғақта (жұмыс істеу жүруі) жанған қысылған өнімдердің энергиясы іске асады, ал төртінші ырғақ уақытында қозғалқыш цилиндрді жану өнімдерінен шығарушы қақпақ арқылы босайды.
Отын есебінде, ұшқыннан от алатын поршен қозғалтқыштары үшін, бензиндер қолданады. Автомобил бензиндерінің негізгі пайдалану көрсеткіштері болып детонациялық тұрақтылық, коррозия қарсы қасиеттері саналады. Ұшақ бензиндерінің сапасын анықтау үшін, одан бөлек мынадай көрсеткіштер, кристалдану температурасы, шайыр заттарының мөлшері, жану жылуы қолданады.
Детоноация деп қозғалтқыштағы отынның жануының ерекше қалыпсыз сипатын атайды, мұнда жұмыстық қоспаның тек бір бөлігі ғана ұшқыннан от алудан кейін кәдімгі жылдамдықпен қалыпты жанады. Отынның жалынның алдында тұратұғын соңғы бөлігі (15-20%дейін), тез өздігінен тұтанып кетедіде, осының нәтижесінде жалынның тарау жылдамдығы 1500-2500 м/с дейін өседі, ал қысым біртіндеп емес, секіріп өседі. Қысымның осындай күрт өзгеруі детонация толқынын тудырады. Цилиндр қабырғасына соққының осындай толқыны және оның көп рет олардан қайтуы, дірілдеу және металдарға тән соғысу дыбысын тудырады. Бұл детонациялық жанудың сыртқы негізгші белгісі пайдаланылған газдағы қар атүтіннің будағының пайда болуы, тағы да цилиндр қабырғасының температурасының күрт көтерілуі. Детонация - өте зиянды құбылыс. Детонациялық режимде қозғалтқыш температурасы төмендейді, отынның сыбағалы шығымы өседі, қозғалтқыштың жұмысы қатты және бір қалыпты емес болады. Одан бөлек, детонациядан поршендердің және пайдаланылған қақпақтардың жануы мен бұзылуы орын алады, электр білте жібі жұмыстан шығады және басқа келеңсіз жағдайлар байқалады. Қозғалтқыштың тозуы үдейді, сондықтан жөндеу аралық уақыты қысқарады. Қарқынды детонация режимінде көп уақыт жұмыс істеу аварияға да алып кеп соғуы мүмкін. әсіресе детонация ұшақ қозғалтқыштарында қауіпті.
Химиялық құрамынан бөлек детонацияға кейбір қозғалтқыш конструкциясының ерекшеліктері және оның пайдалану жағдайы әсер етеді. Сығу дәрежесі көтеру, яғни қозғалтқыштың цилиндрінің толық көлемінің жану камерасының көлеміне қатынасы, қозғалиқыштағы жұмыс температурасы мен қысымның көтерілуіне әкеп соғады, ал бұл, өзінің кезегінде, детонацияға жағдай жасайды.
Көмірсутектердің және отындардың детонациялық тұрақтылығын (ДТ) немесе детонацияға қарсы қасиеттерін бағалауды бір цилиндрлі тұрақты қозғалтқыштарда жүргізеді. ДТ бағалаудың барлық әдістерінің негізінде сынаушы отынды эталондық отындардың қоспасымен салыстыру принципі жатыр. Эталондық қоспа есебінде 2,2,4-үшметилпентан (изооктан) және п- гептан алынған, ал детонациялық тұрақтылық өлшемі есебінде октан саны қабылданған.
Октан саны деп детонациялық тұрақтылықты өлшеудің келісілген мәнін айтады, бұл изооктанның (2,2,4-үшметилпентанның) гептанмен қоспасындағы оның көлемдік үлесі (%-пен) сан жағынан бірдей, детонациялық тұрақтылығы жағынан, сынаудың стандартты жағдайында, эквивалентті өлшем. Изооктанның октан саны 100, сыналушы бензин, стандартты жағдайда, қоспаны сынауда мысалы, 70 изооктаннан және 30 гептаннан тұратындай эквивалентті көрсетсе, онда оның октан саны 70-ке тең. Октан саны – автомобиль бензиндерінің кедей қоспасында және үрлеуді үдетуді қолданбай жұмыс істегендегі детонациялық тұрақтылықты да көрсетеді.
Ұшақ бензиндерінің детонациялық тұрақтылығын (ДТ) бағалау үшін, қозғалтқыштың бай қоспаларында жұмыс істегенінде және үрлеуді үдетуді қолданғанда, отынның нормаланатын көрсеткіші сорттығы болады.
Отынның бай қоспадағы сорттығы – қозғалтқыштың қуатын (%-пен) сынаушы отында жұмыс істегендегі қозғалтқыштың қуатын сорттығы 100 тең деп алынатын эталонды изооктандағы қуатпен салыстырмалы мәнін көрсетеді.
Октан сандары арнайы сынау қондырғыларында қатал стандартты жағдайда анықталынады. Сынаудың екі стандартты әдісі бар: қозғалтқыш және зерттеу. Қозғалтқыш әдісі бойынша сынау жағдайы қатаңдау (айналу жиілігі 900 айналу/минутына, карбюратордан кейінгі жұмыс қоспасының температурасы 1490С). Сондықтан, ол қысу дәрежесі аз қозғалтқыштарға арналған отын ДТ бағалауға дәл әкеледі.
Отындардың детонациялық тұрақтылықтын көтерудің бірден-бір жолы ұшқыннан от алатын қозғалтқыштар үшін, детонацияға қарсы компоненттер қолдану болып саналады. Бұл заттарды бензиндерге, 0,5%-тен көп емес мөлшерде, детонацияға қарсы қасиеттерді едәуір жақсарту мақсатында қосады.
Барлық елдерде төртэтилқорғасын (ТЭҚ) Pb(С 2Н5)4 жоғары тиімділікпен пайдалануда, ТЭҚ 200-2500С-та ақ қорғасынға және бос радикалдарға (этил) жеңіл ыдырайды да олар отын – ауа ортасында жалындау алдындағы кезеңде асқын тотықтың түзілуін баяулатады.
ТЭҚ таза күйінде қолдануға болмайды, себебі цилиндрдің қақпақтарында, оталушы білтесінде және қабырғаларында қорғасын мен қорғасын тотығы жиналады, бұл әрине, қозғалтқыштың жұмысын бұзады. Қорғасын қағын кетіру үшін ТЭҚ-да қорғасынды шығарушы деп аталатындарды қосады. Шығарушы есебінде екібромэтан, бромды этил, -бірхлорнафталин, екібромпропан қолданады. ТЭҚ, шығарушының және бояғыштың қоспасын этил сұйықтығы деп атайды.
ТЭҚ сонымен қабат, этил сұйықтығы да өте улы: олармен жұмыс істегенде және құрамында олар бар этилденген бензиндермен жұмыс істегенде арнайы сақтық ережелерін сақтау қажет. Этилденген бензиндерді басқа бензиннен айыру үшін, оларды аздап бояйды: А-76 марканы сары түске, АИ-93 – қызғыл-қызыл түске, АИ-98- көк түске.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет