1. Егістікте сары алтын, Дастарханда наны алтын (Бидай)



Дата07.02.2022
өлшемі16,83 Kb.
#84649
Байланысты:
Жұмбақтар


Жұмбақтар

1.Егістікте сары алтын,


Дастарханда наны алтын (Бидай)

2.Ұзын мойын, екі ішек,


Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп. (Домбыра)

3.Отыңды қылғытады,


Үйіңді жылытады. (Пеш)

4.Жуындырып жағаны,


Сылдыр қағып ағады. (Су )

5.Әттең дауысым, тілім жоқ,


Құшағымда білім көп. (кітап)
6. Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін кісіні кім дейміз? (Ата)

7. Айтары мол ғұлама,


Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол көкеңнің
Білер оны сұрағын.(Ата)

8.Бала,бала, бала деп,


Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Аялы қолда талпынтқан
Айналасына ас қойып
Өзенді көлдей шалқытқан
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей
Иісін жұпар аңқытқан
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
(Ана)

9. Әлпештеп өзіңдей өсірген,


Нағашы әжеңнің баласы
Төрінде жалпиып көсілген
Бұл күнде жиеннің анасы(Ана)

10. Біз үшін ең қымбатты,


ең ардақты адам кім? (Ана)

11.Өзі салмақты,байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, тағы да басқа жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, сақтаушы.(Әке)


12.Атаңның баласы


Кей кезде таласып
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге(Әке)

13. Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.(Әже)


14. Аймалайды күнім деп


Мейірімді жүзі күлімдеп
Тәтті-ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп(Әже)

15.Шәкіртке жанашыр,


Мейірманкім, жаныасыл.(ұстаз)
16.Қабат-қабатқаттама,
Ақылыңболсааттама. (кітап)
17.Әрі төсек,әрі үй.
Иесі оның сәби.(Бесік)
18.Шұқшитқан кепәуелі,
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап? (әліппе)
19.Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас. (нан)
20.Пешсіз піскен
Ыдыссызішкен. (анасүті)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет