1. Ғылыми географиялық білімнің ерекшелігі. Географияны анықтау.
География ғылымының жүйелену процесі антикалық уақытқа тура келді (VII-I ғғ.б.э.д.).Бұл уақытта Жердің мынадай қасиеттері анықталған еді:Жердің пішіні,көлемі,Әлемде қозғалу бағыты анықталған еді.Көп уақытқа дейін география тек таныстырушы-бейнелеуші ғылым ретінде болды және географияның сол кездегі міндеті жаңадан ашылып жатқан жерлермен және мемелекеттермен таныстыру болып табылды. Географияның дамуына үлкен әсерін тигізген кезең Ұлы географиялық ашылулар кезеңі болып табылады(XV ғасырдың ортасынан XVII ғасырға дейін). Осы ашылулардан соң Дүниежүзілінің құрлықтарымен мұхиттарының картасы жасалынды
2. Физикалық Географияны зерттеу нысаны мен пәні
Физикалық географияның зерттеу объектісі –географиялық қабық және оның компоненттері ( тау жыныстары, ауа, су, топырақ, өсіидіктермен, жануарлар ) және табиғат комплекстері. Физикалық географияның зерттеу объектісі -Жердің комплексті қабығы, мұның өзі литосфераның , гидросфераның,атмосфераның, организмдердің жанасуы ,өзара араласуы және өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасып мұны географиялық қабық деп атаймыз.Жалпы жер тану физикалық география пәнінің негізігі курсы болып табылады. География адам ойымен ақыл есінің дамыған кезеңінде пайда болып,тарихи тамыры тереңге тартылған. Ең алғашқы географиялық ой пікірлер ежелгі Үндістан Қытай ,Месопотамия,Египет жерінде қалыптаса бастады.
3. Географияның міндеттері.
Географиялық зерттеулердің басты міндеті — табиғат ресурстары мен жағдайларын жан-жақты зерттеу, оларды тиімді пайдаланудың, өндіргіш күштерді орналастыру мен дамытудың, табиғатты қорғаудың және қалпына келтірудің ғылыми негіздерін жасау[6 4. Географиялық зерттеу әдістері.
Қазіргі географиялық ғылыми-зерттеу әдістері:
жалпы ғылыми тұрғылар мен әдістерді (тарихи, экологиялық, модельдеу, математикалық, жүйелік, тағы да басқалары);
нақты ғылыми тұрғылар мен әдістерді (физикалық географияда — геохимиялық, геофизикалық, палеогеографиялық және тағы да басқалары әдістер; әлеуметтік-экономикалық географияда — экономикалық-статистикалық, техникалык-экономикалық, социологиялық және тағы да басқалары);
ақпарат алудың жұмыс тәсілдері мен операцияларын (баланстық әдістер, дистанциялық әдістер; зертханалық әдістер, мысалы, споралық-шаңдық талдау, радиокөміртекті әдіс, сауалдама жүргізу, іріктеме әдіс, тағы да басқалары);
ақпаратты тәжірибелік және теориялық қорытудың әдістерін (индикациялық, бағалау, ұқсастық, жіктеу, тағы да басқалары);
алынған ақпаратты өңдеу әдістері мен техникалық тәсілдерін (перфокарталардың, электрондық есептеу техникасы арқылы, тағы да басқалары) қамтитын жүйе.
5. География ғылымының құрылымы
Ғылыми білімнің әр саласында дифференциация және интеграция процестері жүріп жатады.Географияда дифференциация процесі XIX ғасырда басталып XXғасырдың басында белсенді түрде дамыды. Біртұтас география физикалық география мен экономикалық географияға бөлінді. Қазіргі кезде географиялық ғылымдар жүйесі үш блоктан тұрады: ғылыми-жаратылыстық, әлеуметтік-экономикалық және табиғи-қоғамдық. Со-нымен бірге кейбір аралық ғылымдар да бар.1. Ғылыми-жаратылыстық блок. Бұл блокқа теориялық жәнеқолданбалы физикалық-географиялық ғылымдар енеді.2. Әлеуметтік-экономикалық блок. Әлеуметтік тәсіл адамзат пенқоғамның көзқарасын, мәселелерін зерттейді.Экономика - халық шаруашылығы туралы ғылым.3. Табиғи-қоғамдық блок. Табиғат пен қоғам арасындағы байланыснәтижесінде туындайтын мәселелерді зерттеумен айналысатын ғылымдар жүйесі.
6. География ғылымдарының құрылымындағы жалпы жерге орналастыру орны
Жерге орналастыру –мемелекеттің жер саясатын іске асырудың, жер қатынастарын реттеуге, жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға арналған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесінің маңызы.