1-кезең. «Ұшқыр ой» бұл кезеңде мен сұрақтар оқимын,білетіндерің қолдарыңдағы жалаушаны көтеріп,белгі бересіңдер



Дата04.02.2020
өлшемі83,99 Kb.
#57176
Байланысты:
тапқыр болсаң тауып көр!

ш

станаққаз

таубасыш

4-кезең. «Жорға»



  1. «Менің атым Қожа»повесінің авторы (Б.Соқпақбаев)

  2. Жылқының пірін ата?(Қамбар ата)

  3. Ақ алтын (мақта)

  4. Орман дәрігері (тоқылдақ)

  5. «Ғұлама»деген кім? (ғалым,оқымысты)

1-кезең. «Ұшқыр ой» бұл кезеңде мен сұрақтар оқимын,білетіндерің қолдарыңдағы жалаушаны көтеріп,белгі бересіңдер.

1.Алғашқы ағартушы ұстаз кім? (Ы.Алтынсарин)

2.Жақсылардың жақсысы деп әкесі нелерді ұсынды? (ұршық,өрмек,кітап)

3.Інгендеп қай түлікке қатысты айтылады? (түйе)

4.Балаға арналып жасалған ер? ( ашамай )

5.Үш бақыт дегеніміз не? (халық,тіл,Отан)

6.Қазақ қалмақтың тыныштығын тілеген кім? (Абылай хан)

7.Қабанбай батырдың шын аты кім? (Ерасыл)

8.Қас пен көздің арасында тіркесінің мағынасы қандай? (лезде)

9.Әбу –Насыр әл Фараби қайда туған? (Отырар)

10.Әбілхан Қастеев деген кім? (суретші)

11.Шәмші Қалдаяқов деген кім? (вальс каролі сазгер)

12.Қызыл жебе ненің аты? (жылқы)

2-кезең. «Тіл өнер» Бұл кезеңде мақал мәтел беріледі.Мақалдың ішінен бір сөз жасырынады.Сол сөзді тауып,орыс,ағылшын тіліне аудару керек.

1.Ақылды алам тауып айтады

Ақылсыз адам қауып айтады. Адам-человек-man

2. Ердің атын еңбек шығарар. Еңбек-труд-work

3. Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер. Ақыл-ум-cleverness

4. Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді. Тас-камень-stone

5.Көз жетпеген жерге сөз жетеді. Сөз-слова-word

6.Ел іші- алтын бесік. Ел –страна-countru

7.Ағаға қарап іні өсер Іні-братишка-brother

8.Кітап-білім бұлағы

Білім-өмір шырағы Кітап-книга-book

9.Дос жылатып айтар

Дұшпа еүлдіріп айтар Дос-друг-friend

3-кезең. «Қызықты жетілік»бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер.Жеңіл сұрақ алғығыз келсе,20балдық сұраққа,күрделі сұрақ алғыңыз келсе,30балдық сұраққа жауап бересіз.Ал өте күрделі сұраққа 40балл беріледі. Іске сәт!

1.20-Тұңғыш «Әліппе»оқулығын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов)

2.20-Мемлекеттік рәміздерді ата? (Ту,Әнұран,Елтаңба)

3.20-Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде атаған 5 жаман істі ата (өсек,өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ)

4.30-Қазақстанда «Қызыл кітап» қашан шықты? (1977жылы)

5.30-Елтаңбаның авторлары кімдер? (Ш.Уалиханов,Ж.Мәлібеков)

6.30-Ән ұранның авторлары кімдер?(Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев)

7.40-Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы (Аңыз)

8.40-«Кіріптарлық»сөзінің мағынасын қалай түсінесің? (жоқшылық,қиыншылық)

9.40-Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі қашан жариялады? (16-желтоқсан.1991жыл)

4-кезең. «Жоға»


  1. «Менің атым Қожа»повесінің авторы (Б.Соқпақбаев)

  2. Жылқының пірін ата?(Қамбар ата)

  3. Ақ алтын (мақта)

  4. Орман дәрігері (тоқылдақ)

  5. «Ғұлама»деген кім? (ғалым,оқымысты)

  6. Қазақ алфавитінде неше әріп? (42)

  7. Адам денесінің тірегі не? (қағқа)

  8. Заттың санын білдіретін сөз табы? (Сан есім)

  9. Жаңа туған балаға ат қойып,оны алғаш бесікке бөлеу жорасы (Бесәк трйы)

  10. Көкжиектің неше тұсы бар? (4)

  11. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы (М.Әуезов)

  12. Сиырдың пірін ата? (Зеңгі баба)

  13. Қара алтын (Мұнай)

  14. Ұя салмайтын құс? (көкек)

  15. Мағжан Жұмабаев деген кім? (ақын)

  16. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді? (үшке хабарлы,лепті,сұраулы)

  17. Басты байлық (денсаулық)

  18. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (Етістік)

  19. Баланы тәй-тәй бастырып көрмеу жібін кесетін кезең? (Тұсау кесер)

  20. Сезім мүшелерін атап бер? (көз,мұран,құлақ,тіл,тері)

5-кезең. «Сөздер құрастыру»

Қазақстан тақырыбына өлең

...........................................................тұрамын

............................................................барамын

............................................................аламын

.............................................................баламын



Жеңімпаздарды анықтау,қорытындылау құттықтау.Әділқазыларға сөз беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет