1 Күндік оқу туралы рефлексия. (Ескерту: рефлексия нәтижелері 2-ші (оффлайн) оқу кезеңінде талқыланады)
Негізгі түсініктерді талқылау (1 күндегі материалдар негізінде):
-Ересектерді оқыту процесінде тренердің рөлін қалай көресіз?
Тренер , менің ойымша, көшбасшы болу керек. Көшбасшы адамдардың белсенділігін анықтайды, олардың бағытын анықтауға жәнеде олардың іс-әрекеттеріне дұрыс бағыт алуға көмектеседі, түсіндіреді, басқарады, талдап көрсете білетін маман.
- Коучингтің тиімді құралдарын атаңыз және сипаттаңыз.
Уақыт ағымы мен талабына сай оқыту мен оқудағы тиімді әдіс –тәсілдерді көмекші құралдарды атап көрсетуге септігін тигізетін жаңартылған білім мазмұны үшін қосар үлесі зор құрал деп атауға болады деп ойлаймын. Себебі жаңартылған білім мазмұны бойынша әріптестеріне проблеманы анықтап және сол проблеманы өзі шешетіндей бағыт беретін ойлау әдістерін ұсынады.
-Коучингтегі инклюзивті тәсілге мысал келтіріңіз.
Жалпы инклюзивті білім беру дегеніміз – барлық балаларға , соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру процесіне қосу болып табылады. Балалрды жынысына, түріне – түсіне қарамастан нәсіліне қарамастан алдағы кедергілермен проблемаларды шешуге, белсенділікке баулу балаға педагогикалық тұрғыда қолдау көрсету деп түсінемін.
- Сабақты жоспарлау кезінде тренерге ұсыныстардың мысалдарын келтіріңіз (сіздің ойыңызша маңызды 3-4 ұсыныстар). Бұл ұсыныстар неге маңызды?
Коучингтермен тренингтер жүргізу барысында смарт мақсатқа бағыттталған қмж құрастыруға басымдылық берген жөн деп сесптеймін. Бағалау тапсырмаларын дһұрыс құрастырылған критерилер бойынша тапсырмалар беру жолдарын қарастыруға болады деп ойлаймын.