1. Ұлт мәселесі және оның құрылымы Біздің көп ұлтты республикамыздың саяси өмірінде ұлтаралық қатынастың алатын орны зор. Әлеуметтік топтармен қатар этникалық құрылымдар: ру, тайпа, халық, ұлт деген ұғымдар бар. Осы күнгі дүниеде 2 мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар бар. Ұлтаралық қатынас күрделі әлеуметтік - саяси проблема. Осы тұрғыдан келгенде, ұлтаралық қатынаста саясат шешуші, негізгі, басты орын алады. Саясат тұрғыдан қарағанда ол проблемалар: ұлтаралық қатынас, ұлттық және интернационалдық мүдделердің арақатынасы, ұлттық мәдениет және ұлттық тілдердің ерікті түрде жүргізілуі және дамуы, басшылыққа ұлттық кадрлардың қатысуы. Осы саяси мәселелерді шешу үшін ұлттың тарихи дәстүрін, әлеуметтік көңіл күйін тағы көптеген факторлармен санасу керек. Ұлт мәселесі барлық уақытта нақтылы - тарихи мазмұнда болады. Ұлт мәселесін шешудің принциптері. Ұлт мәселесін шешудегі кейбір саяси принциптер. Ең алдымен ұлттардың өзін - өзі билеу құқығы. Ол мәселе қазіргі уақытта нақтылы, ашық, тікелей қойылуының нәтижесінде республикалар өздерінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялады, соның нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы пайда болды. Ендігі принцип тіліне, дініне, нәсіліне, ұлтына қарамай ұлттардың толық тең құқықтығын қамтамасыз ету. Ол мемлекеттік дәрежеде халықтың қолдауымен шешілуге тиісті. Содан кейінгі принцип интернационализм. Біздің плюралистік даму жағдайымызда дін саласындағы саясатқа көңіл бөлу қажет. Дің тек қана құдайға сену, діннің әдет – ғұрпын сақтау емес, сонымен қатар мораль, адамгершілік туралы ойлар. Кеңес мемлекеті өзінің алғашқы жылдарында діни көзқарас, діни сенімге құқық береді. Бірақ оның ғылыми көзқараспен қарама – қарсы екенін еске ала отырып шіркеуді мемлекеттен, мектепті шіркеуден айыру туралы декрет қабылдады.