1. Саяси мәдениет деген не?



Дата14.12.2021
өлшемі12,08 Kb.
#127392
түріНұсқаулар
Байланысты:
f61b72dfa6d598


1.Саяси мәдениет деген не?

Саяси мәдениет (ағылш. політіцал цұлтұре, ағылш. цұлтұра - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі.


2.Саяси мәдениеттің қызметтерін ата?

Бірегейлендіру

Бағдарлау

Бейімдеу


Интегративтік

Коммунативтік


3. «Саяси қақтығыс» деген не?

Саяси қақтығыс - саясат субъектілерінің саяси мәртебе мен институттарды, әлеуметтік тәртіпті сақтау немесе өзгерту, түрлендіру мақсатындағы билік үшін теориялық және іс-жүзіндегі күресі.


4.Саяси қақтығыстарды шешудің жолдары қандай?

Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы

жақтардың өзара кешірімділік

білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак

бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап,

ортақ келісімге келуге тырысады.

Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны

толық жойып жібергенде туады.

Сонымен саяси шиеленістер қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың жекелеген түрі ғана қиратып, бүлдіруге әкеледі. Олай болмау үшін

өсіп келе жатқан

дау-дамай, кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген,

одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім.


5. Әлеуметтік рөл дегеніміз не?

Әлеуметтік рөл - белгілі бір әлеуметтік ұстанымға ие жеке адам үшін нормативті қолданатын мінез-құлық үлгісі болып табылатын, салыстырмалы тұрақты және іштей байланысты әрекеттер жүйесі.


6.Саяси процесс деген не?

Саяси процесс - күрделі құбылыс. Ол күнделікті озгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. әлеуметтік субъектілер (топтар, таптар, жеке адамдар, т.б.) қызметінің жиынтығы.


7. Саяси процестің басты мәселесі не?
басты мәселесі , азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп , жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда . Жалпы ұжымдық мақсат - мұратты анықтауға , қалыптастыруға ресми органдар , билік институттары , кәсіподақтар , бейресми ұйымдар , ақпарат кұралдары және т . б . катысады . Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекеттік билік институттары аткарады.
8.Саяси процестің даму кезеңдері неше кезеңге бөлінеді?

оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге белуге болады:

1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін;2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Жеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді;3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек;4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.
9.Модернизацияның мәні неде?

Модернизация(франц.-жаңғырту) - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты.

Модернизацияның мәні неде?Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін жүзеге асыруда. Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдікинвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңдыықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуанмүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуікерек болатын.
10.Халықаралық қатынастар деген не?

Халықаралық қатынастар  - бұл әлемдік деңгейде іс-әрекет жасайтын субъектілер (мемлекеттер, ұйымдар т.б.) арасындағы экономикалық, саяси, құқықтық, идеологиялық, дипломатиялық, әскери, мәдени және т.б байланыстар және қарым-қатынастардың жиынтығы. 


11.Халықаралық қатынастардың басты терияларын ата?

Халықаралық қатынастар териясы- халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлейметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады. Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, олардың іске асырушылардың көбеюіне байланысты. Қазіргі әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр деуге болады, бірақ, халықаралық қатынастарды негізгі рөлді мемлекет атқарады, себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім шарттар жасау, соғыс ашу т.б. заңды түрде

12.Халықаралық қатынастардың маңызды субъектілерінің бірнешеуін ата?

халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады.


13. Әлеуметтану не туралы ғылым?

Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.


14. Әлеуметтанудың объектілерін ата?

Әлеуметтік философия мен социологияның зерттеу объектілерінің бір-біріне дәл келетін тұстары өте көп. Әлеуметтік философия да, социология да қоғамды тұтас, жүйелі түрде, оған енетін бірліктерін интегралдық құрылым ретінде қарастырады. Бұл осы ғылымдардың бір-бірімен ерекше тығыз байланысын анықтайтын ортақ сипаты.


15. Әлеуметтану ғылымының атқаратын қызметін ата?

Теориялық-танымдық,

Саяси-практикалық, Тәрбиелік-идеялық

16.Әлеуметтік құрылым деген не?

Әлеуметтік құрылым - [лат. стрұцтұра - құрылым] - қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі құрылымы, әлеуметтік топ, институттар мен олардың арасындағы өзара қатынастардың реттелген жиынтығы.
17. Қоғамда адамдар неше типке бөлінеді?

Саналы адам

Субъект(жеке адамдар)

Қоғамға қажетті қатынас

Қоғамның объективті сипаты

18.Әлеуметтану ғылымының негізін салушы ғалым?

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
19. Г.Спенсер бойынша қоғамның үш саласын ата?

Г. Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндеу көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болады.


20.Э.Дюркгеймнің әлеуметік теориясының өзегін не құрайды?

Э.Дюркгеймнің әлеуметік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі- «Қоғамдық еңбектің бөлінуі» арналған . Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты  міндеті — әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.


21. М.Вебер  әлеуметтік  саяси билікті неше түрге бөлді?

М.Вебер саяси әлеуметтануды дамытуға да үлкен үлес қосты.Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті 3 түрге бөлді: 1)харизматикалық ; 2)дәстүрлік; 3)бюрократтық


22. Жастардың әлеуметтануы туралы Н.Ә.Назарбаев қандай мақаласында көрсетті?

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 14.04.2017 ж. атты мақаласында айтылған


… жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек. Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқиғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құралдарының басты нысанасына айналуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет