1. Сөздің морфологиялық құрылымы: негізгі және көмекші морфемалар



Дата23.02.2022
өлшемі16,59 Kb.
#132886
Байланысты:
қаз т тап 6


Сұрақтар:
1. Сөздің морфологиялық құрылымы: негізгі және көмекші морфемалар
Түбір морфема(негіз морфема)
Құрылысы жағынан да, мағынасы жағынан да сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі. Ол жаңа сөз жасаудың ұйытқысы болады. Дара түрде де, қосымша морфеманы жалғап та жұмсала береді. Қайталанып, қосарланып, бірігіп те, бір-бірімен тіркесу арқылы күрделеніп те қолданылады.
Аффикстік морфема(көмекші морфема)
Мағыналық әрі тұлғалық дербестігі жоқ. Түбірдің дыбыстық ыңғайына қарай құбылып отырады. Грамматикалық мағынасы тұрақты. Бір түбір морфемаға кейде бірнеше қосымша морфема өосыла алады. Ондайда сөзге қосымша морфемалардың жалғану тәртібі бар.
2. Тілдегі сөздерді үш топқа бөлу
Сөздік құрамдағы сөздер семантикасы мен морфологиялық белгілеріне орай:
Атауыш, көмекші, одағай деп 3 топқа бөлінеді.
Атауыш сөздер - басқа сөздерге негіз бола отырып әрі өздеріне тән лексикалық, грамматикалық мағыналары бар, өзге сөздермен қарымөқатынасқа түсе алатын сөздер.
Көмекші сөздер – өз алдына дербес сөз бола алмайтын, лексикалық мағыналары солғындап, грамматикалық мағыналары басым болып, әр қилы грамматикалық қызмет атқаратын сөздер.
Одағай сөздер – адамның түрлі көңіл күйлерін білдіретін, өзге сөздермен грамматикалық қатынастарға түспейтін сөздер.
3. Тілдегі сөздерді сөз таптарына топтастыру принциптері
Семантикалық
Сөздерді таптастыруда бір сөз табына кіретін сөздердің бәрінің ортақ мағынасы, ортақ семантикасы есепке алынады. Мәселен, зат есімге жататын сөздердің бәрі заттың атын, яғни, заттық ұғымды білдіреді.
Морфологиялық
Морфология – тілдегі сөздердің түрлену жүйесін зерттейтін ғылым. Ал, сөздер сөйлемде тілде қалыптасқан заңдылықтар бойынша түрленеді. Мысалы:
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім (М.Ж.)
Осы өлең жолдарындағы түрленіп қолданылған сөздер тарап кеткен, тарта аларсың және балаларыңды, баурыңа, қолыңмен, тілім деген екі топтан тұрады. Бірінші топтағы сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар: –п, –кен, –а, –ар, –сың. Екінші топтағы сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар: –лар, –ың, –ды, –ың, –а, –ың, –мен, –ім.
Бұлардағы 1-топтағы сөздердегі қосымшалар 2-топтағы сөздерге жалғанбайды, олармен бұл қосымшалар қолданылмайды. Керісінше, 2-топтағы сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар 1-топтағы сөздерге жалғанбайды, олармен бұл қосымшалар қолданылмайды. Демек, сөзді түрлендіру заңдылығы бойынша тілдегі сөздердің түрленуі сөздердің белгілі топтарына қатысты.
Синтаксистік
Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысына қатысты сөздердің сөйлемдегі қызметі қалыптасқан. Әр сөзтұлғаның сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі бар. Ал, сөздердің түрленуі сөз таптарына қатысты болғандықтан, сөз таптарын таптастыруда сөздердің синтаксистік қызметі сөздерді таптастыру ұстанымдарының 3-белгісі, 3-түрі саналады.
Демек, сөздерді таптастыруда сөз таптарының негізгі синтаксистік қызметі ескеріледі. Мәселен, зат есім сөздердің бастауыш, толықтауыш қызметін атқаруы, сын есім, сан есім сөздердің анықтауыш, үстеудің пысықтауыш, етістіктің баяндауыш қызметін атқаруы сөздерді таптастырғанда есепке алынады.
1-тапсырма. Төменде берілген сөздердің ішінен сөз формаларын табыңыз.
Кел, келші, келіңізші, келтірінді, келтіріс, келісім, келгіште, келте, келмес, келгіш, келімсек; сөз, сөзуар, сөздік, сөздер, сөздің, сөзбен, сөйлем, сөзмерген, сөзшең, адам, адамгершілік, адами.
2- тапсырма. Ережеге мысал келтіріңіз.
Сөздің аналитикалық формалары дербес сөз бен көмекші сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: ең әдемі, барса екен, ол үшін, көре алады.
3-тапсырма. Сөз таптарына талдау жасау.
1. Биыл иығынан бір батпан жүк түскендей болып, Абдырадан алынатын жаңа тоғанның жұмысын бастап беріп келген Дәмежан да бір көңілді шағы еді. 2. Биылғы жаз бел шешіп бір дем алатын, берекелі, бейбіт жазым болар деп, жайлауға да жақсы ниетпен келген.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет