1 тақырып. Мектептегі оқу пәні ретіндегі өзін-өзі танудың орны мен
ролі.
"Өзін-өзі тану" пәні өте маңызды рөл атқарады. Ол жастардың қоршаған
ортаның мәнін түсінуіне, сол ортадагы өзінің орны мен міндетін сезінуіне,
болашақ өмірлік бағытын дұрыс таңдауына, жалпы адамзаттық қүндылықтар
тұрғысынан өзінің айналасы туралы ой түйіп, өз көзқарастарын жүйелей алуына
жол көрсетеді.
"Өзін-өзі танудың" басты міндеті - үлкен өмір табалдырығында тұрған жас
толқынның өмірлік маңызы зор мәселелерді зерделеу қабілеттерін дамыта
отырып, олардың көкірегіне сәуле қүю, ақыл-ойына қозғау салу.
"Өзін-өзі тану" курсы білім беру процесінде жас адамның түлғалық әлеуетін
ашады, есею сатысындағы әлеуметтік-мәдени өресін дамытады, индивидтен дара
түлғаға айналуына ықпал етеді, жаңа азаматтық келбетін қалыптастырады.
Өзін-өзі тану жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, рухани және
шығармашылық қабілеттерін жарқырта көрсетуінің, әлеуметтік мүмкіндіктерін
жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады. Өзін-өзі тану
нәтижесінде ғана адам өзінің рухани өсу қабілетін шыңдайды, өзін-өзі жетілдіре
түседі де, өмірдің рақатын сезініп, оның мән-маңызын түйсінеді.
Жеке түлға белсенділігінің қайнар бұлағы оның қажеттіктері екені аян.
Адам бойындағы өзінің Менің тануға деген қажеттік жеке түлғаның еңбекке,
қарым-қатынасқа, белгілі бір жетістіктерге деген іргелі әлеуметтік
қажеттіктерімен барабар болады. Егер таным нысанына сол адамның өзі немесе
оныңішкі жан-дүниесі алынса, онда ол өзін-өзі тануға деген қажеттіктің туғанын
көрсетеді.
Өзін-өзі тануға деген қажеттік Менің өзге де қажеттіктерімен ұдайы
сабақтастықта болатынын атап айту ләзім. Олардың қатарына: өзін-өзі сыйлау,
Меннің бүтіндігіне деген мүдделілік, өзін-өзі даралау, өзгелерді мойындату жэне
т.б. қажеттіктер жатады.
Өзін-өзі
сыйлау
қажеттігі
адамның
өзінің
ішкі
талабы
мен
айналасындағылардың талабына сай болу мүддесінен туындайды. Меннің
бүтіндігіне деген қажеттілік өз Менінің біртұтас, толысқан бейнесін жасауга
ұмтылушылығымен сипатталады. Өз даралығын танытуға деген қажеттік
адамның "бөлшектенбейтін" Меніне тән түрлі қасиеттерді біріктіре түседі.
Өзін өзгелерге мойындатуға деген қажеттік адамның өмір сүру, еңбек ету, оқу,
қарым-қатынас жасау әрекеттерінде өзін басқалар ойлаған деңгейде көрсете алу
тілегінен туындайды. Бұл қажеттіктердің бәрі де бір-бірімен іштей сабақтасып,
бірін-бірі толықтырып, адам жаратылысының күрделі "палитрасын" құрайды.
Адамның өз Менінің бүтіндігіне деген мүдделілігі, өзін-өзі сыйлауға деген
қажеттігі оның өзін-өзі тануға деген мұқтаждығын күшейтеді. Өз кезегінде өзін-
өзі тану қажеттігінің қанағаттандырылуы өзге қажеттіктердің де
қанағаттандырылуын жеңілдетеді. Мәселен, өзің қойған талап деңгейінен шығу
үшін алдымен өзіңді білуің қажет; өзіңді жақсы білу - өз Меніңнің
қайшылықсыз, біртұтас бейнесін жасаудың кепілі және т.б. Жоғарыда аталған
қажеттіктердің аясында адамның өзін-өзі дамытуына қатысты олардан да биік
тұрған қажеттіктер туындайды: өзін-өзі дәлелдеуге (самоутверждение), өзін-өзі
жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға деген қажеттіктері пайда болады. Өзін-өзі
тану қажеттігі адам бойындағы басқа қажеттіктерімен тығыз байланыста
болады. Мысалы, егер адам қарым-қатынас жасауға мүдделі болса, онда оның
өзін-өзі тануға деген қажеттігі де артады. Қарым-қатынас жасау үшін әркім өзін
тани білу керек. Ол жеңіске деген үмтылыс бар жерде тіпті өрши түседі. Бір
нәрсеге жету үшін де адам алдымен өзінің әлеуметін бағалай алуы тиіс. Бұл
тізбекті әрі қарай шексіз жалғастыра беруге болады. Көптеген қажеттіктер мен
әрекет түрлерінің жүзеге асуы өзін-өзі танумен, оған деген қажеттікпен өте тығыз
байланысты. Жеке түлға дамуының қозғаушы күші неден басталатынын түсіну
адамның жалпы әрекетінің мотивация жүйесіндегі өзін-өзі тану қажеттігінің
мәнін сезінуге мүмкіндік береді.
Мотив
— адамды нақты әрекетке итермелеуші күш, онда белгілі бір
қажеттіктер көрініс табады. Мәселен, қарым-қатынас жасауға деген қажеттікті
қарым-қатынас мотиві тудырса, еңбекке қажеттік еңбек әрекеті мотивінен туады,
ендеше, өзін-өзі тануға қажеттік өзін-өзі тану мотивінен бастау алады. Белгілі бір
мотивтің әсерімен адам алдына мақсат қойып әрекет етеді, әр түрлі әдістерді,
тәсілдерді, әрекеттер тізбегін пайдалана отырып сол түпкі мақсатына жетеді.
Мақсат
- болашақ нәтиженің алдын ала болжамдалған бейнесі. Егер өзін-
өзі тану пәні мысалында алар болсақ, олар әр түрлі болуы мүмкін және олардың
бәрі өзін-өзі тану барысында бірте-бірте қол жеткізілетін болашақ нәтиженің
бейнесі. Ішкі сипатына қарай мақсаттар "кең" және "тар", нақтылы іске асатын
жэне нақтылы іске аспайтын, шынайы жэне жалған мақсаттар деп бөлінеді.
Өзін-өзі танудың "кең" мақсаттарына адамның өзін жеке түлға ретінде
тануы мен өзінің өмірлік мақсаттарын белгілей алуы жатады. Кейбір ғалымдар
өзін-өзі тану пәнінің мақсатына адамның өзін жеке түлға ретінде тануымен қатар,
өз өмірінің түғырнамалық мэнін саналы түрде ғана емес, бейсаналылық пен
санадан тыс деңгейде тануы да кіреді деп көрсетеді. Мүндай деңгейдегі өзін-өзі
тану өмірдегі басқа мақсаттарды екінші кезекке ысыра отырып, өмір өзегін
басқа арнаға бұратын мақсатқа айналуы мүмкін. Әйтсе де адамдардың дені өзін-
өзі танудың шексіздігін сезінгендіктен де, оны оқытуды өмір сүруге,
жасампаздыққа, өзін-өзі дамытуға жеткілікті дәрежедегі дағдыларды меңгерту
аясымен шектейді.
Өзін-өзі танудың "тар" мақсаттарына адам үшін дәл қазіргі сәтінде өзекті
болып саналатын "МЕН" образының нақты маз-мұны кіреді. Тар мақсаттар
үйлесімділіктің әр түрлі жүйесіне қатысты қарастырыла береді. Адам өзінің
интеллектуалдық мүмкіндіктерін немесе мінез-қүлық қырларын, зейіндік және
қатысымдық қабілеттерін тани алады. Бүл тізімді әрі қарай да жалғай беруге
болады. Ең маңыздысы - өз бойыңдағы танылатын объектілерді немесе
әрекетің мен болмысыңның сипатын тізбелеу емес, бастысы - жеке түлға үшін
дәл бүгінгі танда ненің мәндірек екенін анықтау. Егер біз мамандық тандасақ,
мұндағы басты мәселе - осы таңдалған салаға сай өз қабілеттерімізді дұрыс
бағалап алу және соған өзімізді ыңғайлай білу. Егер біз бір адаммен танысып,
достасуды қаласақ, онда біз үшін мәнді нәрсе - өзіміздің қатысымдық сапамызды,
өзгеге ұнайтын қасиеттерімізді, жақсы дос болу қабілетімізді тани алуымыз.
Өзін-өзі тану мақсаттарының жүйелі қойылымы болуы да мүмкін. Ең бір кең
таралған және тәжірибеде ең жиі қолданылып жүрген бағдарлар жүйесі
"қалаймын" - "орындай аламын" - "қажет" триадасы тізбегі болып саналады. Егер
адам осы мәселелерге жауап бере алса, жақын күндерде және кемел болашақта
неге қол жеткіземін, менің мүмкіндіктерім қандай, олардың бәрі
Достарыңызбен бөлісу: |