1. Тіктөртбұрыштың периметрі және ауданы
А бағанда ұзындығы, В бағанда ені енгізіледі.
Формула жазу керек:
Үшінші бағанға (С1)периметр табу,
Төртінші бағанға(D) аудан табу.
Формулалар:
Перимерт = (Ұзындық + Ені)×2
Аудан = Ұзындық × Ені
2. Пифагор теоремасы
А және В бағанда үшбұрыштың катеттері жазылған.
Формула жазу керек:
С бағанда гипотенуза табу.
3. Квадратты теңдеу
А бағанға а-ның мәні, B бағанға b-ның мәні, C бағанға с-ның мәні жазылады.
Формула жазу керек:
D бағанына дискриминанттың;
E бағанына формулаға + қойып есептегендегі мән;
F бағанына – қойып есептегендегі мән;
G бағанында х-тің кіші мәні;
H бағанында үлкен мәні шығарылатын формула жазылуы керек.
4. Квадрат және куб кестесі
А бағанына 1-ден 10-ға дейінгі сандар жазылады.
Формула жазу керек:
B бағанға сол санның квадратының;
C бағанға сол санның кубының;
С11 жолға жазылған барлық санның қосындысы.
5. Тригонометрия
А бағанына -1 мен 1 арасындағы сандар жазылады.
Формула жазу керек:
В бағанында А бағанында жазылған санның арксинусын радианмен көрсетуі керек;
С бағанында В бағанында тұрған санды градусқа айналдыру керек
Достарыңызбен бөлісу: |