1 Тіл білімінің салалары



Дата28.01.2022
өлшемі36,77 Kb.
#130088
түріҚұрамы
Байланысты:
kz


Сұрақнама:

1. Тіл білімінің салалары

2. Тіл білімінің

басқа ғылымдармен байланысы.

3. Тілдің

қоғамдық мәні мен қызметі



1 Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.

2 Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.Ол – ғалымдардың тілдің өзіндік сипатын әр түрлі түсінулерінен туды.Біреулер тілді биологиялық организм десе, екіншілер психологиялық құбылыс, ал үшінші біреулер физикалық құбылыс деген т.б. пікірлер айтты.Олардың әрқайсыларының өздерінше дәлелдері, сүйенген негіздері болды.Ал, шындығына келсек, тілде аталған сипаттардың барлығы да бар.Әңгіме солардың қайсысының негізгі екенін дұрыс тануда.

Тіл білімі және философия. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.

Тіл білімі және логика. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері – тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.

Тіл білімі және психология. Психология – психика туралы ілім.Психологияның мақсаты – адамдардың психикалық әрекеттерінің объективтік заңдарын, адамның ой – санасын, психикалық қасиеттерінің қалыптасып, даму жолдарын айқындау.

Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу әрекеті – физиологиялық күрделі процесс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар.

Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл – айрылмас бірліктегі құбытлыстар.Тіл — әдебиеттің жаны.Тілсіз әдебиет жоқ.



Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты.

3Тілді қоғамдық құбылыстардың қатарына жатқызуға негіз болатын басты белгі оның қоғамға қызмет ету белгісі екендігі жоғарыда айтылды. Бірақ, тілдің қоғамға қызмет етуі басқа қоғамдық құбылыстардың, мысалы, базис пен қондырманың, қоғамға қызмет етуінен өзгеше болады. Базис қоғамға экономикалық жағынан қызмет етсе, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, қоғам үшін тиісті көзқарастардың нормаларын жасап береді. Демек, тілден басқа қоғамдық құбылыстар, мысалы, базис пен қондырма, қоғамға белгілі бір салада қызмет етеді. Ал тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан айырмасын көрсететін айрықша ерекшелігі мынада: тіл қоғамға қызмет еткенде , адамдардың қатынас құралы, пікір алысу құралы, бірін-бірі түсінісу құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында: өндіріс пен экономикалық қатынастар саласында да, саясат пен мәдениет саласында да, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді.Демек, тіл адамның ісі мен әрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай, оның қимыл өрісі өте кең және әр жақты болады. Тілдің ерекшелігі оның ең басты қызметі – қатынас құралы болуынан келіп туады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет