1 тоқсан бойынша 8-сынып. Бжб бөлім «Дананың сөзі-ақылдың көзі»



бет1/9
Дата08.12.2023
өлшемі193,12 Kb.
#195525
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 тоқсан бойынша 8-сынып. Бжб бөлім «Дананың сөзі-ақылдың көзі»-emirsaba.org


1 тоқсан бойынша 8-сынып. Бжб бөлім «Дананың сөзі-ақылдың көзі»

1 тоқсан бойынша 8-сынып. БЖБ

Бөлім «Дананың сөзі-ақылдың көзі»


Оқылатын шығарма:


Қорқыт. «Бай баласы Бамсы-Байрақ» туралы жыр


Оқу мақсаты:

8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.




Бағалау критерийі:


Білім алушы
  • Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдейді;


  • креативті жазба жұмысын орындайды.




Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану



Орындау уақыты:

15-20 минут


  1. тапсырма


Берілген үзіндіні өлеңге айналдырып жазыңыз.



Ұлыңның атын «Бамш» деп атап жүр едің, ендігі аты Бәмсі-Байрақ болсын,мінген аты

«Байшұбар» деп аталсын. Менің қойған атым сол,тәңірі оның жұрымын берсін»,-

деді.

  1. тапсырма.Қорқыт. «Бай баласы Бамсы-Байрақ» туралы жырдан алған әсерлерің туралы пікір


жазыңдар. (Сөз саны-70-80)




Бағалаукритерийі


Тапсырма


Дескриптор


Балл


Білім алушы

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.


1

Шығарманың сөздерін қайта өңдеп
жазады;

2

шығармашылық танытады;

2



Жырданалғанәсерлеріту ралыпікіржазады.


1

Жырдан алған әсерлерін анықтайды;

1

Пікір жазады.

2





Барлығы

7


8-сынып БЖБ ІІ тоқсан
Бөлім «Сүйіспеншілік пен достық»
Оқылатын шығарма Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауы, «Сарыарқа» өлеңі
Оқу мақсаты
8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу

Бағалау критерийі Білім алушы


көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін қолданады
Шығармадан алған үзіндіні өңдеп, креативті жаза алады;
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну, қолдану
Орындау уақыты 20 минут

1-тапсырма


Берілген үзіндіден түйінді ойды анықтап, өз пікіріңізді білдіріңіз.

Жырдан үзінді


Түйінді ойы


Оқушының пікірі


Шаңдаттырып даласын,


Талқан етіп қаласын,
Атамыз қазақ болғанда
Әлденеше шапқан жер.
Қоралап айдап дұшпанды,
Үргеніш пен Бұхарға
Сарыала алтын, ақ күміс
Қарық олжаға батқан жер,
Алтыннан тұмар таққан жер.
Қырғауылдай қызыл нар,
Қыз-келіншек жиылып,
Қызықпенен артқан жер.
Айыр өркеш сары інген,
Кілем жауып үстіне,
Қыл арқанмен тартқан жер.
Мыңнан жылқы айдаған,
Жүзден нарды байлаған,
Салтанат түзеп мырзалар,
Тамашаға батқан жер.
Қайырсыз болып барады-ау,
Атамыз өткен Асан би
Мұны да құтсыз деп айтқан жер!




2-тапсырма


Берілген үзіндіден автордың айтпақ ойын 3-4 сөйлем арқылы жеткізіңіз.

"Бұл қоныс жеті жұрттан қалған қоныс,


Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.
Қазтуған, Асан қайғы, Орақ, Мамай
Біз түгіл солардан қалған қоныс"
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі


Тапсырма


Дескриптор


Балл

Білім алушы

Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін қолданады


1

Үзінді бойынша жырдың түйінін табады

1

Үзіндінің түйіні бойынша өзіндік пікір білдіреді

1

Кестені толтырады

1

Шығармадан алған үзіндіні өңдеп, креативті жаза алады

2

Өлең мазмұнын түсінеді

1

Үзіндіні өңдейді

1

Өз тұжырымын білдіреді

1

Ой желісін сақтайды

1

Барлығы

7




І ТОҚСАН ҚАЗАҚ ТІЛІ БЖБ

Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»


Оқу мақсаты

8.3.3.1 Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазу , ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау




Бағалау критерийі


Білім алушы
  • Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазады.


  • Мәтіннің астарлы ойын анықтайды




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



Орындау уақыты

15-20 минут




Тапсырма
1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазыңыз.


Сұрақтар:
  1. Көне руна жазуын мелекеттік деңгейде атап өту туралы мәселіні кім қайда қашан көтерді?


  2. Бұл бастаманы қолдаушылар көне руна жазуының күндерін арнайы атап өту не үшін маңызды деп санайды?


  3. Көне жазулардың ішінде ұзақ жылдар бойы аталып, ереркше тойланып келе жатқандары бар ма?


  4. Көне руна жазуының мәртебесін көтеру мақсатында ел ағалары қандай шаралар атқаруда?



Келесі жылдан Қазақстанда көне руна жазуы күні мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен түркі жазбалары мен мәдени күндерінің аясында Кимек мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері» халықаралық ғылыми конференциясында түркітанушы ғалым Алдан Смайыл мәлім етті: «Көне жазулардың тарихын мектеп оқушылары білмейді. Біз соны осы күнге дейін тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. Сонда не істеуіміз керек? Осының барлығын ойлай келе, өткен жылы Үкіметке тағы да хат жолдадық. Хаттың негізгі мақсаты – руна жазуының күндерін біз арнайы өткізуіміз керек. Ғылыми тұрғыда, салтанатты тұрғыда дейсіз бе, әйтеуір өткізуіміз қажет», – деді ол. Ғалым, осы ретте, славян елдерінің бізге үлгі көрсетіп келе жатқанына талай жылдың болғанын атап өтті. «Славян жазуы күнінің халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқанына он жылдан асып кетті. Олар жай ғана өткізбей, славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуге арнайды. Әлемде тек қана бір тіл ғана болған сияқты, ол славян жазуы сияқты өткізеді. Соған әлемдегі бүкіл славянтанушы ғалымдарды шақырады, тіпті барлық республикада, Қазақстанның өзінде өткізіп келе жатырмыз. Целиноград қаласы болып тұрғанда, славян жазбасының күні осы жерде өтті. Ал руна-сына жазуы туралы ештеңе демейміз. Сол тойлар өтіп жатқанда, іштей қынжылатынбыз. Одан да бұрын пайда болған көне жазуымыз бар. Тіпті кейбір ғалымдардың дәлелдеуінше, грек әліпбиіне, кириллицаға негіз болған руна жазуын неге дәріптемейміз деп іштей толғанатынбыз», – деп ой бөлісті түркітанушы.
Осыған байланысты ғалымдар таяуда тағы да республика Премьер-министріне сауал жолдаған. Олар сына жазуының, жалпы түркі жазбаларының тарихын мектепте және жоғары оқу орындарында тереңдеп болмаса да, жеткілікті деңгейде оқыту қажеттігін алға тартқан. Ол үшін арнайы ғылыми-әдістемелік бағдарлама әзірлеу керек. «Екіншіден, Қазақстанда жыл сайын сына жазуы күнін атап өтуіміз керек. Осыған тек қана біз емес, түркі тілдес елдердің ынтымақтастығы кеңесі, халықаралық түркі академиясы, түркі тілдес елдердің парламенттік ассамблеясының күшін біріктіре отырып, түркі әлемінде өткізу туралы ұсыныс жасаған едім. Біздің ұсынысымызды мақұлдаған жауап алып отырмыз», – деп сөзін түйіндеді түркітанушы ғалым.
2. Мәтіннің негізгі айтар ойы неде? Клишеге сүйеніп екі сөйлеммен ой түйіндеңіз.

Клише:
Менің ойымша негізгі ойы... . Оған ... дәлел бола алады.




Бағалау критерийі


№ тапсырма


Дескриптор


Балл







Білім алушы




Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді


Ақпараттың астарлы ойын анықтайды


1

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:
1-сұрақ;

2-сұрақ;


3-сұрақ;

4-сұрақ.


6









2

Мәтіннің негізгі ойына қатысты 2 сөйлеммен ой тұжырымдайды;
Клишені негізге алады.


2
2














Барлығы

10











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет