1. Түркітану ғылымының зерттеу нысаны жазыңыз
Түркітану- түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тілін, этнографиясын, тарихын, ауыз әдебиетін, мәдениетін зерттеу нәтижесінде қалыптасқан. Шығыстану ғылымының жеке саласы.
Түркітану атауы ғылыми айналымға алғаш Орхон-Енисей (Орхон жазба ескерткіштері , Енисей жазба ескерткіштері), көне ұйғыр, манихей, т.б. жазба ескерткіштердің зерттелуіне байланысты еніп, дамыған. Бұл жазбалар Орталық Азия мен өзге де аймақтарды мекен еткен ежелгі түркі тайпаларының тарихын, тілін, әдеби ескерткіштерін, рухани және материалдық мәдениетін зерттеуде аса құнды деректеме саналады. Бұдан кейін Түркітану орта ғасырдағы араб, парсы, түркі тілінде жазылған тарихи жылнамаларды, филологиялық және географиялық шығармаларды зерттеу негізінде дами түсті. Түркітанудың пән ретінде дамуында XIX–XX ғ.ғ. зерттеле бастаған әдеби трактаттар мен филологиялық шығармалардың маңызы зор болды. Бұлардың қатарына түркі тайпалары туралы лингвистикалық, тарихи этнографиялық, фольклорлық деректерді жүйеге келтіре отырып жазылған алғашқы ғылыми еңбектер – Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» атты сөздігі,Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» атты әдеби дидактикалық шығармасы.
2. Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи зерттеу жолдарына концептуалды кесте құрып,түсіндіріңіз
Түркі тілдерін салыстыра зерттеу алғаш грамматикалық категориялардың қалыптасу, даму жолдары салыстырмалы-тарихи зерттеудің обьектісіне жатады. Лексиканы салыстырмалы зерттеу М.Қашқари «Сөздігінен» басталған. Араб тілінде, араб графикасымен жазылған түркологиялық еңбектер ХІ-ХУ ғасырлар арасын қамтиды. Осы мезгіл ішінде түркі тілдерінің салыстырмалы сөздіктерін жасау, шағын көлемді практикалық грамматикалық очерктерін жазу саласында едәуір жұмыстар істеліпті. Араб тілді ғалымдар жазған түркологиялық зерттеулердің ең алғашқысы және ең келемді де күндысы түркі әулиетінен шыққан , Бағдат ғалымы Махмүд Қашқари жасаған «Диуани лүғат ит түрік» деп аталатын сөздік. . Махмүд сөздігі әдеттегі сөздіктер сияқты тек лексикалық материалдармен ғана айналыспай, ол- өте кең мазмұнды зерттеу. Мұнда түркі тілінің сез колданысы, оның семантикалық, дыбыстық, грамматикалық сипаттары, бірі-біріне үқсастық, өзгешеліктері кең қойылып, терең баяндалған.
Жалпы салыстырмалы-тарихи зерттеулерге қойылатын негізгі талаптарға келетін болсақ 1) Тіл материалдарын салыстырғанда оның қазіргі жайын өткендегі тарихымен байланыстыра қараған жөн. Осыған байланысты салыстырмалы-тарихи зерттеудін негізгі мақсатты-ең көне формасын анықтау. 2) Салыстырмалы-тарихи зерттеуде әр тілдің ішкі заңдылығы есепке алынуы керек. Жеке- жеке тіл болып саналатын түркі тілдері өзара ортақ заңдылықтарымен байланысты жатады. 3) Салыстырмалы-тарихи зерттеу хронологиялык зандылықты қатаң сақтау қажет. 4) Салыстырмалы-тарихи зерттеулерде тілдердің генеологиялық жақындығы есепке алынуы керек.
3. Орыс түрколог зерттеушілері.
Түркі тілін соның ішінде қазақ тілін зерттеуде атақты орыс ғалымдары – Н.И.Ильминский, М.А.Терентьев, П.М.Мелиоранский, В.В.Бартольд, В.В.Радлов, Н.Н.Пантусов, В.В.Григорьев,С.Е.Малов, Н.Лаптев, Е.А.Алекторов және М.Н.Бектемиров, қазақ халқының ағартушы ғалымы А.Диваев т.б ғалымдары зор үлес қосқан. Аталған ғалымдар қазақ тіл білімінің лексикалық,грамматикалық және фотенетикалық құрылымын зерттеумен айналысты. Осы кезеңде орыс түркологиясында тұңғыш рет қазақ тілі туралы мәселе көтеріле бастады.Өйткені қазақ тілі туыстас түріктес елдермен салыстырғанда сөзге шешендіктерімен ерекше көзге түскен.
4. Араб жазулы түркі ескерткіштері туралы жазыңыз.
Араб алфавитінің ХІ ғасырдан бастап түркі тілдеріне пайдаланылуы. Абаб алфавитіндегі алғашқы(ескі) түркі жазба ескерткіштері, олардың тіл ерекшеліктері.Ю.Баласағұнидің «Құдадғу біліг»,М.Қашқаридің «Диван лұғат ат- түрк»,А.Югнекидің «Хибат ал-хақайық,Н.Рабғузидің «Қиссас ал-анбия» атты туындылары.Араб жазуындағы орта түркі ескерткіштері, тіл ерекшеліктері. «көркем жазу құдайы» деген лақабы елге жайылған Сұлтан Әли Машхади (1432-1520) болған. Машхадидің көшіруімен сақталған елуден астам кітап бүгінгі күнге жетіп отыр. Олардың арасында Низами, Аттар, Хафиз, Сағди, Дехлеви, Жәми, Науаи, Хұсейін Байқара т.б. классиктердің кітаптары көшірілген.
Қорытындылай келе парсылар өздеріне ыңғайлап арабтың жиырма сегіз әрпіне тағы да төрт әріп қосқан болса, Қараханидтер дәуірі тұсындағы түркі ғұламалары М.Қашқари мен Ж.Баласағұни өз кітаптарында түркі емлесіне ыңғайлы бірлі-екілі әріптер қосқан. Ж.Баласағұн «Құтадғу білік» шығармасында «ң» әрпін енгізгендігі байқалады. М.Қашқари «Диуани луғат ат-түрік» еңбегінде араб қарпіндегі «ф» әрпінің үстіне үш нүкте қою арқылы ағылшын тіліндегі «w» дыбысын білдіретін жаңа әріп қосқан. Алайда түркі диалектілері үшін қолданылған Қашқаридің бұл реформасы кейін қолданыстан шығып қалған. Шағатай тілінде жазылған еңбектерде де түркі сөздерін парсы не араб сөзінен ажыратып тұратын кейбір ішінара өзгерістер болғандығы байқалады.
5. Еуропа ғалымдарының түркологиялық зерттеулеріне талдау жасаңыз.
Түркі халықтары туралы алғашқы мәлімет Еуропада орта ғасырдың басында, Шығыс Рим империясының шекарасында Орта Азиядан ауған көшпелі тайпалардың пайда болуынан басталады. Көне түркі халықтарының тұрмысы, мәдениеті, тарихы туралы мәліметтер Византия дипломаттарының, тарихшыларының, грек, латын тілдерінде жазып қалдырған еңбектерінде кездесетін көрінеді. Дегенмен түркі халықтары, олардың тілдері, мәдениеті туралы ғылыми сипаттаулар Еуропада кейініректе, Осман түріктерімен байланыс жасаудан басталған. В.В. Бартольд История изучения Востока в Европе и России (сочин. т.ІХ. М, 1977.) деген еңбегінде еуропалықтар бірнеше ғасыр бойы тек Осман мемлекетінің тарихын, Османтүрік тілін сипаттаумен ғана шұғылданды дейді. Түркі тілдерін бірбіріне салыстыра зерттеу, олардың салыстырмалы сөздіктерін жасау, көне жазба нұсқаларды филологиялық тұрғыда зерттеу істерімен Еуропа Шығыс зерттеушілері ХVІІІ ғасырдан бастап айналысты. XIX ғасырдың басынан бастап Үндіеуропа тілдерін зерттеу негізінде қалыптасқан салыстырмалытарихи әдістің дамуына байланысты Еуропада түркі тілдерін ғылыми негізде зерттеу едәуір етек алды, зерттеу нысандары да молайды.
6. Шетел ғалымдарының түркологиялық зерттеулеріне сараптама жасаңыз.
Батыс ғалымдарының ішінде бұдан жеті ғасыр бұрын қазақтар туралы ең алғаш қалам тартып, шынайы лебіз білдіргендердің бірі жазушы ірі саяхатшы,
Достарыңызбен бөлісу: |