10 дәріс тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық
тетігі Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиясы.
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиясы. Сыбайлас жемқорлық
проблемасына арналған көптеген зерттеулер көлемі экономикалық,
әлеуметтік және заң тұрғысынан бағалауға ұшырайды. Алайда, сыбайлас
жемқорлық әрекеттің психологиялық көзқарасы бойынша қазіргі кездегі
түсінігі әртүрлі. Сыбайлас жемқорлық проблемасын психологиялық тілде
сипаттау үшін бірқатар негізгі ұғымдар мен олардың анықтамаларын енгізу
қажет: сыбайлас жемқорлық әрекет – бұл лауазымды адамның қызметтік
жағдайын асыра пайдалану арқылы жеке пайда табуға бағытталған әрекеті;
сыбайлас жемқорлық қысымы – лауазымды адамға бұл жеке пайда табу үшін
билік өкілеттіктерін асыра пайдалану немесе одан бас тарту арасында таңдау
жасауға әкелетін ықпал етудің әлеуметтік және психологиялық факторлары
жиынтығы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық – бұл сыбайлас
жемқорлық қысымына қарсы тұру және қылмыс пен заңға мойынсұнатын
әрекет арасында соңғысының пайдасына таңдау жасауды жүзеге асыру
қабілетімен көрінетін тұлғалық жүйелік қасиет; сыбайлас жемқорлыққа
бейімделу – сыбайлас жемқорлық қысым жағдайында сыбайлас жемқорлық
әрекетін таңдауға жеке бейімділік; сыбайлас жемқорлығы дендеген адам –
сыбайлас жемқорлыққа жоғары бейімділік және төмен сыбайлас
жемқорлыққа қарсы орнықтылықты игерген белгілі бір әлеуметтік тип [1].
Сыбайлас жемқорлық әрекет факторлары сыртқы (сыбайлас жемқорлық
қысым) және ішкі (сыбайлас жемқорлыққа бейімділік, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы орнықтылық) болып жіктеледі [1, 324-б.]. Әлеуметтік
тұрғыдан сыбайлас – бұл жалпы қабылданған әлеуметтік нормаларды бұзу,
бұрмалау, зақымдану және кейіннен белгілі бір қоғамдастықта оларды
жасырын егу. Егер, бір жағынан, қоғамда және мемлекетте сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жалпы қабылданған норма ретінде ресми түрде
айтылған, ал екінші жағынан, күнделікті қатынастарда тұрмстық сыбайлас
жемқорлық кең таралған болса, ресми айтылған және нақты қолданыстағы
мінез-құлық нормалары арасындағы қарама-қайшылық айқын. Салдарында,
мемлекеттік қызметшілер мен олардың қызметтердің тұтынушылары ретінде
азаматтардың мүдделер қақтығысы орын алады. Осылайша, әрекеттердің
«қосарлы стандарты» психологиясы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін
фактор болып табылады. Бұл ретте қоғамық қатынастарға қатысушылардың
екі жағы да (мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар) сыбайлас жемқорлық
қысымын сезінеді. Сонымен қатар ешқандай сыртқы жағдайлар, егер олар
сыбайлас жемқорлық тұлғасының ішкі қасиеттерімен келіспесе құқыққа
қарсы әрекеттердің себептерін айқындай алмайды. Сыбайлас жемқорлық
әрекетінің күрделі психологиялық тетігін және оның әрбір элементі қажетті
өзара байланыс пен өзара тәуелділікте қаншалықты болғанын түсіну үшін
қазіргі заманғы сыбайлас жемқордың бейіні мен оның психологиялық
портретін қарастыру керек. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдар
арасында жүргізілген психологиялық зерттеу психологиялық бейінді және
олардың аз ғана адамдар тобымен араласуға ұмтылысы, жақын қарым-
қатынастар орнату кезінде абай болу, сыбайлас жемқорлық құрбандарына
қатысты аяушылықтың жоқтығы сияқты бірқатар қасиеттерді айқындап берді
[2]. Олар, әдетте өздерінің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ешқашан жаза
болмайды деп ойлайды. Атап айтқанда, қазіргі сыбайлас жемқорлықтың
ашықтық және арсыздық сияқты сипаттамасы анықталып отыр. Жасырын,
«қауіпсіз» парақорлық үздіксіз дамитынын атап өту керек, өйткені
жемқорлар жасампаздығының жоғарылығы күмән тудырмайды. Шетелдік
зерттеулердің деректеріне
сәйкес
сыбайлас
жемқорлық бойынша
айлашарғыларда зияткерлігі жоғары және мәселелерді стандартты түрде емес
шешетін шығармашыл адамдардың мейлінше жолы болады. Нәтижесінде
кейбір сыбайлас жемқорлық схемалары мен сыбайлас жемқорлық әрекетін
ұйымдастыру тәсілдері әккілікпен және жетілгендігімен таң қалдырады [2,
57-б.]. Сыбайлас жемқорлыққа дендеген тұлғаның психологиялық портреті:
өмірді материалдық игіліктер алу арқылы бағалау, молшылық өмірге
ұмтылуды бақыт көрсеткіші деп санау, рухани әрекет ұстанымдарын ой
елегінен өткізбей уәждеу және құрылымдау, өмірге қанағаттанушылықтың
төмен деңгейі, өзін-өзін барабар бағаламау, сыртқы бақылау фокусы
(адамның өз өміріндегі оқиғалар үшін жауапкершілікті сыртқы факторларға:
басқа адамдарға, тағдырға, кездейсоқтыққа, қоршаған ортаға жабу
бейімділігі), әрекет етудің серпінді типі (сыртқы әсерлерге аяқ асты
эмоциональдық әрекет жасайтын мінезі бар адам) [2, 328-б.]. Сыбайлас
жемқорлық әрекеті құрылымындағы психологиялық тетікті талдау.
«Психологиялық тетік» деп кейбір функциональдық тұтастықты сипаттау
түсініледі және қандай себептерге орай қандай да бір феноменнің пайда
болатыны сипатталады. «Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық
тетігін» сипаттау үшін бұл процес қалай, қандай түрде жүзеге асырылатын,
адамның бұл әлеуметтік әрекетін қоғам мен өзі қалай реттейтінін, бұл
әлеуметтік құбылыс негізінде қандай психологиялық процестер, функциялар,
феномендер жатқанын ұғыну қажет [4]. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің
психологиялық тетігін талдау ауытқитын әрекеттің психологиялық
тұжырымдарына негізделген. Оларға фрустрация теориясын (Дж. Доллард,
1939; Э. Фромм, 1994), «үйретудің» бихевиористік теориясын (В. И.
Полтавец, 1998) жатқызуға болады. Бірінші теорияның мәні ауытқымалы
әрекеттің өмірлік маңызды жеке қажеттіліктердің фрустрация (қол жеткізудің
мүмкін еместігі) нәтижесі ретінде сипатталатынын білдіреді. Осылайша ол
пайда болған кедергілерді еңсеруге және ұмтылған нәрсеге қол жеткізуге
бағытталады. Екінші теория әрекеттегі девиация дегеніміз адамның тәрбие
процесінде алған әрекеттік қорғану тәсіліне еліктеу нәтижесі екенін
байыптайды. Алайда, құндылық ұстанымдарды адам көбіне сезінбейді. Бұл
адам өмірінің стил тұтастығын айқындайтын және оның ұстанымдарын ұзақ
өмірлік бағдарламаларға қалыптастыратын базалық діни-философиялық,
рухани, эстетикалық критерийлер және мұның бәрі тұлғалық әрекеттің
нақты-ахуалдық нормаларын тікелей айқындайды.
Адамның сыбайлас
жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін сипаттау мақсатында адамның
әлеуметтік әрекетінің қандай бар бір нысанын қалыптастыратын
құрылымдық элементтерді мен олардың өзара байланыс және өзара әрекет
схемаларын, психикалық процестердің жүру себептерін, заңдылығын,
серпінін айқындайтын модель әзірленді. Бұл модель адамның ілгерінді және
теріс сипаттағы, атап айтқанда тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа бейім де,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы да әрекеті сияқты психологиялық тетігін
айқындайды.
Психологиялық
тетіктің
құрылымдық
элементтерінің
әрқайсысы сыбайлас жемқорлық әрекетіне қатысты өз сипаттық ерекшелігі
болады. Мейлінше елеулі элементтерге талдау жүргіземіз. Қалау
Қызығушылық Дүниетаным Сенім Мақсаттар Құндық бағдарлар Қажеттілік
Бастапқы нақты уәж Міндеттер Ұсынымдар Психологиялық доминант
Тұлғалық ұмтылушылық Қорғаныс уәжі Психологиялық қорғаныс Қызмет
Бағыттылық Дайындық Қанағаттану Келешекті түйсіну Әрекет стилі Адам
әрекеті қалыптасуының психологиялық тетігі Қалаушылық адамның
әлеуметтік әрекетінен көрінетін адам табиғатының ажырамас өзіндік
элементі болып табылады. А. Маслоу теориясына сәйкес қажеттілік сатысы
болады, онда мейлінше төмен деңгейдегі негізгі қажеттіліктер төменгі
сатыда, ал жоғары деңгейдегі қажеттіліктер ең жоғарыда болады [5].
«Қалаушылық» элементі адам әрекетін қалыптастыру тетігін құрай отырып,
сыбайлас жемқорлық әрекетінің міндетті құрылымдық элементі болып
табылмайды. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігінің
құрылымына кіретін бастапқы буындардың бірі мүдде. Мұнда сыбайлас
жемқорлық қатынастарының бастамашысы кім болатының айырмасы жоқ:
басшы тұлғаның бастамашысы бойынша пара сұрау (бопсалаушы) не
сұраушының бастамасы бойынша парамен сатып алу. Нақ осы тұста
мүдделер, қалаушылық перспективаларды (жеңіл баю, әлеуметтік мәртебені
арттыру және т.б. мүмкіндігі) және өз мүмкіндіктері мен біліктігін (иеленген
лауазым, мүмкіндік және т.б.) барабар бағалау негізінде пайда болады.
Қазіргі заманғы жемқор – жоғары білімді, жақсы отбасы иесі, жақсы
қызметкер (олардың көпшілігінің қызметтік тізімі мінсіз болады әрі айрықша
іскерлік қасиеттермен және жұмыс қабілетінің жоғары деңгейімен,
дүниетанымының, психикасының орнықтылығымен, көбіне жоғары
материалдық жағдайымен ерекшеленеді) екенін ескере отырып, ол ең
алдымен «өзін-өзі көрсетуге» ұмтылған тұлға. Бұл ретте, өзін басқалардан
ерекше етіп көрсету (барынша жоғары әлеуметтік жағдайға ұмтылу,
қамқоршы, «керек байланыстар» жүйесі, жеке оңай олжаны көксеу,
молшылық өмірге ұмтылу, салынған қаражаттың «қайтарушылығын» күту
және т.б.) ол үшін аса маңызды. Әрекеттің қозғаушы себебі ретінде көрінетін
әрекет уәжі сыбайлас жемқорлық әрекеті тетігіндегі негізгі компоненттердің
бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әрекеті уәжін әлеуметтік-
психологиялық зерделеу қызықты нәтиже берді, ол екі жетекші уәжді
көрсетті: материалдық игілікке ұмтылудан тұратын жеткілікті түрде анық
уәж және сыбайлас жемқорлықты қауіпті және еліктіргіш ойын ретінде
көрсететін таптаурын уәжі. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің мейлінше жиі
кездесетін уәждері оңай олжаны көксеу, молшылық өмірге ұмтылу, салынған
қаражаттың «қайтарушылығын» күту, қамқоршылық жүйесі, қауіпті ойын.
Ю. М. Антонянның пікірінше «сыбайлас жемқорлық әрекетіндегі ойын
уәждері пайдакүнемдік уәжбен сипатталады және бір-біріне себеп бола
бастайды. Уәждеменің осы екі негіздерінің болуы, олардың бір бірін өзара
күшейтуі сыбайлас жемқорлықтың таралушылығын және бұл әрекет өмір
салты бола отырып, көп жылдар бойы іске асырылатын түсіндіреді» [6].
Америкалық психологтар, адамды сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасауға
формальды
топтарда
табиғи
қажеттіліктерге
қанағаттанбаушылық
итермелейді, олар осы орайда баюды көксеу, қоршаған адамдармен
бәсекелесу, туа бітті агрессивтік және өштес және т.б. мінездерді атайды. С.
Л. Рубинштейннің пайымдауынша қажеттілікте адамды мұқтаждықты
қанағаттандыру мақсатында жағдайды өзгертуге бағыттайтын белсенді
қатынасын (ұмтылысын) қамтиды. Демек, қажеттілік адам өз белсенділігін
көрсету үшін қайдан энергия алатынын түсіндіреді [9]. Серпінді білім және
тіршілік иесінің танып-білу процесі: қиял мен әрекетті ұйымдастыратын
және бағыттайтын белсенділігінің бастапқы нысаны қажеттілік болып
табылады. Егер қажеттілік адамның дамуының қозғаушы күшінің негізі
болып табылады, осының арқасында өмір мақсаттылыққа ие болады және не
қажеттілікті қанағаттандыруға қол жеткізіледі не қоршаған ортамен кезеңсіз
кезігу орын алады. Қажеттіліктер өзгеріссіз қалғанымен адамның жалпы
мәдениетінің, оның нақтылық және өзіне қатысты білімінің өсуіне қарай
жетіліп отырады [6]. К. Левин берген анықтама қызығушылық тудырады:
«Серпінді жағдай ретіндегі қажеттілік – бұл белгілі бір ахуалда пайда
болатын қандай да бір шиеленісті жағдай (ниет), ол адам әрекетін
қамтамасыз етеді және қанағаттанушылыққа ұмтылдырады». Әрекеттің кез
келген нұсқасы ішкі қажеттілік пен оларға қол жеткізу тәсілдерінің шиеленісі
нәтижесі. Қалыптасқан мүдделер мен нұсқамалар сыбайлас жемқордың
қажеттілігі ретінде көрінеді және оның белсенді сыбайлас жемқорлық
мүдделерінің қайнар көзі болмақ. Таңдау сәті мейлінше маңызды қажеттілік
ретінде де және оған қол жеткізу тәсілі ретінде де бұл процестің негізгі
қозғаушы күші болады. «Табысты» лауазым «жеңіл ақшаға» қол жеткізу
тәсілі болып табылады. Бұл жағдайда перспективалық жекелеген мақсат
ретінде көрінеді. Сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай жасайтын біздің
мәдениетіміздің маңызды әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі формальды
емес әлеуметтік қатынастардың формальды қатынастардан басым болады. Т.
А.
Нестиктің
байыптауынша,
«патернализм,
иерархиялық
және
сыйлықтармен және қызметтермен бекемделе түсетін билікпен формальды
емес қатынастардағы тірек мәдениеттің іргелік сипаттамасы бола бастады»
[7]. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың нормативтік қызметтерді ақшаға
айырбастау сияқты нысаны қызметтерге қызметтерді айырбастату,
қызметтерді әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы мейлінше жоғары мәртебені
алуға айырбастау сияқты оның түрлерімен толыға түседі. Мүдделердің,
әуестіктердің, көзқарастардың, сенімдердің нұсқамаға ауысуы саналы түрде
де аңдаусыз да жүзеге асырылады. Алайда, екі жағдайда да нәтиже біреу –
көзқарастардың, сенімдердің нұсқамаға айналуы оны сақтаудағы автоматты
түрде жасалуына, оны орындауға субъективті қажеттілікке әкеледі. Ұстаным
деп тұлғаның көңілі соққан және қандай да бір әрекеттерді тиімді орындауға
мүмкіндік беретін жай-күй түсініледі. Қате әрекеттерден, қабылдаулардан
немесе бағалаулардан көрінетін «ұстанымның қателігі» оның айрықша
көріністеріне жатады. Нақ осы «ұстаным» адамның психикалық әрекетінде
орталық сипатта болады және тұлғаның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы,
«қажеттіліктің» оны қанағаттандыратын жағдаймен кездесуі кезінде айқын
көрінеді. Оған қоса жемқорлық байланыстарының жүйелік дәрежесі
сыбайлас
жемқордың
ұстанымына
(сыбайлас
жемқорлық
билік
қатынастарының ажырамас бөлігі ретінде) тікелей барабар болады. Е. П.
Ильин пікірінше, ұзақ уақыттық уәждемелі ұстаным рөлінде көрінетін
қажеттіліктің немесе қызығушылықтың орнықты түрде үстем болуы өмірдің
өзекті желісін қалыптастыруы мүмкін. Осыған байланысты, ол адамның осы
жағдайда дайындығы мен әрекеті мен іс-қимылының нақты тәсілдерін
айқындайтын уәждемелі ұстанымға тән қасиеттерді тұлға бағыттылығының
бірі ретінде санау жеткіліксіз. Ол іс-қимыл мен әрекеттің және кез келген
қызметтің бағыттаушы. Ұстаным орнықты түрде үстем болуға тиіс, көбіне
тұлғааралық және тұлғалық-қоғамдық қатынастармен байланысты әлеуметтік
ұстанымдар осындай болады [8]. Сыбайлас жемқорлыққа жатпайтын әрекет,
ең алдымен «жеңіл баюдың» психологиялық күтушілігін, өзекті
қажеттіліктері мен уәждерінің проекциясын сыбайлас жемқор өзіне иеленетін
ішкі бейне құрылады. Осыдан бастап өмірлік салдары бойынша аса қауіпті
және генез үшін түбегейлі процесс – шынайылықты бұрмалап байыптау
басталады: сыбайлас жемқор өз әрекеті үшін тартымды саналатын басты
қайнар көзді көре бастайды. Ұстаным сыбайлас жемқорлық әрекетін жасауға
жоғары дайындықты, бірақ әлі айқын ниетсіз өзіндік психологиялық
доминантқа айналады. Саналы психологиялық әрекет ретінде жүзеге
асырылатын «керекті байланыс» деп аталатын сыбайлас жемқорлар арасында
өзара қатынастар аса маңызды рөл атқарады. Олардың өзара
қарымқатынастары процесінде қалыптасатын сыбайлас жемқорлардың нақты
байланыстарының
артында
сыбайлас
жемқордың
күтуінің,
өзара
мүдделерінің, жеке мүдделерінің күрделі жүйесін, тұлға аралық ұстанымнан
көрінетін әртүрлі рөлдік және мәртебелік жағдайларды көруге болады.
Сыбайлас жемқорлар өзара қатынастарға түсе отырып, сыбайлас жемқорлық
әрекетін жасайды және көбіне олардың әрекетінің нақты мазмұны болады.
Бұл құбылыстар бізге бәлкім теріс аударылған түрде көрініс беріп, өзін басқа
жағынан көрсетеді, нәтижесінде өзара қатынастар мен өзара іс-қимылдардың
сипаты өзгереді. Ұстанымның дамуы білімді иелену және жүйелеу жолымен,
сондайақ орнықты, дәйекті және мақсатты сипатта болатын ішкі дайын
болушылықтың қалыптасуы арқылы қол жеткізіледі. Егер ұстанымдар әрекет
стратегиясын айқындаса,уәждер әрбір нақты жағдайда тактиканы
айқындайды. Бұл тұста уәж осы тұлғаға сыбайлас жемқорлық әрекетін жасау
мүмкіндігін беретін мақсаттар мен бағдарламалардың вербалдануы ретінде
көрінеді. Нақты уәждеме әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан бастапқы
барабар мақсаттың («жеңіл табыс») болуын болжайды. Адамда қоғам
белгілейтін жалпы қағидалар мен әрекет нормаларына тәуелді болу жоғала
бастайды. Әрекеттің сыртқы ынтадан босануы іске асады. Сонымен бір
мезетте өзі үшін қоғамға қарсы әрекет жасау мәнін жоғалтудан көрінетін
тұлғаның дербестік деңгейі өсе түседі. Адам, оның қоршаған ортаға
ұнайтыны-ұнамайтынына қарамастан сыбайлас жемқорлық әрекетін жасауға
барады. Ұстанымның бұзылуы, яғни бағыттылықтың жойылуы байқалады.
Қалыптасқан әрекет стилінен бас тартуды қаламайтын сыбайлас жемқор
көбіне ақталуға мәжбүр болады. Мәселен, нақты уәждермен қатар қорғаныс
уәждемесі пайда болады, яғни бұрынғы тұлғаны шеттетіп, бүлдірген басқа
тұлға туады. Сонымен бір мезетте психологиялық қолайлылық сезімін
сақтайтын қорғаныс тетігі іске қосылады. Олар үшін теріске шығару мен
өтемақы, сыбайлас жемқорлық қылмысы құрбандарының өздері де осындай
қылмыстар жасағаны туралы сенім сияқты психологиялық қорғаныс түрлері
тән болады. Қорғау тетіктерінің пайда болуы сыбайлас жемқордың әрекеті
уәждемесінің сапалы жағынан өзгергенін көрсетеді. Сандық қатынас
жағынан бұл К. Морган бойынша «орталық уәждеме жағдайының» пайда
болуынан көрінеді, ол мынадай қасиеттермен сипатталады: 1) ол бір рет
пайда болса сенсорлық қоздырғыштар тарапынан қолдаусыз әрі қарай созыла
береді; 2) салдар тобының ұлғаюынан көрінетін жалпы белсенділікпен ілесе
жүреді; 3) ұмтылыстардың кей түріне ден қоюға, екінші түріне көңіл
бөлмеуге бейімділік, бұл әрекетті бұзуға жоғары дайындығынан көрінеді.
Орталық уәждемелі жай-күй негіз болып табылады, онда сыбайлас
жемқорлық әрекетке дайын болушылық өркен жаяды. Нәтижесінде сыбайлас
жемқорлық әрекеті жетекші уәж болып қалыптасады. Оған қоса тұлғаның
дербестігі қанат жаяды. Бұл сыбайлас жемқордың «қолайлы» ортамен
араласуына ықпал етіп, әлеуметтік бақылау мүмкіндігін азайтады және
сыбайлас жемқорлық әрекетінің одан әрі күшеюіне және осы дертпен
шалдыға түсуіне ықпал етеді. Егер әрекет нормаларынан ауытқудың
бастапқы көріністерінде тұлғаның психологиялық негізін бұзбайтын және
рухани-этностық құндылыққа бастайтын қандай да бір деңгей туралы айтуға
болатын болса, одан әрі нормадан жүйелі түрде ауытқу кезінде сыбайлас
жемқорлық тән әрекет стилі қалыптасады, ол кезде осы ауытқушылық
жетекші мағына құраушы қажеттілік ретінде көрінеді. Нәтижесінде сыбайлас
жемқорлық әрекеті басты уәждемелі күшке, өмірдің негізгі мәніне айналады.
Осы кезеңде сыбайлас жемқорлық әрекетінің сипаты мен мазмұны өзгереді.
Сыбайлас жемқорлық әрекеті эмоционалдық салада оқшауланатын құбылыс
болып, зияткерлік функцияны да қамтитын тұтастай қолайлы жай-күйге
дейін кеңейеді. Нәтижесінде «жеңіл табыс табу» мүмкіндігі әрекет стиліне
айналады. Әзірленген тетікті егжей-тегжейлі талдау өзінің күрделі
ойпайымымен ерекшеленетін сыбайлас жемқор тұлғасы деструктивті тұлға
екенін ұғынуға мүмкіндік берді, оның әрекеті кез келген мемлекет үшін
бүлдіргіш сипатта болады. Әр замандағыдай сыбайлас жемқорлықтың түпкі
мақсаты бұрынғыдай қала береді, ол – адамның заңсыз жолмен алатын жеке
пайдасы немесе өзге сыйақы. Мұндай тұлға сана-сезімге тиісті таптаурынды
ой қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың дұрыстығы мен
перспективалығы жөнінде келешек ұрпаққа нұсқама беруімен қауіпті.
Осылайша, сыбайлас жемқорлық әрекеті үрдісі әуелгіде көңіл-күй,
қызығушылық, пікір, жекелеген адамның нұсқамасы ретінде көрініп, одан
соң нақты әрекеттен көрінетін әрекеттер мен іс-қимылға айналады. Сыбайлас
жемқорлық әрекетінің диагностикасы мен профилактикасы әдісіне: –
әлеуметтік-коммуникативтік процестер мен нормсативтік құжаттардың
психологиялық мониторингі; – әртүрлі жүріс-тұрыс моделдерінде субъект-
субъекті қатынастары (пара беруші – делдал – пара алушы)
профилизациялау; – алдын алу шараларының мазмұнын түзету және
сараптау; – әлеуметтік нормалар мен таптаурын мәселелерді өзгерту;
психологиялық-диагностикалық әдістерді (полиграф, тестілеу, вербальды
және вербальды емес бақылау және т.б.) қолдану жатады. сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимылды осы құбылысқа (сыбайлас жемқорлық
әрекетінің сыртқы факторлары) әлеуметтің қатынасын өзгертуге, сонымен
қатар қалыпты мінез-құлықтық бейінге және олардың әлеуметтік
стереотиптерін қалыптастырушыларға түрлендіруге де бағдарлау қажет
(сыбайлас жемқорлықтың ішкі факторлары).
Достарыңызбен бөлісу: |