«Бастауыш сыныпта дүниетану курсының міндеті мен мазмұны»



бет1/7
Дата19.12.2021
өлшемі1,79 Mb.
#103355
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Нуршаева Анеля. 12.01.2021
Асқын өткізгіштік(14), adjective and adverbs, era-innovaciy, Музыка 6 сынып КМЖ

«Бастауыш сыныпта дүниетану курсының міндеті мен мазмұны»

Топ:31 «БШ»

Орындаған: Нуршаева Анеля Маратжановна

Тексерген: Садырбекова Акбала Тулеукуловна


№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Алматы, 2020



Жоспар:
  • Дүниетану әдістемесінің пәні.
  • Бастауыш мектепте дүниетануды оқып үйрену міндеттері.
  • Бастауыш мектептегі дүниетанудың базалық білім мазмұны.

Дүниетану әдістемесінің пәні

«Дүниетану» бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында қалыптасатын адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі туралы білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. 

Оқу пәнінің міндеттері:  - білім алушылардың бойында қоршаған ортаны құраушылардың  біртұтастығы мен өзара байланыстылығы туралы қарапайым  түсініктер қалыптастыру;  - білім алушыларға құндылықтар жүйесі, әлеуметтік ортадағы мінез–  - құлық және қауіпсіздік нормалары және экологиялық мәдениет туралы алғашқы түсініктер беру;  - білім берудің бастауыш деңгейінде білім алушыларды оқытудың  - келесі деңгейлерінде жаратылыстану және қоғамтану пәндері шеңберінде қоршаған орта туралы тереңірек білім алуға даярлау және олардың бойында өзбетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру. 

Дүниетану оқушылардың қоршаған ортаның әртүрлі нысандары мен құбылыстарын оқып-үйренуге бағытталған танымдық іс-әрекеттердің әдістері мен тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады. Оны оқып-үйренудегі негізгі мәселелер бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың оқу үдерісінде дүниені танып-білуі, сол арқылы оларды тәрбиелеу және дамыту болып табылады.

«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру. 

Дүниетану-өте қызықты, ерекше, жан-жақты пән. Бұл пәннің ерекшелігі сол мұнда тарих, биология, экология, физика, астрономия, сурет бәрі де қамтылады. Мұнда картамен жұмыс істеу, план түсіру, масштаб есептеу, елдерді жаттау, оны картадан табу сияқты жұмыстарды алғашқы жұмыс түрлері жасалынады. Жаңа білімді қалыптастыруда зертханалық-сарамандық жұмыстарды тиімді пайдалану, ондағы берілген тапсырмаларды практика жүзінде орындату жақсы нәтиже кепілі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет