4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Табиғат және адам» бөлімі БЖБ №1
Оқылатын шығарма
Қадыр Мырза Әлі «Қызыл кітап» поэмасы
Оқу мақсаты
11.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
11.2.3.1 - шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау;
11.3.4.1 – шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
Бағалау критерийі
Білім алушы
шығармадан алған үзінді,қанатты сөз, дәйексөздерді шығармашылық жұмыста қолданады;
шығарманың идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысына талдау жасайды;
шығарманы идеясын мазмұндас туындылармен салыстырып, әдеби сын жазады.
Ойлау дағдысының деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты
15-20 минут
1-тапсырма.Қадыр Мырза Әлі «Қызыл кітап» поэмасынан берілген үзіндіні негізге алып, өлең құрастырыңыз.