13. Орнын толтыру және бейімделу процестер Француз ғалымы К. Бернер өзінің көптеген зерттеулерінің



Дата29.05.2020
өлшемі32,93 Kb.
#71624
Байланысты:
Патология конс10


13. Орнын толтыру және бейімделу процестер

Француз ғалымы К. Бернер өзінің көптеген зерттеулерінің

нәтижесінде организмнің ішкі ортасының тұрақтылығының ма-

нызы жөнінде ең бірінші пікір айтқан. Ол организмнің ішкі ортасы мен өзін қоршаған құбылмалы сыртқы ортаға үздіксіз бейім-

деліп түруы, тіршіліктің бірден-бір шарты деп есептеген.

В. Кеннон осы ішкі орта тұрақтылығын гомеостаз (homeostasis)

деп атады. Ол осы тұрақтылықты сақтап тұратын физиология-

лық механизмдер, организмнің қоршаған ортаға төзімділігінің

негізі екендігін айқындады.

Сонымен гомеостаз деп, организмнің қоршаған орта жағдай-

-

ларына эволюция нәтижесінде қалыптасқан, бейімделу реакция-



сын атайды. Гомеостаздың тұрақтылығына тұқым қуалаудың,

жүйке және эндокрин жүйесінің, иммундық реактивтіліктің, то-

қымаларды қайта қалпына келтіру процестерінде маңызы зор.

Аурудың пайда болуы осы тұрақтылық қалпының бұзылып, орга-

низм мен қоршаған орта арасында жаңа қарым-қатынастар пайда

болуына байланысты. Организм осы өзгерістерге қарсы күресу-

мен қатар, оған бейімделе алады, ауру нәтижесінде әлсіреген не

істен шыққан ағзалар функциясының орнын толтыру«а әрекет

жасайды. Осы процестерді еселеу (компенсаторлы) бейімделу

дейді. Ауру барысында пайда болған осы бейімделу және орнын

толтыру реакциялары аурудан сауығып кету механизмдерінің

негізін қалайды. Осы реакциялар нәтижесінде кейбір аурулар ұзақ

уақыт сырттай байқалмайды.

A. И. Струков осы реакцияларды бірнеше кезеңдерге бөледі:

1) еселеудің қалыптасу кезеңі; 2) еселеудің орнықты кезеңі;

3) еселеудің әлсіреу кезеңі (декомпенсациясы).

Компенсацияның қалыптасу кезеңі зақымдаушы әсерлермен

алғашқы кездескенде пайда болады. Ол әсер өте күшті болса

(мысалы организм уланғанда), реакция жеткілікті түрде өрістей

алмай, организм мерт болады, Егер организм осы әсерлерге қар-

сы орнын толтыру және бейімделу реакцияларын өрістете алса,

өз тіршілігін сақтап қалады. Сондықтан организм өз қызметін

бүтіндей қайта қалпына. келтіреді - бүл еселеудің орнықты ке-

зеңі. Бірақ еселеуді сауығып кету деп қарауға болмайды, ол белгілі

бір мерзімге дейін ғана созылатын ахуал. Ерте ме, кеш пе еселеу

процестері әлсіреп, декомпенсация кезеңімен аяқталады. Кесел-

ге ұшыраған ағзалардың әбден титықтап, істен шығуы созылма-

лы аурулар тудыратын өлімнің негізгі себебі болады.

Орнын толтыру процестерінің морфологиялық көріністері

әртүрлі оларға: регенерация, гипертрофия және гиперплазия про-цестері жатады. Ал бейімделу процестеріне: атрофия, метапла-

зия және орнын толтыру жатады.

13. 1. Регенерация

(латынша - regeneratio - қайта туу, жаңару)

Өлген торшалардың, тоқыма элементтерінің, ағза қызметінің

жаңарып, қайта қалпына келуін атайды.

Көптеген бейімделу реакцияларының негізіне регенерация

жатады. Организмде жүріп жатқан патологиялық процестер,

ағза қызметінің бұзылуына, олай болса, торшалардың түрлі

құрылымдық өзгерістеріне алып келеді. Осы жойылған құры-

лымдар өз қалпына келгенде ғана, ағза қызметін әрі қарай

жалғап, қоршаған орта талаптарына сай әрекет ету мүмкінші-

лігіне ие болады.

Регенерацияның үш түрі бар: 1) физиологиялық; 2) репера-

тивтік; 3) патологиялық регенерация. Физиологиялық регенера-

ция ешбір әсерсіз қалыпты жағдайда етеді. Физиологиялық реге-

нерация тозығы жеткен тоқымалар мен торшаларды жаңартуға

бағытталған. Оның мысалы ретінде терінің, ішек-қарын, тыныс

алу жүйелерінің эпителиінің үздіксіз алмасып тұруын келтіруге

болады. Егер де осы процестер уақтылы өтпесе, шырышты қабық-

тарда жара пайда болып, әртүрлі микробтар тікелей қанға өтіп

кетер еді. Демек, регенерация шырышты қабықтардың бүтіндігін,

олардың қорғаныш қызметін қамтамасыз етеді, ішкі және сырт-

қы орта тұрақтылығын қалпына кептіреді. Тіршілігі жойылған

қан элементтерінің ыдырап, орнына жас элементтердің үздіксіз

пайда болып тұруы да физиологиялық регенарация түріне жа-

тады.


Репаративтік регенерация торшалар мен тоқымалардың

әртүрлі себептерге байланысты зақямдануы нәтижесінде пайда

болады.

Регенерация процесі барлық жан-жаңуарларда бірдей өт-

пейді. Мысалы, бақша ұлуының басын кесіп тастаса орнына жаңа

бас пайда болады. Кесірткенің үзілген құйрығы қайтадан өсіп

шығады. Көпке дейін толық регенерация (реститушия) деп, осы-

лайша жоғалған ағза орнына сол тектес жаңа ағзаның пайда болуын түсініп келдік. Бірақ эволюцияның ең жоғары сатысы-

на көтерілген сүт қоректілерде де, адамда да бұл секілді жаңару

жоқ. Көпке дейін соған қарап даму процесінің ең жоғарғы саты-

сындағы организмдерде регенерация мүмкіншілігі жоғалған не

өте төмендеген деген ұғым-қағида болды. Дегенмен, көптеген

зерттеулер нәтижесінде, әсіресе кейінгі 20-30 жыл ішінде, бұл

организмдерде регенерацияның басқа, көп уақытқа дейін анық

болмаған түрлері бар екені анықталды. Оәселені толық

шешуде Д. С. Саркисовтың және оның шәкірттерінің орны

ерекше. Олар электронды микроссопты пайдалана отырып,

регенерация процесінің жаңа зандылықтарын ашты, торша

ішіндегі регенерация - регенерация процесінің жан-жақтылы-

ғын анықтады. Осы зерттеулер нәтижесінде толық регенерация

болмаған жағдайда ағзалар мен торшалар қызметі қалайша қал-

пына келеді деген сұраққа толық жауап алынды.

Ағза қызметінің қайтадан жаңаруы үшін, оның сыртқы

пішінінің қайта қалыптасуы шарт емес. Мысалы, бауырдың

жарты бөлігін алып тастағанда, кесілген жерде тыртық пайда

болады (субститутция - жартылай регенерация). Ал бауырдың

қызметі қалған торшалардың бөлінуі, көбеюі және торша іші

ультра құрылымдарының жаңаруы нәтижесінде өз қалпына

келеді.

Торша іші регенерацияның өзі бірнеше деңгейде өтеді:

1. Органоид ішіндегі регенерация. Торша ішіндегі көп-

теген органеллаларға тән бұл процесті тек қана электронды

микроскоп арқылы анықтауға болады.

2. Молекулалар регенерациясы (молекулалардың ааңаруы).

Бұл процесті көбінесе биохимиктер, генетиктер зерттейді.

Регенерация түріне қарап, ағзаларды бірнеше топтарға бөлу-

ге болады (2-ші кестені қараңыз).

Ағзалардың кейбіреуінде (сүйекте, эпидермисте және т. б. )

регенерация тек қана торшалардың бөлінуі арқылы көбеюімен

жүреді. Басқа бір ағзаларда (бауырда, бүйректе, өкпеде және

т.б.) торша регенерациясы мен торша іші регенерациясы қа-

тар жүреді.

Миокардта негізінен торша іші регенерациясы ұшыраса,

мидағы ганглиозды торшаларда тек қана торша іші регенерациясы ақылы қайта жаңартады.

Сонымен, жоғарғы сатыдағы организмдерде регенерация

процесі жоғалып кетпегендігі, оның тек басқа түрде өтетіндігі

анықталды. Тіпті әрбір ағзада, оның құрлымдық-қылметтік ерек-

шеліктеріне қарап, регенерация түрлері өзгеше болады.

Регенерация процесінің морфогенезі екезеңді қамтиды:

1. пролиферация; 2. дифференциялау. Бірінші кезеңде жес, әлі

толық жетілмеген торшалар саны көбейеді, ал екінші кезенде

олар белгілі бір бағытта жетіліп, сол жердегі торшалардың орнын басады.

1кесте.

Патологиялық регенерация реперативті регенерацияның

бұрмаланған түрі. Әртүрлі факторлар әсерінде регенерация

процесінің қалыпты барысы өзгереді: не ол жеткіліксіз болған-

дықтан жоғалған тоқыманың орны толмайды (гипорегенерация),

не шамадан тыс өсіп кетеді (гиперрегенерация). Кейбір жағдайда

бір тоқыманың орнын екінші тоқыма басады (метаплазия).

Гипорегенерацияның мысалы етіп аурудың әлсіздігі, витамин-

дердің жеткіліксіздігі, нервпен реттеудің бұзылуы нәтижесінде

пайда болатын, ұзақ уақыт бітпейтін жараларды атауға болады.

Гиперрегенерация кезінде терінің жарақаттанған жерінде ре-

генерация процесі уақтында тежелмей, сол жердегі тоқыма ша-

мадан тыс, ет тәрізді («жабайы ет") өсіп кетеді. Осылайша

толық жүрмеген регенерация түрлерін субститутция дейді.

13. 2. Жеке тоқымалар регенерациясы

Дәнекер тоқыма регенерациясы сол жарақаттанған жердегі

жас мезенхима торшаларының және майда қан тамырларының

кобеюімен басталады, Жаңа пайда болған тоқыма жара үстінде

бүртіктеніп тұрғандықтан грануляциялы (granulum - дән) тоқы-

ма деп аталады, Оның негізі лимфоцитке ұқсас полибластар деп

аталатын ірі торшалар. Микроскоппен қарағанда бұл жерде көпте-

ген капиллярларды, олардың арасында лейкоцит, моноцит, лим-

фоцит, лаброцит торшаларын көреміз. Бұл жерде фибробласт тор-

шаларының саны бірте-бірте көбейіп, олар тропоколлаген және

глюкозамингликандар түзеді. Регенерация нәтижесінде әуелі ар-

гирофильді, кейін коллагенді талшықтар пайда болады. Ал қан

арқылы келген элементтер мен капиллярлар саны, дәнекер тоқы-

ма мөлшері көбейген сайын азая береді. Бара-бара грануляция-

лы тоқыма жетілген (қатайғаң) талшықты тоқымаға айналады.

re

ip



д

Сүйек тоқымасының регенерациясын сүйек сынғанда бақы-

лауға болады. Сүйек регенерациясының жылдам. ығы сүйек сы-

нықтарының қаншалықты өз орнына салынуына және берік

бекітілуіне байланысты. Тері бүтіндігі бүзылмаған жағдайда

(жабық сынықтар) сынық тезірек бітеді. Сонымен қатар, сынық-

тың уақтылы бітуі жасқа да байланысты. Сүйек сынғанда қан

тамырлары, жұмсақ тоқымалар жарақаттанып, оның айналасына

қан құйылады. Осы жерде мезенхима және қан элементтерінен

уақытша түзілген дәнекертоқымалы шор пайда болады. Соны-

мен қатар сүйектің периост және эндоост қабаттарында жайғас-

қан остеобласт торшалары көбейе бастайды. Олар сүйек сыну-

ғын біріктіретін, бірақ әлі де жұмсақ остеоид тоқымасын түзейді.

Бұл процесс сүйектің алғашқы шорлануы деп аталады. Кейінірек

остеоид тоқымасына кальций тұздары шөгіп, олар нағыз сүйекке

айналады. Бұл сүйектің соңғы шорлануы деп аталады. Ал осы

жерде артық пайда болған сүйекті остеокласт торшалары бірте-

бірте сұйылтып, ыдыратып жібереді. Сүйектің құрылысының

толық қалпына келуі осы сүйекке түсетін ауырлық күшіне байла-

нысты.


Кейбір жағдайларда сүйектену процесі ақырына дейін жет-

пей, дәнекер не шеміршекті тоқыма пайда болу сатысында

қалып қояды. Соның нәтижесінде сынық бітпестен осы жерде

қимылдап, «жалған буын» пайда болады.

Егер сүйек сынған жерге микробтар түссе (ашық сынық), ре-

генерация процесі әдеттегідей жүре алмайды. Сүйек арасында

ірің пайда болып, сүйектің кейбір бөліктері некрозданып, сек-

вестрге айналады, Секвестр төңірегінде грануляциялы тоқыма-

дан түзелген қорап пайда болады, сол жерден сыртқа ірің бөлініп

тұрады. Осы себептерге байланысты регенерация процесі едәуір

баяулап, бұл жерде сүйекті-шеміршекті шор өсіп шығады.

Шеміршек тоқымасының регенерациясы жарақат алған жер-

дегі камбиалды торшалардың - хондробластардың көбеюіне бай-

ланысты. Осы торшалар жетіліп, кейін шеміршек тоқымасына

айналады. Егер жарақат көлемі үлкен болса, онда шеміршекті

тоқыманың орнында дәнекер тоқымадан түзелген тыртық пайда

болады.

13. 3. Бұлшық ет регенерациясы

Тегіс (бірыңғай салалы) бұлшық еттер екі жолмен қайта

қалпына келеді. Бірінші жол - жарақат жеңіл болаа, сол жердегі

торшалардың ядролары көбейіп, бір-бірініе жақындап, бұлшық

ер бүтіндігі өз қалпына келеді. Бірақ бұндай регенерацияның

маңызы аса маңызды емес, себебі зақымданған бұлшық ет көбіне-

се дәнекер тоқымамен алмасады. Екінші жол бірыңғай салалы

бұлшық еттердің дәнекер тоқымадан метаплазия арқылы пайда

болуы. Бұл мүмкіндік өмірде көбірек кездесіп, дәнекер тоқыма

түзуші жас мезенхима торшалары бар жерде байқалады. Көлде-

нең жолақты булшық еттер сыртқы қабығы - сарколеммасы сақ-

талғанда ғана толық жаңара алады. Регенерация осы сарколемма

ішіндегі миобластардың не серіктес (сателлит) торшалардың

жәрдемімен жүреді. Олар көбейіп өсіп кетіліп, бұлшық ет тор-

шаларына айналады. Жарақаттанған жерді ұсақталған бұлшық

етпен алмастырғанда регенерация толық болады. Көбінесе реге-

нерация процесі толық болмаудан ет тоқымасы дәнекер

тоқымамен алмасады.

Жүрек бұлшық етінің регенерациясы. Жүректің инфарктқа

ұшыраған жерлері бүтіндей дәнекер тоқымамен алмасып, ол жер тыртыққа айналады. Ал жүрек қызметі қалған торшалардың

гипертрофиясы, ультрақұрылымдарының гиперплазиясы нәтиже-

сінде қалыптасады.

13. 4. Қан тамырларының регенерациясы

Қан тамырларының эндотели қабаты қалыпты жағдайда жиі-

жиі жаңарып тұрады. Эндотелидің жарақаттанған жері әуелі тром-

боциттермен тығындалады, кейін ол жерде бөлініп көбейген эн-

дотели торшалары шоғырланады. Тамырдың орта және сыр-

тқы қабаттары жарақаттанғанда ол жерде тромб пайда болып, ал

регенерация процесі негізінен айналадағы майда қан тамырлары

есебінен онүреді. Бұл процесс екі жүрде байқалады: 1) эндотели

торшалары бүрленіп көбейіп, ангиобласт торшаларына айнала-

ды. Олар созылып, бір-бірімен жалғаса түтікиелер түзеді. Осы

саңылау арқылы қан жүре бастайды; 2) бір жерге жиналып қалған жас мезенхима торшалары арасында саңылау пайда болып,

сол жерге айналадағы капиллядан қан құйылады, кейін осы тор-

шалар тамыр кемерін құраушы торшаларға айналады. Тамыр-

лардың осындай тәсілмен қалыптасуын аутогенді регенерация

дейді.


13. 5. Қанның регенерациясы

Организм қансырағанда қан плазмасы тоқымаара сүйықтық

есебінен тез орнына келеді. Ал қан элементтері қан түзуші

ағзаларда пайда болып, әуелі қан пластинкалары, кейін лейко-

циттер, ең соңында эритроциттер мөлшері қалпына келеді.

Төлдерде қан жасап шығару, барлық сүйектерде бірдей жүрсе,

ересек жануарларда ол тек жалпақ сүйектерді, сүйек эпифизінің

жоғарғы бөлігінде қалады, ал жіліктер өзегі маймен толады.

Организм қан жоғалтқанда осы сүйек майында регенерация про-

цесі жанданады, қан түзуші торшалар саны көбейеді, соның на-

тижесінде сүйек майы миелоидты тоқымаға - қызы. сүйек кемі-

гіне айналады. Одан басқа да ағзаларда - көк бауытда, бауырда,

лимфа бездерінде, дәнекер тоқымада, шажырқайда қан түзейтін

ошақтары (экстрамедуляр гемопоэз ошақтары) пайда болады.

Лимфоциттерді лимфоид тоқымасы (сөл бездері, талақ фолли-

кулдері, солитарлы фолликулдер мен пейер бляшкалары)

түзейді.

614


Нерв жүйесінің регенерациясы. Жүйке жүйесінде, нерв тор-

шаларында бөлініп көбею өте сирек кездеседі. Ми зақымданған-

да ол жердегі тоқыма ыдырап орнында сұйықтықпен толған кис-

талап (торсылдақтар) қалады. Ал зақымдалған торшалар қыз-

метінің қалыптасуы сау торшалар ішіндегі ультрақұрылымдар-

дың гиперплазиясы арқылы жүзеге асады.

Вегетативті нерв түйіндерде регенерация процесі торша

ішіндегі ультрақұрылмдардың гиперплазиясы арқылы жүреді.

Шеткі нерв жүйесінің регенерациясы тек орталық кесінді

тарапынан ғана іске асады. Кесілген жердің төменгі жағындағы

нерв талшықтары, оның миелинді қабыршағы бұзылып, шван

қабығындағы торшалар жәрдемімен ыдырайды. Ал орталық кесін-

дімен оның қабығы ескі нервті бойлап өсе бастайды. Нерв қызме-

тінің қалпына келуі ұзақ созылатын, тек орталық және шеткі кесін-

ділер бір-біріне өте жақын жатқанда ғана іске асатын процесс.

Егер орталық кесінді жолында кедергі болса, не нервтің

шеткі бөлігі бүтіндей кесіліп тасталған болса (ампутация), өсе

бастаған нерв талшықтары сол жердегі жаңа пайда болған дәне-

кер тоқымаға бойлай кіріп, түйінденіп қалады, бұны - ампу-

тациядан кейінгі неврома дейді.

13. 6. Эпители регенерациясы

Эпители тоқымасында регенерация мүмкіндігі өте жақсы

дамыған. Жамылғы эпители торшалары камбикльды қабаттың

торшалары есебінен көлемді жара беттерінде қайта жаба алады.

Бұл процесте эпители астында жатқан түйіршікті денекер тоқы-

маның маңызы зор. Осы екі тоқыманың жетілуі қатар (синхрон-

ды) жүріп отырғанда ғана регенерация толық өтеді (В. Г. Гар-

шин).


Көп қабатты эпителидің регенерациясы негізгі қабаттағы тор-

шалардың өсіп көбеюі арқылы жүреді. Көп қатарлы цилиндрлі

(призмалық) жыбырлағыш эпители регенерациясы кезінде әуелі

көп қабатты эпители пайда болып, кейін ол жетіліп, жыбырла-

ғыш эпителиге айналады.

Қалыптасу. Қалыптасу деп некрозға ұшыраған немесе

басқа себептермен жойылған тоқымалардың орнын дәнекер

тоқыманың басуын атайды. Соның нәтижесінде зақымдалған

ошақтар дәнекер тоқымамен қоршап алынады (инкапсуляция),

не бүтіндей орнын алмастырады (қалыптастыру).

Инкапсуляцияға ұшыраған жерлер қаннан бөлінген кальций

тұздарының сіңуіне байланысты тастай қатып қалады, бұл про-

цесті петрификация дейді. Осы ошақтардың айналасында, өлі

ет тоқымаларын ыдыратуға қатысатын көп ядролы, жат дене-

лерге тән алып торшалары пайда болады.

Жараның жазылуы. Жара деп механикалық әсерлердің сал-

й-

дарынан терінің, немесе ішкі ағзалар бүтіндігінің бұзылуын ай-



тады. Жараның жазылуын организацияның бір түрі деп қарау

керек. Жарақат үлкен болмаса не операциядан кейінгі жара шет-

тері бір-бірімен жақсылап беттестірілсе, осы жердегі ұйыған қан

жараны желімдеп тастайды. Кейінірек қан құрамындағы лейко-

циттер ферментінің әсерінен қан ұйындылары, өлген тоқымалар

ыдырай бастайды. Ыдырау өнімдері макрофагтар арқылы та-

зартылады. 2-3 күннен кейін-ақ жараның шеттерінен бір-

біріне қарай майда қан тамырлары, фибробластар өсіп жетіле

бастайды. 7-8 күннен кейін жараның беті эпители тоқымасы-

мен қапталып, жара бітеді. Бұны жараның тез жазылуы дейді.

Егер жара өте үлкен болса немесе оған бірден микробтар

түссе, жараның шеттері бір-бірін жабыспай, іріңдеп кетеді. Жа-

раның тазаруы осы іріңдену процесіне байланысты болады. Бұны

жараның іріңдеп тазаруы дейді. Тек 5-6-шы күннен бастап жара-

ның шеттерінде түйіршікті (грануляциялы), жараның орнын

толтырушы тоқыма пайда болады. Жараның шетіндегі көбейе

бастаған эпители бірте-бірте оның бетін жабады. Бұны жара-

ның іріңдеп барып жазылуы дейді. Кейбір жағдайларда бұл

процесс толық жүрмей жара орнында тыртық қалады.

Кейде жараның бетінде қатып, құрғап қалған қабыршақ

(струп) пайда болады. Ол жараны микроб түсуден сақтап, реге-

нерация сол қабыршақ астында жүреді. Жара эпителимен

толық қапталғанда, қабыршақ опырылып түседі.

13. 7. Гипертрофия және гиперплазия

Ағзалар қызметіне салмақ түскенде, олар тынбай жұмыс істеп,

өз көлемін біраз үлкейтеді (гипертрофияланады). Гипертрофия

(грекше hyper - артық; throphe - қоректену) деп - ағза, тоқыма-

ның, торша көлемінің шамадан тыс үлкеюімен байланысты оның

қызметінің күшеюін атайды. Ағза қызметі күшейгенде, оның

му

мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін торшалардың ультрақуры-



лымдары көбейе бастайды. Соның нәтижесінде әрбір торша

үлкейіп, ағза гипертрофиясы пайда болады. Ағза гипертрофия-

сына гиперплазия (грекше hyper - артық; plasio- түземін) про-

цесінің тікелей қатысы бар. Гиперплазия деп торшалар санының

немесе оның ішіндегі ультрақұрылымдар санының көбеюін

түсінеді. Сонымен қатар гиперплазияға бірнеше ядролы торша-

лардың пайда болуы, ядрошықтар санының немесе көлемінің

үлкеюі де жатады. Осы айтылған екі процесс ағза қызметінің

күшеюінің негізгі себептері болып есептеледі.

Бірақ та, гипертрофия және регенерация процестерінің арасында біраз айырмашылықтар бар. Егер регенерация ағзалардың

бұзылған қызметін әдеттегі қалпына келтіру үшін бағытталған

болса, гипертрофия кезінде ағза салмағының өсуіне байланысты

оның қызметі күшейіп, көлемі ұлғаяды.

Қазіргі уақытта гипертрофияның: 1. жумысшы (компенса-

торлы), 2. викарлық, 3. нейрогуморальды түрлерін және 4. гипер-

трофиялық ұлғаюларды ажыратады.

Жұмысшы компенсаторлы гипертрофия ағза. қызметіне сал-

мақ түскенде пайда болады. Жұмысшы гипертрофия дене шы-

нықтырушылармен спортшы жануарларда жақсы байқалады. Ги-

пертрофияның бұл түрі физиологиялық гипертрофияға жатады.

Сонымен қатар, гипертрофия процесі әртүрлі сырқаттарда да

көп кездесетін процесс. Бұл кезде гипертрофия жеке бір ағза

қызметінің орнын толтыру үшін қажет.

1. Жұмысшы гипертрофияның мысалы ретінде жүрек гиперт-

рофиясын алып қарайық.

Клиникалық маңызы өте зор. Жүрек кейбір аурулар кезінде

(гипертонияда, тума не жүре пайда болған жүрек ақауларында)

өз салмағын 3-4 өсе асыра алады. Осыған байланысты жүрек

өз

кемері қалыңдап, оның қуысы кеңіп (эксцентриялы гипертро-



фия), не тарылып (концентриялы гипертрофия) қалады. Бірақ

шектен тыс үлкею нәтижесінде жүрек бұлшық еттерінің қо-

ректік заттармен қамтамасыз етілуі төмендеп, ол жерде дистро-

фия және склероз процестері орын алады, бірте-бірте жүрек

қызметі бұзылады, декомпенсацияға ұшырайды.

13. 8. Викарлы гипертрофия

Викарлы гипертрофия жұп ағзаларға тән. Мысалы, бір

бүйректі алып тастағанда екіншісі оның жұмысын қоса атқарып

үлкейеді. Осындай өзгерістер өкпеде де болады.

Нейрогуморальды гипертрофия. Нейрогуморальды гиперт-

рофия эндокрин бездерінің қызметіне байланысты пайда болады.

Мысалы, аналық тұқым безінің қызметі күшейгенде, эндометрий

бездері көбейіп, созылып, қуыстары кеңейіп кетеді (эндометрийдің

безді гиперплазиясы).

13. 9. Гипертрофиялық ұлғаюлар

Гипертрофиялық ұлғаюлар әртүрлі себептер нәтижесінде пай-

да болады. Мысалы, қабынуға байланысты пайда болатын поли-

птерді, кондиломаларды, лимфа айналысының бұзылуы кезінде

байқалатын тері асты шел тоқымасының қалыңдап, аяқтың

үлкейіп кетуін («пілдікі тәрізді аяқ») осы процеске жатқызуға

болады.

Егер ағзалар гипертрофиясы май басудың, не дәнекер тоқы-

маның өсіп кетуі салдарынан болса, оны жалған гипертрофия

дейді, себебі бұл жерде ағза қызметі төмендеп кетеді.

13. 10. Атрофия (сему)

Атрофия (грекше: а- жоқ; throphe - қоректену) деп ағза, тоқы-

ма, торша көлемінің кішірейіп, қызметінің төмендеуін немесе

бүтіндей жоғалуын атайды. Семудің физиологиялық және пато-

логиялық түрлерін ажыратады.

Физиологиялық семуге төлдердің кіндік қан тамырларының,

кейінірек айырша бездің семуін мысалға келтіруге болады. Бұлар

эволюцияға байланысты болатын семуге жатады. Қартайғанда

сему процесі барлық ағзаларды, жүйелерді қамтиды. Бұл инво-

люция нәтижесініде пайда болатын семудің мысалы.

Патологиялық сему белгілі бір ауру тудырушы себептерге

байланысты пайда болады. Семудің бұл түрі екі топқа белінеді:

1. жалпы сему немесе көтерем болу (кахексия)

2. жергілікті сему

110

Жалпы сему аштықтың, нерв және эндокрин жүйелерінің ауру-



ларынан, қатерлі ісіктің салдарынан пайда болады. Аштықтан

болатын семуде (алиментарлық дистрофия) организм өз салма-

ғының 40-50 процентін жоғалтады. Көтеремдіктіг. ең бірінші

белгісі бұл май «қоймаларынан» майдың жоғалуы. Кейде майда

микроскоппен де іздеп таппайтын кағдай болады. Тері өте

құрғап, жұқарып, қатпарланып, қоңыр түске енеді. Дененің

бұлшық еттері семіп қалады, сүйектер морт сынғыш (остео-

пороз) болады. Ішкі ағзалар да, әсіресе жүрек пен бауырға,

қоңыр түс беруші липофусцин пигменті жиналады. Бұл

процесті ағзаның қоңыр семуі дейді.

Жергілікті семудің 1. қысымға; 2. әрекетсіздікке; 3. иннерва-

цияның бұзылуына; 4. қанмен қамтамасыз етілудің жеткіліксіз-

дігіне байланысты және 5. кейбір химиялық заттар мен физика-

лық әсерлердің нәтижесінде пайда болатын түрлері бар.

1. Қысымға байланысты семудің мысалы ретінде несеп ағар

жолының таспен кептеліп қалғанда бүйрек астауының қуысы ке-

ңейіп, бүйрек тоқымасының езіліп, жаншылып жоқ болуын

келтіруге болады. Осы өзгерістер нәтижесінде бүйрек орнында

несеппен толған қалта пайда болады (гидронефроз-су бүйрек).

2. Әрекетсіздікке байланысты атрофия ағзалардың ұзақ уақыт

жұмыссыз қалғанында байқалады. Оған сүйек сынғанда гипске

салынған аяқ бұлшықеттерінің семуі, бүйрек үсті бездерінің

біреуінде пайда болған ісік нәтижесінде екініісінің семуі

мысал бола алады.

3. Иннервацияның бұзылуынан дамитын сему ағзаның нерв

жүйесімен байланысты үзілген уақытта пайда болады. Бұл жара-

қат, қабыну нәтижесінде, нерв жолдарын ісік, дәнекер тоқыма

басып қалғанда байқалады. Мысалы, полиомиелитте кездесетін

дене бұлшықеттерінің семіп қалуы жұлынның қозғатушы

нейрондарының зақымдануына байланысты.

4. Қанмен қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігіне байланысты

сему. Әрбір ағзаға артерия қаны жеткілікті келіп тұрмаса, ол

семіп қалады. Мысалы, атеросклероз ауруларында бүйрекке қан

келуі азайып, ол бірте-бірте кішірейіп, үсті майда түйірленіп ке-

теді, бұл өзгерістерді бүйректің алғашқы семуі дейді.

5. Химиялық заттары мен физикалық әсерлер нәтижесінде

пайда болатын сему өмірде көп кездеседі. Мысалы, ішкі се-

креция бездерінің гормандарын емдік мақсатпен ұзақ уақыт

қолданғанда, сол гормонды түзеп шығаратын без семеді.

Иодты өте көп қабылдау қалқанша без семуіне алып келеді.

Семудің ақыры оның қай ағзада және ұзақтылыпына байла-

нысты. Сему процесі ұзаққа созылмаса не семуді тудырушы

себептер жойылған кезде ағза қызметі толық қалпына келе

алады.


Егер семуге ұшыраған ағзалардың ұлпасы дәнекер тоқыма-

мен алмасып, торшалары дистрофия мен некроз күйіне жеткен

болса, сему қайтпас өзгеріске айналады. Мысалы, гидронефрозға

ұшыраған бүйрек өз қызметін атқара алмайды.

13. 11. Метаплазия

Метаплазия (грекше: meta- басқаша, plaseo- түземін) деп то-

қыманың бір түрінің екінші түріне айналуын атайды. Метапла-

зия организмнің бейімделу реакцияларына жатып, көптеген па-

тологиялық процестерде кездеседі. Қалыпты жағдайда метапла-

зияның дамуы (гистогенезі) біртекті тоқымаларға тән.

Метаплазияның морфологиялық негізінде жас торшалардың

көбеюі және олардың белгілі бір бағытта жетілуі жатады.

Метаплазия торшалардың, тоқымалардың әртүрлі жағдайларға

байланысты (витаминдердің жеткіліксіздігі, гормондар немесе

канцерогенді заттардың әсері) тіршілік мүмкіншілігінің өзгеруі нәти-

жесінде пайда болады. Әдетте, метаплазияға созылмалы аурулар

себеп болады. Созылмалы бронхит кезінде бронхтаң цилиндрлі эпи-

телиінің көпқабатты эпителиге айналуы жиі кездеседі.

Егер көп қабатты эпители жетіліп, гистогенезі бойынша өзінен

жоғары сатыда тұрған цилиндрлі эпителиге айналса, бұл процесті

үдемелі (прогрессивті) метаплазия - прозоплазия дейді. Егер де

эпители торшасы өзіне тән тоқыманы түзе алмаса, бұны кері даму

(регрессивті) метаплазиясы дейді (мысалы, метаплазия нәтижесін-

де бауыр торшаларынан өт жолдарының эпителиі пайда болуы).

Метаплазияның маңызы.

Метаплазияға ұшыраған бронх эпителиі өзіне тән шырын

бөліп шығару және қорғаныс қызметтерінен айырылады. Бұның

нәтижесінде ауру мал жиі пневмонияға шалдығады. Кейін мета-



плазия ошақтарынан қатерлі ісік пайда болу қаупі бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет