17. Медициналық білім беру



Дата14.12.2021
өлшемі13,66 Kb.
#127117
Байланысты:
Медициналық білім беру


17.Медициналық білім беру
Еліміздің барлық медициналық білім беру ұйымдарында денсаулық сақтау мамандарын даярлаудың халықаралық стандарттарына негізделген орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім берудің жаңа бағдарламалары енгізілді. Денсаулық сақтау саласының мамандарын даярлау құрылымының өзгертуі жоғары білімнің 3 деңгейлі жүйесінің Еуропалық принциптерімен медициналық білім беру жүйесінің үйлесімділігіне бағытталған болатын. Базалық және бейіндеуші пәндердің міндетті компоненттерінен баска студенттердің қызығушылығына қарай пәндерді таңдау мүмкіндігі және жеке білім беру бағдарламасын қалыптастыру қарастырылды. Студенттердің науқастармен ерте байланыс жасау практикасы енгізілді. Жаңа пәндер енгізілді, (коммуникативтік машықтар, дәлелді медицина негіздері және т.б.).

Шетелдің үздік медицина мектептерінде және ел ішінде медициналық білім беру саласының халықаралық озық мамандарды тарта отырып, профессор-оқытушылар құрамын білім берудің жаңа технологияларына қайта оқыту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Медициналық білім берудің дүниежүзілік федерациясының (МБДФ) медициналық білім беру сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарына негізделген медициналық білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу ұлттық стандарттары әзірленді және бекітілді. Инвестициялық жоба шеңберінде (2008 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы жэне Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің арасында қарыз туралы келісім): «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру жэне институционалдық реформа жүргізу» ДДҰ/Еуробюроның қолдау көрсетуімен МБДФ медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу бойынша 16 ұлттық сарапшыны даярлады. Халықаралық сарапшыларды тарта отырып мемлекеттік 4 медициналық ЖОО аккредиттеуден өтті.

Сонымен қатар, медициналық білімнің көптеген мэселелер шешімін таппай отыр. Мысалы, 4 медициналық ЖОО-да университеттің жеке клиникасының болмауына байланысты болашақ дәрігерлерді науқастың төсегінің жанында толыкканды даярлау мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Медициналық білім беру үйымдардың материалдық-техникалық базасы әлемдік стандартқа сай емес. Окытылған окытушылар санының жеткіліксіздігіне байланысты оқу үдерісіне оқытудың интерактивті әдістерін енгізу белсенді жүргізілмей жатқан байқалады. Пациенттің қауіпсіздік қағидаттары және қауіп-қатерді басқаруды оқытуда өз көрінісін табуы керек. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының әлеуетін одан әрі арттыру өзекті мәселелердің бірі.

Медициналық ЖОО-ның талапкерлеріне арнайы талаптар қоюдың маңызы зор. Еліміздің медициналық ЖОО-лар мен колледждердің түлектерінен тәуелсіз емтихан алу тәжірибесі де іске асырылмаған.

Әлемнің озық медициналық мектептерінің қызметін талдау 3 негізгі факторды анықтайды, олардың үйлесімі оның жетістігін қамтамасыз етті: тиісті ресурстардың болуы, талант концентрациясы (оқытушыларда, сонымен қатар студенттерде), тиімді басқару.

Білім беру ұйымдарының автономдылығын және басқарудың ашықтығын арттыр мақсатында басқарудың корпоративтік формасының қағидатын енгізумен медициналық ЖОО-ларды басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидатын енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Жаңа құрылым стратегиялық пайымдауды дамытуға, ЖОО- ларға бюрократтық кедергілерсіз шешім қабылдауға және ресурстарды басқаруға мүмкіндік беретін инновацияларға және икемділі болуға көмек көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет