Мақала Тақырыбы: «Білім берудегі заманауи инновациялық технологиялар»



бет1/2
Дата04.05.2023
өлшемі41,39 Kb.
#176091
  1   2
Байланысты:
Мақала Қаныбек Нұрлыайым
1, Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер, ҚМЖ Математика мамыр (2)



Мақала
Тақырыбы: «Білім берудегі заманауи инновациялық технологиялар»


Аннотация: Қазіргі заманғы заманауи инновациялық педагогикалық технологиялардың негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тəрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту; баланың өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру; баланың танымдылықжəнешығармашылық икемділігін дамыту; əр оқушының даму жүйелері жұмыс істеу; оқу үдерісін оқушының сезінуі.


Аннотация: Основные принципы современных инновационных педагогических технологий: относиться к ребенку с точки зрения добродетели; единство воспитания и обучения; формирование и развитие познавательной способности ребенка; овладение ребенком способами самостоятельного действия; развитие познавательной и творческой гибкости ребенка; системы развития каждой студенческой работы; Восприятие учащимся учебного процесса.
Түйін сөздер: Бастауыш мектеп, оқушы, инновация, білім.
Ключевые слова: начальная школа, ученик, инновации, образование.


XXI ғасыр-бұл ақпарттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Мұғалімнің басты мақсаты-қоғамның сұранысына лайықты ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Кез келген технология білім берудің мақсатынан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесіне енетін барлық компонеттің біртұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақталған жолы болып табылады.Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, алдындағы шәкірттің білімін бағалауы, оқу барысында шешуші роль атқарады.
Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану- ұстаз шеберлігінің белгісі. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі.
Болашақта өркениеті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда дамыған бәсекеге қабілетті елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін ол — білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Инновациялық технологияларды меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Қазіргі мектеп мұғалімі: жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, оқушымен тез тіл табыса алатын, білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда мектеп мұғалімдері инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne – өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы. Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы əр түрлі түсіндіріледі.
Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жəй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Сондықтан қазіргі педагогика жаңалықтарын пəн ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Осы жолда педагогикатық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясы іс-əрекеттің жоспарланған нəтижесіне жетудің шартты тəсілі ретінде қарастырылатын жаңа əдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дəстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:
а) бастауыш сынып оқушысының интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дəрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;
ə) бастауыш сынып оқушысы мен мұғалімнің белсенділігінің сайма-сай болуы;
б) бастауыш сынып мұғалімі мен оқушының өзара қарым-қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.
Оқытудың дамыту функциясы оқушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, əдістемелік жүйелері мен əдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды жатқызуға болады.
Олар: «Дамыта оқыту жүйесі», «Ақыл-ой іс-əрекетінің кезең бойынша қалыптасу теориясы», «Танымдық іс-əрекетті жандандыру тəсілдері», «Деңгейлеп саралап оқыту», «Модульдік оқыту» технологиялары жəне т.б. Оқыту технологиясы тұлғаның дамуына емес, білімді, шеберлікті, дағдыны меңгеруге бағытталған. Оқыту технологиясының мақсаты – бұл берілген қасиеттері бар тұлғаны тəрбиелеу. ЮНЕСКО-ның құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың құрылу, қолдану жəне анықтау барысының жүйелі əдісі мен адамның қорлары, оның өзара қатысыболып табылады.
Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.
Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың мәні неде?
1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.
2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.
3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады
қазіргі оқушы:
•Дүниетаным қабілеті жоғары;
• Дарынды, өнерпаз;
Іздемпаз, талапты:
• Өз алдына мақсат қоя білу керек.
Қазіргі мұғалім
• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
• Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
• Оқушылармен ортақ тілтабыса алатын;
• Білімді, іскер, шебер болу керек;
Жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана, біз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз.. Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50 - ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс - әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады.Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі ғылыми – техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік талаптарға, оқушылардың мүмкіндіктеріне сай оқытудың мазмұны мен түрлері, әдістерін жетілдіріп оқыту құрамдарының жаңа түрлерін жасау заман талабы. Әр оқушының өзіне тән оқу жұмысындағы әдістері, ойлау жолдары, қызығу, бейімділік сияқты ерекшеліктері болады. Жеке адамның жан – жақты дамуы әр оқушының жеке басына тән ерекшеліктерді ашып, анықтауды қажет етеді.
Қорыта келе осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:
• Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
• Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
• Белсенді сөздік қорын , ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;
• Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет