1.Әскери Коммуним, Аштық, жэс



Дата15.02.2022
өлшемі14,33 Kb.
#131801

1.Әскери Коммуним, Аштық, ЖЭС
1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді. Бұның барлығының себебі 1918-21ж жүргізіліп жатқан Әскери коммунизм саясатының әсері. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азықтүлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды. Елде жүргізіліп жатқан Әскери коммунизм саясаты халықты ауыр күйзелісіке алып келді. Тіпті,нәтижесінде Республиканы сұрапыл аштық жайлады.Оған дәлел Семей губерниясында – 500 мың, Орынбор – 445, Ақтөбеде – 360 мың адам ашықты. Аштыққа iндет қосылды. 1922 жылдың маусымына қарай Батыс Қазақстанда аштыққа ұшырағандар мен аурулардың жалпы саны халықтың 82%-ына дейiн жеттi. Бұл туралы Аштықпен күрес баяндамасында Т. Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының сұрапыл аштыққа ұшырап жатқандығын, қатты қырылуына революция емес Ресейдің жасап жатқан саясаты екндігін,ашық атап көрсетеді. Әрине, Ресей елде болып жатқан оқиға көзін жұмып қарайды.Олардың ойынша оқиғаның орын алуы олар жасаған саясаттың кесірінен емес, сұрапыл аштықты “кездейсоқ, тұтқиылдан тап болған зобалаң ” ретінде бағалады.


Алайда большевиктер өздерінің биліктен айырылып қалмау үшін саясатқа басқа өзгеріс енгізі керек екнін сезді. Партияның Х съезі (8 наурыз, 1921 ж.) «әскери коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады. Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-түлік салығының енгізілуі, олар өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін өтеуге мүмкіндік алды. Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгiзiлуiне байланысты жердi жалға беруге және алуға, жалдама еңбектi қолдануға рұқсат етiлдi. Жаңа экономикалық саясат кезеңiнде тауар айырбасы мен тауар айналымының маңызы артты. Жеке саудаға рұқсат етiлдi. Сөйтiп, жаңа экономикалық саясат көшпелi, жартылай көшпелi шаруалар мен қоныс аударушылардың потенциалды мүмкiндiгiн қалпына келтiруге, соғыс пен аштық артқа шегерiп тастаған ауыл шаруашылығын түзеп алуға мүмкiндiк бердi.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет