1С: Бухгалтерия программасының конфигурациясымен жұмыс істеу, есеп параметрлерін қою және есеп саясаты



Дата07.02.2022
өлшемі23,22 Kb.
#95119
түріПрограмма
Байланысты:
ЕАЖ 7
Кейс

1С:Бухгалтерия программасының конфигурациясымен жұмыс істеу, есеп параметрлерін қою және есеп саясаты.
ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БУХГАЛТЕРЛІК ПРОГРАММАЛАРҒА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Дербес ЭЕМ-нің дамуына байланысты кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүйесін автоматтандыру 90-жылдардан бастап есептеу орталығынан, жүйені автоматтандыру бөлімдерінен тікелей бухгалтердің жұмыс орнына берілді. Содан бері бухгаптерлік есеп, қазіргі экономика жағдайында кәсіпорындардың барлық меншік формалары мен мөлшерлерінің қаржы- шаруашылык, қызметі жайлы ақпараттарын тіркеудегі, өңдеудегі және сақтаудағы кәделі экономикалық пән болып отыр. Қазіргі кезде қазақстандық, шетелдік, ресейлік фирмалар ірі және шағын кәсіпорындарға бағытталған ең озық үлгідегі жаңа технологияға негізделіп жасалған кешендік бухгалтерлік программаларды ұсынуда. Мұндай өнімдерді жасаушы фирмалар АйТи, Галактика, Диц ІС:, Парус, Информатика, Инфрософт, Инфин, Инэк, КомТех+, Ланкс, ЛокИС, Цефей, Никос-софт, Гарант, Консультант, Кодекс және басқалар әр түрлі кәсіпорындарға арналған талдау мүмкіндіктері мол кешендік бухгалтерлік программалар жасауға зор көңіл бөлуде. Мұндай программаларға 1994 жылдан бастап дамыған: ЛУКА-ПРО, ГАЛАКТИКА, 1С: Бухгалтерия, ТСВ БУХГАЛТЕРИЯ, SОlOМОN 4, Алтын, (ВЕ-2),Турбо Бухгялтер, КОМТЕХ және тағы басқалар жатады.
Кез келген кәсіпорында бухгалтерлік есепті автоматтандыру, онда бухгалтерлік программалар жүйесін жасау деген сөз. Қазіргі уақытта сондай программалық жүйелерді жасауда, кәсіпорынның өз күшімен программалық кешендер жасау емес, автоматтадыру мәселелерін тиімді шешетін дайын программалық өнімдерді сатып алуда. Алайда осындай программалар кәсіпорынның барлық ерекшеліктерін (қызмет ая сын, ұйымының көлемін, автоматтандыруға қойылатын талаптарды) қанағаттандыра алмайды, сондықтан олар параметрлік икемге келтіру үшін үлкен резервпен жасалады және программаның негізгі сипаттамаларын
кеңінен түрлендіруге қосымша мүмкіндіктер береді. Осыған байланысты программалық кешенді нақты жұмыс жағдайына бейімдеу қажеттілігі туады.
Бухгалтерлік программалардың құрылымы икемді және ашық жүйелі болуы керек. Бұл бухгалтерлік есеп саласында болатын өзгерістерге байланысты кез келген уақытта үлгіге (бухгалтерлік формаға) өзгеріс енгізе алады деген сөз. Бұл талаптар автоматтандырылатын объектілердің қатаң параметрленуі және модульдік принцип бойынша іске асырылады.
Икемді түрге келтірудің біреселігі (ендіру сәтіне), жүйедегі пайдаланушылардың санын, физикалық құрылғылардың ерекшеліктері мен құрамын, қызмет көрсету барысында технологиялық ерекшеліктерін, сонымен қатар бухгалтерлік технологияның өзгеруін қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік технологиялардың өзгеруіне байланысты (шоттар жоспары және баланс құру алгоритмінің өзгеруі) икемді күйге келтіру ағымдағы болуы мүмкін, мұндай жағдайда оны бухгалтердің өзі жасай алады.
Икемді күйге келтіру спекторына байланысты кәсіпорындағы программалық өнімнің бейімделуі және енгізілуі 1-2 айдан 3 жылға дейін, кейде менюді күйге келтіру, есеп беру формасын жасаудан бастап мүлдем жаңа программалық модуль жасауға дейін өзгереді. Жүйені икемді күйге келтіруді шартты түрде келесі жұмыс мезетіне бөлуге болады:
 Кәсіпорында қолданылатын шоттар жоспарын құру;
 Талдамалы есеп жүргізуді ұйымдастыру;
 Бастапқы қалдықтарды енгізу;
 Алғашқы құжаттар жиынтығымен қамтамасыз ету;
 Керекті бухгалтерлік проводкаларды құру;
 Стандартты емес есеп беру үлгілерін құру.
Қазіргі кезде әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүргізу деректерді компьютерлік өңдеусіз тиімділігі шамалы, сондықтан жаңа технологиялар негізінде бухгалтерлік программалар жасау жұмысының үлкен мәні бар.
Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
- мини –жүйелер;
- шағын және орта кәсіпорындарға арналған әр жақты (әмбебап) жүйелер;
- ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер.
Мини-жүйелер айналымы шағын және жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігіне қойылатын талаптары жоғары емес кәсіпорындарға арналған. Бұл жүйелерге БАС БУХГАЛТЕР, 1С:БУХГАЛТЕРИЯ және тағы басқалар жатады. Әр жақты (әмбебап) жүйелер терең талданыммен сипатталады және олар бухгалтерлік есептің барлық бөлігінде жүргізіледі. Мұндай жүйелерге ЛУКА-ПРО, 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ, ТСВ БУХГАЛТЕРИЯ, ПАРУС, Турбо Бухгалтер жатады.
2.Программаны жұмысқа дайындау. Талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру.
Талдамалы есеп жүргізу және алғашқы құжаттарды құру барысында анықтамалықтардың құрылымын пайдалану ең негізгі ақпарат болып табылады. 1С: Бухгалтерия жүйесінде көп деңгейлі анықтамалықтар (5 деңгейге дейін) ұйымдастыруға болады. Бұл шоттар бойынша көп деңгейлі талдамалы есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Жүйеде бағынышты анықтамалықтар механизмі қарастырылған. Мұндай механизм әр түрлі анықтамалықтардың элементтерін бір-бірімен, мысалы, кәсіпорынмен жасалған шартты, тауарлар мен олардың өлшем бірлігін, тағы басқаларын байланыстыруға мүмкіндік береді. Бағынышты анықтамалықтардағы әрбір элементі негізгі (иемденуші) анықтамалықтың нақгы бір элементімен
байланысты. Жұмыс барысында бағынышты анықтамалық терезесінен таңдалған элементтер жиынтығы негізгі иеленуші анықтамалықтың ағымдағы элементі болып табылады. Мысалы, ұйымның анықтамалығында курсор нақты элементке қойылған болса (нақты ұйым), онда оның бағынышты келісім- шарттар анықтамалығында тек ағымдағы ұйымның келісім-шарттары туралы деректер шығарады.
Анықтамалықпен жұмыс екі режимде жүреді:
=> анықтамалықтан элементті таңдау;
=> анықтамалықтағы элементтерді түзету және қарап шығу.
Қарап шығу және таңдау режимінде анықтамалықтарды программаның
басты менюінен, құралдар тақтасынан, басқа формалардың немесе басқа амалдардың кнопкасын басу арқылы ашуға (қол жеткізуге) болады.
Тандау режимінде субконто мәнін, тұрақтыларды, басқа анықтамалық деректемелерін немесе құжат деректемелерін енгізу үшін, F4 пернесін
немесе кнопкасын басу арқылы анықтамалықты ашуға болады. Бұл екі режимнің айырмашылығы сонда таңдау режимінде анықтамалықтан курсорды керекті элементке қойып, Enter пернесін немесе құралдар тақтасынан керекті
кнопканы басу арқылы түзетілетін деректемені (реквизитті) немесе тұрақтының мәні ретінде ағымдағы элементті енгізе аласыз.
Анықтамалық формасына программаның басты менюіндегі "Амалдар (Операции)" пунктінен "Анықтамалық (Спрвочник) бөлімін немесе құралдар тақтасынан
кнопкасын таңдау арқылы қол жеткізуге болады. Әкранға жүйедегі тізімде бар анықтамалықтар тізімі шығады. Маустың немесе перненің көмегімен тізімнен керекті анықтамалықтың атауын таңдап OK кнопкасын басыңыз. Экранға жүйеде бар анықтамалықтар тізімі шығады. Егер анықтамалық көп элементтен және көп бағанадан тұрса, оңда
анықтамалық кестесіне оның нақты бөлігі шығады, ал кестенің сол жағына және төменгі бөлігіне қарау сызығы шығады. Егер ағымдағы анықтамалық
үшін менюдің Әрнкет(Действия) пунктіндегі Сатылы(Иерархиялық) тізім командасы таңдалған болса, онда анықтамалық бағанасының сол жағына жолдың типін көрсететін шартты белгілер шығады:
-Бұл жол анықтамалықтың элементін көрсетеді.
-Бұл жол анықтамалық тобына сәйкес келеді. Топтардың тақырыбы анықтамалық тізімінің жоғарғы жағында орналасқан. Маустың оң жақ кнопкасын екі рет басу арқылы осы топқа кіретін анықтамалық элементін таңдауға болады.
-Бұл жол қарап шығуға ашылған топтар атауын көрсетеді. Мұндай жолдар анықтамалық атауы ретінде кестенің жоғарғы бөлігінде орналасады және түзетуге болмайды. Маустың сол жақ кнопкасын осы топқа екі рет басу арқылы топты жабуға болады. Бұдан басқа анықтамалықтар элементін және анықтамалықтар тобын жоюға арналған, шартты белгілер болуы мүмкін.
Анықтамалықты қарап шығу
Аныктамалықтағы жолдың екі түрі болуы мүмкін: анықтамалықтың элементі және акықтамалық тобының атауы. Анықтамалықтағы топты ашу келесі тәсілдердің бірімен орындалуы мүмкін:
- Кестедегі керекті топ атауының таңбасына маустық көмегімен екі рет басу
немесе
- Курсорды керекті топ атауына қойып CTRL+
немесе
-Курсорды керекті топ атауына қойып программанын басты
менюіндегі «Әрекет (Действш)" пунктінің «Келесі деңгей (Следующии уровснь)" командасын таңдау.
Осы әрекеттердің нәтижесінде таңдалған топ ашылады
таңбасы таңбасына ауысады. Осы топ атауы және жоғарғы деңгейдегі барлық топтардың атауы кестенің бірінші жолында көрсетіледі. Алдыңғы деңгейге қайта оралу үшін CTRL+ пернесінің қосыңдысын
басыңыз. Егер бірінше деңгейді аттап өткіңіз келсе, керекті жолдағы топ атауының таңбасна маустың көмегімен екі рат басыңыз.
Топтың бұтақ тәріздес түрін қарап шыгу
Топтың бұтақ тәріздес түрінің құрамы анықтамалықтағы топтың атауынан тұрады және ол біріншіден, анықтамалықтың құрылымын қарап шығу үшін, екіншіден, анықтамалықтың нақты тобына кіретін элементтерге тез өту үшін ыңғайлы. Бұтақтағы "+" таңбасы осы бұтақтың ішінде қосалқы бұтақ барын білдіреді. Топты ашу маустың көмегімен таңбаға екі рет басу арқылы орындалады "+" таңдасы "-" ке ауысады. Ал топты жабу ушін "-" таңбасын маустың көмегімен екі рет басу жеткілікті.
Анықтамалық элементтерін реттеу
Анықтамалық терезесі көруге немесе элементтерді таңдауға ашылғанда оны коды, элементтердің атауы немесе кез келген деректемесі бойынша реттеуге болады. Реттеуді программаның басты менюіндегі "Әрекет (Действия)" пунктінің "Реттеу (Сортировка)" командасын таңдау арқылы
орындалады. Реттеуді жылдамдату үшін келесі пернелер қосындысы қолданылады:
CTRL+1
СTRL+2
CTRL+3
Аиықтамалыққа жаңа элемеит енгізу
Анықтамалыққа жаңа элемент енгізу үшін келесі амалдар орындалады:
элементті коды бойынша реттеу; элементті атауы бойынша реггеу;
кез келген деректеме бойынша реттеу.
- Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз
немесе
- INS пернесін басыңыз
немесе
- Программаның басты менюіндегі "Әрекет (Действия)" пунктіндегі
"Жаңа (Новый)" командасын таңдаңыз.

3. Операциялар журналы. Бастапқы қалдықтарды енгізу.


Проводкалар журналы
Проводкалар журналы енгізілген операцияларды бухгалтерлік проводкалар тізімі түрінде қарауға мүмкіндік береді. Әр операция бір немесе бірнеше проводкалардан тұруы мүмкін.
Проводкалар журналын шақыру үшін программаның "Амалдар (Операции)" басты менюінің "Журналдар)" бөлімін таңдаңыз немесе құралдар тақтасынан кнопкасын басыңыз. Проводкалар журналы әр жолы
проводкалардың корреспонденцияларынан тұратын кесте түрінде бейнеленеді. Проводка журналының бағаналарында проводкаға, сондайақ операцияға тиісті проводкаларға байланысты мәліметтер көрсетіледі. Төменде проводка журналының бағаналарының атаулары және оның құрамы келтірілген. Бағана атаулары нақты конфигурацияға байланысты болады.
-"Уақыты" - операция (құжат) уақыты;
-"Құжат" - осы операцияға тиісті құжат атауының түрі. Егер операция
қолмен енгізілген болса, онда ол арнайы "Операция" түріне жатады. -Нөмер-операция нөмірі.
- "Түсініктеме" - операцияның түсініктемесі.
-"Операция сомасы" - операция сомасы. Берілген мәнді пайдаланушы
көрсетеді немесе операцияны құжат арқылы жазғанда автоматты түрде құрылады.
- "Проводка нөмірі" - операцияға тиісті проводканың реттік нөмірі. Егер проводкалар журналының жолы проводкалардың корреспонденциясынан, яғни, оның бөлігінен тұрса, онда корреспонденция нөмірін екі жолдан тұрады.
- "Шоттар жоспары" - проводканың дебеттік және кредиттік шоттарын анықтайтын шоттар жоспарының атауы.
- "Дебет шоты" - проводканың дебеттік шоты.
- "Кредит шоты" - проводканың кредиттік шоты.
- "Субконта" – проводка субконтосы.
- "Валюта" - проводкадағы валюта атауы. Егер конфигурацияда
анықгалған болса, валюталық есеп жүгізу үшін қолданады.
- "Бағам " – проводканың ағымдағы валюта бағамы
- "Саны "- прводка саны. Сандық есеп жүргізу үшін қолданады.
- "Вал. Сомасы "-валютамен берілген проводка сомасы. Валюталық есеп
жүргізу үшін қолданылады.
- "Сома "- проводка сомасы.
Көру аралығы
Көру аралығы журналды қарап шығу барысында нақты уақыт
аралығында құжаттардың көрінуін анықтайды. Журналдағы жазулардың көріну аралығын қою үшін программаның басты менюіндегі "Әрекет (Действия)" пунктіндегі "Аралық (Интервал)" бөлімін немесе журналдағы құралдар
тақтасынан кнопкасын таңдаңыз. Экранға "Журналдың параметрлері (Параметры журнала)" диалогы шығады. Сәйкес өріске құжаттардың көріну аралығының бастапқы және соңғы күнін теріңіз. Күнін енгізу үшін кнопкасын басу арқылы күнтізбеден керекті күнді маустың көмегімен таңдап "ОК" кнопкасын басыңыз. Журналда осы көрсетілген күнге байланысты ғана құжаттар, операциялар, проводкалар шығады.
Журналдағы жазулардың орналасу тәртібі
Журналдардағы жазу:
- күні бойынша;
- күнінің ішінде құжаттың уақыты бойынша; егер жүйеге бірнеше
құжат бір күнде немесе бір ұақытта енгізілген болса, онда олар енгізілген тәртібі бойынша реттеледі.
Журналға енгзілген кұжаттармен жұмыс
Барлық құжаттар "Құжаттар журналына" тіркеледі. Құжаттарды қарап шығуға және түзетуге ашу үшін, журналдағы сол құжатты таңдап Enter пернесін басыңыз. Түзету енгізілгеннен кейін оны сақтау үшін "ОК" кнопкасын немесе түзету енгізуден бас тарту үшін "Бас тарту (Отмена)" кнопкасын басыңыз. Бар құжат негізінде жаңа құжат енгізу үшін, журналдағы жаңа құжат енгізуге негіз (үлгі) болатын құжатты таңдаңыз. Программаның басты менюінің "Әрекет (Действия)" пунктінен (Негізде енгізу) Ввести на основании" режимін тандап және құжаттар тізімінен құжаттың түрін таңдап "ОК" кнопкасын басыңыз. Экранда кейбір деректемелері толтырылған құжаттың түрі шығады, қажетті деректемелерді толтырып журналға жазу үшін "Ок" кнопкасын басыңыз. Ал құжатты көшіру үшін құжаттар журналынан сол көшірілетін құжатты таңдап, менюдегі "Әрекет (Действия)" пунктіндегі "Көшіру (Копировать)" режимін таңдаңыз. Экранда берілген кестеден керекті деректемелерді түзетіп, оны журналға жазу үшін "Ок" кнопкасын басыңыз. Құжатты жою үшін құжаттар журналынан жойылуға тиісті құжатты таңдап, программаның басты менюіндегі "Әрекет (Действия)" пунктінен "Жою (Удалить)" режимін немесе құралдар тақгасынан кнопкасын таңдаңыз, экранда шыққан сұраныстан жойылуға тиістісін таңдап "Ок" кнопкасын басыңыз. Құжат жойылуға белгіленеді. Оны алып тастау үшін барлық терезелерді жауып менюдің "Амалдар (Операции)" пунктінен "Белгіленген объектілерді жою (Удалить помеченных объектов)" режимін таңдаңыз.
Құжаттар операциясыныц проводкасын карауға және түзетуге ашу
Құжат операциясы проводкаларын ашу үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:
- Журнал терезесі немесе құжат құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз;
немесе
- Программа менюінің "Әрекет (Действия)" пунктінен "Операция проводкасы (Проводки операции)" командасын таңдаңыз.
Құжаттар операциясын қарау және түзетуге ашу
Ағымдағы құжат операциясын ашу үшін:
- Журнал терезесі немесе құжат үлгісіндегі құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз
немесе
Программа менюінің "Әрекет (Действия)" пунктінен "Құжат (Документ)" бөлімін таңдап онан "Операция ашу (Операция операцию )"
командасын таңдаңыз.
Оперяциялар журналына өту
Операциялар журналына өту үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:
- Құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз
немесе
- Программаның басты менюінен "Әрекет (Действия)" пунктін ашып
"Операциялар журналына өту (Перейти в журнал операций) " командасын таңдаңыз.
Немесе
- Ctrl+F11 пернелерін басыңыз.
Проводкядар журналына өту
Операциялар журналына өту үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:
- Құралдар тақтасынан кнопкасын тандаңыз
немесе
- Программаның басты менюінен "Әрекет (Действия)" пунктін ашып
"Проводкалар журналына өту (Перейти в журнал операций)" командасын таңдаңыз.
немесе
-Ctrl+F12 пернелерін басыңыз.
Журналдан іздеу
Журналдан іздеу курсор тұрған жерден бастап төмен қарай жүргізіледі. Құжаттарды нөмірі бойынша іздеу үшін менюдің "Әрекет (Действяя)" пунктінен "Нөмірі бойынша табу (Найти по номеру)" режимін таңдаңыз. Экранда "Құжатты нөмірі бойынша іздеу (Поиск документа по номеру)" терезесі шығады, құжаттың нөмірін теріп "Ок" кнопкасын басыңыз. Құжатты кез келген шарт бойынша іздеу үшін менюдің "Әрекет (Действия)" пунктінен "Іздеу (Поиск)" режимін таңдаңыз. Экранда "Іздеу (Поиск)" терезесі шығады.
- қалдық-айналым ведомосы; - карточка-шоттары;
- шоттарды талдау (күні бойынша, талдамалы есеп объектісі бойынша);
- - - - -
журнал-ордерлер; шоттарды талдау; бас кітап;
шахматка;
ведомостар және тағы басқалар.

4.Ұзақ мерзімді активтер: Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер операциялары


1. Кәіпорынның шаруашлық қызыметінде ерекше орынды негізгі құралдар алады. Негізгі құралдар – ұзақ уақыт қызмет ететін және жалпы жылдық табыс алуға пайдаланылатын материалдық активтер.
Бухгалтерлік есеп процесінде негізгі құралдарды бірнеше сатыларға
бөлуге болады. Мүндай сатыларға келесілер жатады: 1. негізгі құралдарды есепке алу
2. негізгі қүрал амортизациясын есептеу
3. негізгі құралдардың орнын ауыстыру
4. негізгі құралдарды қайта бағалау
5. кәсіпорын балансына негізгі құралдарды енгізу және шығару Дайындаушы – завод, шығару уақыты, есепке қажетті басқа да
ақпараттар сияқты негізгі құралдар туралы мәліметтер Негізгі құралдар анқытамасында сақталады.
Бұл анықтамаға негізгі құрал туралы қажетті ақпарат енгізіледі. Егер Негізгі құралдар анықтамасына бір түрлі объектілерді енгізу керек болса, Топтық қосу өңдеуін пайдалануға болады.
Мысалы, егер кәсіпорын бір дайындаушы – заводтан, бірдей бағада 10 бірдей компьютер сатып алса, онда бұл өңдемені қолданып, деректемелерді келесі жолмен толтыруға болады:
Топ қосу – бұл жолда жазба енгізілетін топ таңдалады
«бастап» «дейін» кодтарды енгізу – НҚ(негізгі құралдар) нөмірленуі
басталатын код көрсетіледі.
Элемент саны – НҚ анықтамасына енгізілетін жазба саны көрсетіледі Атауы - НҚ атауы
Толық атауы - Нқ толық атауы
Дайындаушы – актив дайындалған ұйымның атауы
Завод нөмірі - завод нөмірі
Паспорт нөмірі - паспорт нөмірі
Шығару уақыты - НҚ дайындалған уақыты
НҚ тобы - НҚ тобын таңдау
Автотранспорт– егер НҚ транспорттық құрал болып табылса,
«Автотранспорт» белгісі қойылады. НҚ бастапқы қалдығын шығаруы
Егер есеп жүргізген уақытқа дейін кәсіпорын шаруашылық қызмет жүргізсе және НҚ балансы болса, онда бұл НҚ бойынша қалдықтарды НҚ бастапқы қалдығын енгізу құжаты көмегімен жүзеге асыра аламыз
Құжаттық деректемелерді келесі жолмен толтырылады:
НҚ коды – НҚ коды
НҚ - жылжымайын мүлік, ғимарат, құрал – жабдықтар анықтамасынан актив таңдалынады.
Түгендеу. No - НҚ түгендеу нөмірі
Есепке алу уақыты - актив есепке алынған уақыт
Құжат атауы - есепке алынған актив бойынша құжат уақыты
Келу тәсілі - ұйымға келіп түсу тәсілі
Бастапқы құны – есепке алу уақытында НҚ бастапқы құны
Ағымдағы құны - Қалдықты енгізу уақытындағы негізгі құралдардың
ағымдағы құны
Жинақталған амортизация - қалдықты енгізу уақытына жинақталған
амортизация сомасы
Нқ тиімді пайдалану уақыты (БЕ) ай.– негізгі құралды тиімді
пайдаланудың жалпы уақыты
Есеп шоттары (БЕ) - Бухгалтерлік есеп бойынша негізгі құралдар
есепке алынатын есеп шоттары, мысалы, «2410» шоты – Негізгі құралдар Амортизация шоты - бухгалтерлік есеп бойынша жинақталған
амортизация есепке алынатын есеп шоттары.
МЖТ – НҚ материалды – жауапты тұлға. Ол Жеке
тұлғалар анықтамасынан таңдалынады.
Негізгі құралдардың келуі мен шығуы операциялары есебін көрсететін
құжаттар үшін жолдар тобы:
БЕ модернизациялау шығындар есепшоттары – негізгі құралдарды
модернизациялау шығындар есеп шоттары, түрлік шоттар жоспарында негізгі құралдарды модернизациялау және күрделі жөндеу шығындар есебі үшін «2933» шоты қарастырылған.
Сатып алу бойынша ҚҚС есебі– Негізгі құралдарды сатып алу бойынша операцияларда ҚҚС есеп шоттары
Сату бойынша ҚҚС есеп шоттары – негізгі құралдарды сату бойынша операцияларда ҚҚС есеп шоттары
Сату түсімі шоттары – негізгі құралдарды сатудан түскен түсім есеп шоттары
Сату кезіндегі өзіндік құн шоттары – НҚ сату кезінде өзіндік құн есеп шоттары
Негізгі құралдар есебін салық есебі бойынша көрсету құжаттарына арналған жолдар тобы:
СЕ тіркелген актив болып табылады – салық есебінде тіркелген актив болып мойындалуы мүмкін белгі болып табылады.
СЕ топтары – салық есебіндегі тіркелген активтердің амортизациялық тобы
Ағымдық құны - салық есебі бойынша негізгі құралдың ағымдық құны

Бағалаудағы тұрақты айырмашылық - егер бухгалтерлік және салық есебіндегі актив құндыраның арасында айырмашылық болса, бұл сома активті бағалауда тұрақты айырмашылық ретінде қарастырылады.


Ата – аналық НҚ – егер қалдық енгізілетін негізгі құрал басқа негізгі
құралдың құрамына кіретін болса, бұл жолда оны қосуға тиісті негізгі құралды таңдау керек.
«Қорытынды» бет-белгісінде «негізгі құралдар» кестесінің кейбір колонкалары бойынша қорытынды мәлімет енгізіледі.
Құжатты жасау кезінде келесідей проводкаларды құрады: Дт «Есеп шоттары (БЕ)» - Кт 000 «Қосымша шот»
Дт 000 «Қосымша шот» - Кт «Амортизация шоты (БЕ)» НҚ келуі
Негізгі құралдар келуі операцияларын бағдарламада көрсету үшін ТМҚ мен қызметтердің келуі құжаты арналған.
ТМҚ мен қызметтердің келуі құжатында негізгі құралдардың келуін
көрсету үшін «Негізгі құралдар» бет-белгісіне өтіп, негізгі құрал сатып алынған жабдықтаушы туралы ақпарат көрсету керек. Кестелік бөлігінде сатып алынған актив пен оның құны туралы ақпарат көрсетіледі.
НҚ есепке алу
Бухгалтерлік есепке негізгі құралдар объектілерін алуды НҚ есепке алу құжаты арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл құжатты НҚ және МЕА – НҚ есепке алу мәзірі арқылы құруға болады.
Негізгі құралдар есепке келесілер түрінде алынуы мүмкін: Құрал – жабдықтар
Құрылыс объектілері
Сатып алынған негізгі құралдар
Түгендеу нәтижесі бойынша.
Құрылыс объектілері шығындары есебі үшін конфуигурацияда «2931» «Аяқталмаған өндіріс» шоты арналған. Кезең ішінде бұл шотта келесілерді жинақтауға болады:
1. Материалды шығындар – материалдарды ТМҚ шығуы құжатымен шығаруға болады, шот ретінде «2931» шотын көрсетуге болады,
2. Үстеме шығындар – мердігер ұйымдар қызметін немесе ағымдағы шығындарды шығаруды ТМҚ мен қызметтердің келуі құжаты арқылы жүзеге асыруға болады.
3. Еңбекақы шығындары - ұйым жұмысшыларының еңбекақы шығындарын көрсету үшін Еңбекақыны есепте көрсету құжаты пайдаланылады.
НҚ орнын ауыстыру
НҚ орнын ауыстыру құжаты НҚ бөлімшелер немесе материалды – жауапты тұлғалар арасында ішкі орын ауыстыру үшін арналған. Құжатты НҚ және МЕА - НҚ орнын ауыстыру мәзірі арқылы құруға болады.
Егер ұйым бөлімшелері арасында ішкі орын ауыстыру болса, онда «Бөлімше» жолында объект орын ауысқан бөлімше көрсетіледі, және осы тіркелген активтің материалды – жауапты тұлғасы міндетті түрде

көрсетіледі. Егер негізгі құралдардың материалды – жауапты тұлғасын өзгерту керек болса, онда бөлімше жолында объект кіретін бөлімшені таңдап, ал «Материалды – жауапты тұлға» жолына жаңа мән таңдау керек.


НҚ модернизациялау
Түрлік конфигурацияда негізгі құралдарға күрделі жөндеу жүргізу және модернизациялау шығындарын аккумуляциялау үшін «2933» - «Модернизация және күрделі жөндеу» шоты қарастырылған. Бұл шығындарды модернизациялау объектісіне жатқызу қажеттігі туса, онда НҚ модернизациялау құжаты толтырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет