2. Қылмыстық топ пен қауымдастықтағы лидерлік мәселесі.
Ұйымдасқан топ – қылмыстық құқықта - қылмысқа қатысу нысаны, мұнда қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасайды. Ұйымдасқан топтың міндетті белгілері - алдын ала сөз байласу және тұрақтылық. Ұйымдасқан топтың тұрақтылығы - оның мүшелері арасында тұрақты байланыстың болуы және бір немесе бірнеше қылмысқа дайындалу мен оны жасау әрекетінің айрықша әдістерінің болуы. Ұйымдасқан топты құрған не оған басшылық еткен адам осы қылмысты ұйымдастырғаны не оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ осы қылмыс оның қаскүнемдік ниетімен жасалса, Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) басқа қатысушылары қылмысқа қатысқаны үшін, сондай-ақ өздері дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады. ҚР Қылмыстық кодексінде көзделмеген жағдайда Ұйымдасқан топ құру қылмыс жасау үшін құрылып, қылмысты жасауға дайындалғаны үшін қылмыстық жауапқа апарып соқтырады.
Ұйымдасқан топтар екі не төрт адамнан тұрады. Ұзақ уақыт көздегенқылмыстық мақсаттары бар ынтымақтастығы бар тұрақты топ болғанымен күрделі құрылымы қатаң тәртібі мен лидері жоқ. Қылмыстық тәсілдері үнемі бірдей әбден ойластырылған. Шешімді бірлесіп қабылдайды, бірлесіп істейді: ұрылар, тоңаушылар, көз бояушылар, пәтер тоңаушылар, жас жетпеген жасөспірімдер жатады. Бұл топтың топтық қылмыстық әрекетінің мерзімі үш жылдаң аспайды. Құрылымдық (күрделі) ұйымдасқан топ - қарапайым түріне қарағанда өзінің тұрақтылығымен сипаттталады.
«Лидер» немесе «главарь» қылмыстық топтың бағытын, қылмысты жоспарлау, даярлану, әркімнің атқаратын қызметін анықтайды. Бұл топтың мүшелері ерекшеленген идеяларды, қалыптасқан қылмыстық дәстүрлерді, сенімдерді, мақсатқа жетудегі жалпы криминалдық әдіс-тәсілдерді басшылыққа алады. Сондай-ақ басқа да қылмыстық топтармен тығыз байланыс жасайды: Жалған құжат жасаушылармен, техникалық жұмысшылармен, ұрланған заттарды сатып алушылармен. Автомобильдерді, пәтерлерді шеберлікпен тонайды, ұрлықты, тонауды, ұруды, рэкеттік істерді кәсіптік шеберлікпен орындайды. Ұйымдасқан қылмыстық топтар- бірнеше қылмыстық топтардан тұрады.
Қылмыстық әрекетті орындаудағы тәсілдеріне қарай екіге бөлінеді: Команда (бригада) - өздерінің жергілікті тұрақты территориялық белгілеріне қарай бөлінеді. Община - көбінесе сырттан келген, жергілікті жердің тұрғындары емес (Закавказьеден, Азербайджан, Чечня, Грузия, Дагестан) келген адамдардан тұрады. Кейбір лидерлері, қажетті капиталды жинағаннан кейін «жасыру» әрекетіне көшеді. Коммерциялық құрлымдарды, банктерде директор немесе гинеральдық жетекші қызметкері болады.Бандиттік (құрылым) ұйымдар- қоғамдық, мемлекеттік мекемелерде, жеке адамдарға басымдылық көрсетуге ұйымдасқан қарақшылық топ. Басқа ұйымдарға қарағанда айқын түрде қарулы басқыншылық жасайды. Құрамында он адамнан аспайды. «Главарьға» қатаң бағыну мен тәртіп ережелерін сақтаумен ерекшеленеді. Жәбірлеуде өте қатаңдық қолданады. Қылмыстық әрекеттердің негізгі ұмтылысы: ақша, валюта, қару-жарақ, алтын, қымбат тастар, антиквариат. Қылмыстық әрекеттерінде жауыздық- зорлық әдістермен қатар қолдарына түскендерді қинауда қатаң айуандықпен жазалайды.
Қарақшылық ұйымдардың үш категориясы бар: Классикалық (қалыптасқан) банда- айқын түрде қарулы қарақшылық әрекет; Жетілген, білікті банда (специализированная)- ерекшелігі: қылмыстың бір түрін орындаудағы қылмыстық іскерлікпен дағдыны жетілдіруі, мысалы: банк, инкассатор, үлкен тонаушылар; «Заказчики» - конкуренттеріне басымдылық көрсету үшін қолданылатын қылмыс. Мысалы: «киллер», «вышибало» адамдардан тұрады. Белсенді, ширақ, конспирациялық әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген, дене бітімі дамуы жоғары. Қылмыстық топпен қай елгеде, мемлекеттке де болмасын экономикалық және мәдени дамуына қауіптілік әкеледі. Қылмыстық топтар мемлекеттерде тез таралғанымен, қылмыстық топтарды жоюға, күресуге ұзақ уақыт қажет. Мәселен Италия еліне, билік етіп тұрған «мафияға» соң нүктесін қоюға, жоюға 200- дей жыл, АҚШ-қа қылмыстық топтармен күресуге 50 жылдай керек болды. И.Н.Сорокотягиннің ойынша, дәстүрлі ұйымдасқан қылмыстық топ психологиясына кіреді: 1) Қарапайым ұйымдасқан топ; 2) Қиын ұйымдасқан топ; 3) Ұйымдасқан қылмыстық топтама; 4) Бандиттік қалыптасу; 5) Қылмыстық қауымдастық; 6) Мафия; 7) Кәсіби қылмыстық лидерлердің кооперациясы («заңдағы ұры»). Қылмыстық топтарды зерттеу, қылмыстың қалыптасуының келесідей қатысушыларының бар екендігіне тұжырым жасауға мүмкіндік береді: «Жалған кәсіпкер» ақшамен, финанспен айналысатын алаяқ қылмыскер; «Гангстер» негізгі қызмет түрі рэкет (білікті бопсалау); «Гангстерлер» наркобизнес, құмар ойын бизнсі, жөзекшелік т.б. бақылайы; «Қарақшы» сауда, жекешелендіру, шикізат сату аумағындағы қылмыстық топ; «Жемқорлар» құқық қорғау органдарындағы, басқарудағы, билік органдарындағы мемлекет шенеуніктерінің тобы. «Координаторлар» қылмыс әлеміндегі элитасы, «заңдағы ұрылыр» немесе авторитет. Координаторлардың белсенді жұмысы «мафия» болуын пайымдайды. Лидер (ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) – сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Лидерге тән қасиеттер: 1) Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы; 2) Мақсатына жету жолындағы күш қайраты; 3) Бастамашылдығы; 4) Өзіне-өзінің сенімділігі; 5) Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті; 6) Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті; 7) Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті. Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастырса, заң психологиясында лидерлікті қылмыстық топтағы жетекші ретінде қарастырады. Криминалды психологияда қылмыстық топтардың лидерлері басқару стиліне қарай келесідей категорияларға бөлінеді: 1) Лидер-шабыттандырушы: қылмыстық әрекеттің мақсаты мен міндетін, әрекет нормаларын анықтайды, өзінің бағдарламаларын ұсынады. 2) Лидер-ұйымдастырушы: қылмыстық топ әрекетін ұйымдастырып және басқаарады барлық топтардан пайда болған бағдарламаны жүзее асырады. 3) Аралас типтегі лидер: лидер-шабыттандырушы және лидер- ұйымдастырушы типтерінің элементтері бар яғни бір уақытта, бағдарламаны міндеттепте, бағдарламаның орындалуында ұйымдастырады. Лидерді анықтау мен әшкерелеу-оңай емес тапсырма. Осы мақсатпен әр-түрлі тактикалық және психологиялық тәсілдер мен құралдар қолданылады, тергеу және оперативті іс-шаралар жүргізіледі. Бұл істің негізгі мәні қылмыстық топ және оныңлидер рөлінің психологиялық құрылымын зерттеу. Зерттеу барыснда, қылмыстық топ мүшелері және лидер арасындағы конфликтер бар екенін растайтын дәлелдер жинау керек. Бұл дәлелдемелерді тергеу кезінде, тергеу әрекеттерінде қолдану керек.