Тұйық, оқшауланған жүйенің толық энергиясы тұрақты боп тұрады. Яғни энергияның жалпы мөлшері, тұйық жүйеде өзгермейді. Артпайды да, кемімейді де энергияның сақталу заңы дегеніміз осы.
Жүйеге берілген Q жылу мөлшері, сыртқы күштерге қарсы A жұмыс істеуге және жүйенің ΔU ішкі энергиясын өзгертуге жұмсалады:
Q = ΔU + A Бұнда сырттан берілген жылу мөлшері, яғни энергия, жүйенің ішкі энергиясын арттыруға және жұмыс істеуге жұмсалады, яғни энергия жоғалмайды.
Энергияның сақталу заңы орындалады дегені! 12. Джоуль заңы
Өткізгіштен ток өткізу үшін ток көзі біраз энергия жұмсайды, cол энергия жылуға айналады. Электр энергиясының жылу энергиясына өтуі Ленц — Джоуль заңымен анықталады. Бұл заңды "Токтың жылулық әсер заңы" деп те атайды.
13. Энтальпия және Энтропия
Энтропия (гр.еntropіa – бұрылыс, айналу) – тұйық термодинамикалық жүйедегі өздігінен жүретін процестің өту бағытын сипаттайтын күй функциясы. Энтропияның күй функциясы екендігі термодинамиканың екінші бастамасында тұжырымдалады.
Энтальпия (гр.enthalpo – жылытамын, қыздырамын), жылулық функция, жылу мөлшері –термодинамикалық жүйе күйінің функциясы болып келетін жылуға қатысты шама.
14.Изохорлық, изобарлық жәнеизотермиялық процесстер
Тұрақты температурада термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі Изотермалық процесс ( көне грекше: ἴσος - бірдей және көне грекше: θέρμη - жылу) деп атайды.
Тұрақты қысымда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі Изобаралық процесс (грек. көне грекше: ἴσος - бірдей, көне грекше: βάρος - ауырлық салмақ) деп аталады.
Көлем тұрақты болғанда, температураның өзгеруінен туындайтын газ қысымының өзгеру процесін Изохоралық процесс (грек. көне грекше: ἴσος - бірдей және көне грекше: χώρος - көлем) деп атайды.