2 тақырып. Жобаны қаржыландырудағы тәуекелдік. Тәуекелділікті сақтандыру



бет1/2
Дата13.09.2023
өлшемі15,26 Kb.
#180963
  1   2
Байланысты:
2 тақырып
аймак 10

2 тақырып. Жобаны қаржыландырудағы тәуекелдік. Тәуекелділікті сақтандыру

Тәуекел қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірінің ажырамас элементі ретінде нарық жағдайында қызмет етуші кез-келген ұйымның қызметінің барлық бағыттары мен аясында міндетті түрде ілесіп жүреді. Сұраныс пен ұсыныс деңгейінің тұрақсыздығы, үнемі қатаңданып отыр бәсекелестік, техника мен технологияның даму қарқынын озушылар, валюталық бағамдардың күрт өзгеруі, бақыланбайтын инфляция, заңнамалық базаның тұрақсыздығы, сонымен қатар, жаңашыл экономикаға тән көптеген басқа да қолайсыз факторлар бірде-бір коммерциялық операцияның белгілі кепілденген жетістікпен жүзеге асырылуына жол бермейді. Соның салдарынан кез келген жаңашыл ұйымның қалыпты деңгейде іс-әрекет етуі мен дамуының негізгі және ажырамас шарты болып оның жоғарғы басшылығының қатаң ғылыми негізде тәуекелдерді болжауды және басқаруды жүзеге асыра білу табылады.


Тәуекелдерді басқарудың іс жүзіндегі міндеті түбегейлі зерттеуді және жүйелендіруді қажет ететін өзарабайланысты теориялық сұрақтардың негізінде құрылады:
- тәуекелдің мәнін және оның кәсіпкерлік қызметте көрінуінің формаларын ашу;
- оның пайда болу көздерін зерттеу;
- тәуекелдерді классификациялау белгілерін таңдау және ғылыми түрде тұжырымдау;
- кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдерді бөлу.
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік:
1. Кәсіпорынның алғашқы қаржылық ақпаратын жинау
2. Кәсіпорынның тәуекелділік ықтималдылығын бағалау
3. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау
4. Кәсіпорынның дағдарыс кезеңін анықтау
5. Қаржылық сауықтыру жөнінде басқару шешімдерін таңдау
Тәуекел басқарумен тікелей байланысты және де қабылданатын басқарушылық шешім-дердің тиімділігі мен дұрыс негізделуінен тікелей тәуелділікте болады. Жоғары тәуекелді сфераны айқындай отырып, оны сандық өлшей және үнемі бақылай отырып тәуекелдерді шектелген дәрежеде басқаруға болады. Бұл тәуекел деңгейін елеулі мөлшерде төмендетуге және оның теріс салдарын минималдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, тәуекел бизнесте тек қана теріс роль ойнамайды, оң нәтижелі де болады. Жалпыға белгілі, жүзеге асырылуға дайындалып жатқан инновациялық жобаның тәуекел деңгейі жоғары болған сайын, оған тартылатын инвестицияның рентабельділігінің күтілетін деңгейі де жоғары болады. Тәуекелді іс-әрекетке ақша салу арқылы бизнесмендер өз инвес-тицияларының пайдалылығы мен рентабельділігінің жоғарғы деңгейіне сенім артуына болады. Оған қоса, кәсіпкерлік тәуекелдің теріс салдарын минималдауға ұмтылу жан-жақты терең зерттелген, дұрыс басқарушылық шешімдер қабылдау үшін объективті алғышарттар қалыптастырады.
Басқа елдердің экономикалық жүйелерін зерттеу көрсеткендей, экономикалық саясаттың тактикасы мен стратегиясын дайныдау барысында, нақтылы шешімдер қабылдау кезінде кәсіпкерлік тәуекелді елемеу немес дұрыс бағаламау қоғамның, ғылыми-техникалық про-грестің дамуын міндетті түрде тежейді, экономикалық жүйені тоқырауға алып келеді. В.А.Черновтың айтуынша «тәуекелдің жоқ болуы кезінде шешім қабылдаушы субъект үшін ұйымдастыру, басқару және жоспарлау жүйесін жетілдірудің, кемшіліктер туралы ойлану-дың, қарсы ой-пікірлер айтудың, сынға алудың және жақсы жаққа өзгерудің қажеттілігі жоқ. Өйткені, ол ешқандай да тәуекелге бармайды, ешқандай да жоғалту болмайды. Сондықтан да, ол өзін-өзі басуға, творчестволық ойшыл адамдарды елемеуге және қабылдамауға бейім келеді. Нәтижесінде, осының салдары ретінде, өзін-өзі дамытуды тоқтатады» [3,с.12]. Тәуекелдің ғылыми категориясының теориялық негізін зерттеу кәсіпкерлік қызметтің нарықтық экономика жағдайында іс-әрекет етуі көптеген тәуекелдердің болуымен сипатта-лады деп қорытындылауға негіз береді. Зерттеу барысында, көрсетілген мәселелер мен болжамданған көзқарастардың күрт өзектілігіне қарамастан, тәуекелді бағалау теориясының әлі де болса айқындалған түрлерінің жоқтығы анықталды. Осыған байланысты мақалада тәуекелдің мәні мен оның көрінісінің түрлері туралы авторлық көзқарас көрсетілген. Тәуекелді сапалы басқару тәуекелдердің кәсіпкерлік қызметтің сол немесе басқа да кезеңдерінде пайда болуның мүмкіншілігін сәйкестендіруге септігін тигізетін олардың пайда болу көздерін зерттеудің қажеттілігін көздейді. Тәуекелдерді жүйелендіру мен сәйкестен-діру, өз кезегінде, тәуекелдерді басқарудың оңтайлы жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлік тәуекелдің әртүрлі белгілеріне байланысты топтастырылуын сипаттаңыз.
Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.
Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.
Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет