2 тақырып. Тау жыныстары және олардың жіктелуі



Дата08.11.2023
өлшемі22,33 Kb.
#190206
Байланысты:
практика геология 2


2 ТАҚЫРЫП. ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.

  1. Тау жыныстары дегеніміз не?

  1. 2.Текстура мен құрылымды қалай ажыратады?

  2. Тау жыныстары қалай жіктеледі?

  3. Шөгінді тау жыныстарының қандай түрлерін білесің?

  4. Магмалық тау жыныстары қалай түзіледі?

  5. Метаморфтық тау жыныстарына қандай факторлар әсер етеді?

Тапсырмалар:

  1. Шөгінді тау жыныстарын анықтау.

  2. Магмалық тау жыныстарын анықтау.

  3. Метаморфтық тау жыныстарын анықтау.

1. Тау жыныстары деп – геологиялық үрдістердің әсерінен жер қойнауында немесе оның бетінде минералдардың бірігіп бекуінен пайда болған, тұрақты құрамы мен құрылымы бар табиғи денелерді айтады.


1.2 Әрбір тау жынысы белгілі бір геологиялық жағдайда пайда болып, өзінің сыртқы нышандарымен сипатталынады. Олардың ішінде ең негізгілері болып, минералогиялық құрамы, құрылымы, түзілімі және түсі саналады. Минералогиялық құрамы тау жыныстарында әр түрлі. Олар бір минералдан (мономинералды) (әк – тек кальциттен, кварцит-кварцтан) немесе көп минералдан (полиминералды гранит – ортоклаз, слюда, кварц, мүйізді алдамыш) тұруы мүмкін. Жынысты минералдың мөлшері 5% көп болса, оны негізгі жыныс құрушы минерал деп атайды. Кез келген жыныста аз да болса қоспа, екінші реттегі минералдар кездеседі (5% аз), оны – акцесорлы минералдар дейді. Құрылымы деп – жыныстар құрамын атайды, яғни минералдардың массаны құратын кристалдану деңгейін, мүсіні мен мөлшерін айтады. Түзілімі деп – жыныстардың бірікпесін, яғни минералдардың масса құрамының орналасуын және тығыздық деңгейін айтады. Түсі тау жыныстарының әр түрлі және олар жыныс құрушы және ретсіз орналасқан екінші реттегі минералдардың түсіне байланысты болад
Құрылымы деп – жыныстар құрамын атайды, яғни минералдардың массаны құратын кристалдану деңгейін, мүсіні мен мөлшерін айтады
Текстура – жыныстағы түйіршіктердің орналасуы. Ол толықтай ашылым өзінде ғана зерттелуі мүмкін, одан кейін жеке керн немесе үлгілерде. Текстура бойынша физикалық қасиеттерін анықтауға болады (су сіңіру, мықтылығы, бөлінгіштігі) және сол бойынша жыныстың қалыптасу ортасын анықтайды.
2. Барлық тау жыныстары өзінің пайда болу жағдайына байланысты үлкен үш топқа бөлінеді: магмалы, шөгінді және метаморфты. Магмалы немесе ақтарылған тау жыныстары балқыған магмадан жер қойнауының белгілі бір тереңдігінде немесе жер бетіне ақтарылып қатуынан пайда болады. Магманың жер қойнауында қатып пайда болған жынысын – тереңдіктегі немесе интрузивті, ал жер бетіне шығып қатқан лаваны – ақтарылған немесе эффузивті деп атайды. Шөгінді тау жыныстары бұрынғы пайда болған тау жыныстарының үгілуінен және үгілген өнімдердің жер бетінде немесе су бассейндерінде қайтадан шөгуінен пайда болмақ. Көптеген шөгінді тау жыныстарының пайда болуында организмдердің тіршілік ісәрекетінің маңызы зор. Метаморфты тау жыныстары – шөгінді және магмалы тау жыныстарының жер қойнауында үлкен қысым мен жоғары температураның әсерінен қайта кристалдануы, яғни метаморфизмге түсуінің арқасында пайда болады. Магмалы тау жыныстары біріншілікті, ал шөгінді және метаморфтылар екіншілік жыныстар боп саналады. 71 Жер қойынауының 16 км дейінгі тереңдігінің
3. Шөгінді тау жыныстары пайда болу жағдайына байланысты үлкен үш топқа бөлінеді. 1. Механикалық немесе сынықты шөгінді жыныстар, магмалы немесе метаморфты жыныстардың механикалық ұнтақталған өнімдері болып саналады, олар қатты бөлшектер күйінде желмен, сумен немесе мұзбен бір орыннан екінші орынға көшуі немесе өз орнында жатуы мүмкін. 2. Балшықты шөгінді жыныстар – кейбір минералдардың химиялық үгілген өнімі, магмалы және метаморфты жыныстардың массаларынан пайда болады, оларда өз орнында қалуы немесе жел, су, мұзбен көшуі мүмкін. 3. Химиялық және биохимиялық шөгінді жыныстар, бұл жыныстар көбінесе су ортасында және сиректеу құрылық бетінде әр түрлі химиялық үрдістер әсерінен және өсімдіктер мен хайуанаттар организмдерінен, олардың қалдықтарынан жинақталып пайда 86 болады. Бұл екі үлкен топ бұл жерде бірге қаралады, өйткені олар бір-бірімен тығыз байланысқан, олардың генезисін анықтау өте қиын. Оларды жіктегенде көбінесе химиялық құрамына қарайды: карбонатты, кремнийлі, галогенді, темірлі, фосфоритті және т.б.
4. Магмалы жыныстардың түзілімі массивті және кесекті келеді. Массивті жыныс минералдардың бір-біріне тығыз бекіген бірікпе- 76 лерінен тұрады. Кеуекті жынысты көзбен қарағанда каверн немесе майда тесіктер байқалады. Мұндай түзілім кейбір эффузивті жыныстарда байқалады (көбікше). Барлық интрузивті және эффузивті жыныстардың басым көпшілігі массивті түзілімге ие.
Магмалы немесе ақтарылған тау жыныстары балқыған магмадан жер қойнауының белгілі бір тереңдігінде немесе жер бетіне ақтарылып қатуынан пайда болады. Магманың жер қойнауында қатып пайда болған жынысын – тереңдіктегі немесе интрузивті, ал жер бетіне шығып қатқан лаваны – ақтарылған немесе эффузивті деп атайды
5. Метаморфты тау жыныстары – шөгінді және магмалы тау жыныстарының жер қойнауында үлкен қысым мен жоғары температураның әсерінен қайта кристалдануы, яғни метаморфизмге түсуінің арқасында пайда болады.

Тапсырма


1. Шөгінді тау жыныстарды анықтаудың нақтылы бір жолын белгілеуге болмайды. Оны дұрыс анықтаудың ең бастысы - оның сыртқы белгілерін кешенді түрде анықтау керек. Мұнда жыныста кездесетін заттарды қарап, тексеріп қана қоймай, онда қандай заттардың кездеспейтінін, яғни жыныс әкті ме немесе онда әк кездеспей ме соған да көңіл аудару керек. Оның құрылымы, қабаттылығы (егер ол жоқ болса, оны арнайы көрсету керек), кеуектілігінің бар жоғын және т.б. қарайды. Құрамы: жыныстың барлық ерекшеліктерін, түсін, қаттылығы, сынықтығы, сыбағалы салмағы және басқа қасиеттерін нақтылы анықтап көрсету керек. Сонымен қатар, жыныста кездесетін басқа қосалқы кірмелерді, яғни органикалық заттарды, әр түрлі шығымдарды, жағындарды, нәзденуді және т.б. мұқият қарап жазу керек. Жыныстарды жан-жақты тексеріп жазу арқылы оның пайда болуын анықтап, сол арқылы жыныстың типін анықтайды
2. Жыныстың түсін анықтау соншалықты қиын емес. Магмалы жыныстар көп жағдайда бір түстен тұрмайды, өйткені олар көптеген минералдардың жиынтығынан тұрады, олар әр түрлі түске боялған. Сондықтан түсті анықтаған кезде жыныс массасында басым түс нұсқасымен атау керек. Тау жыныстарын анықтағанда, оның сыбағалы салмағын жуықтап, қолмен салмақтап анықтауға болады. Қышқылды кристалды жыныстардың (гранит) сыбағалы салмағы 2,5-ден 2,7 дейін, орташа (диорит) – 2,7-2,8, негізгі (габбро) – 2,9-3,1; ультра негізгі (перидотит) – 3,1-7,25.
3. Метаморфты жыныстар біріншілік-шөгінді немесе магмалы жыныстардан терең өзгерістерге түсу салдарынан пайда болады. Физиклық-химиялық жағдайдың (температура, қысым мен құрамы немесе заттардың концентрациясы) өзгеруіне байланысты олардың минералогиялық құрамы өзгеріп қана қоймай, химиялық құрамы да, яғни құрылымы мен түзілімі де өзгереді. Метаморфты жыныс пен олардың пайда болған жыныстары арасында біртіндеп ауысу сатысы байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет