1.Кіріспе Қазақстандағы логопедиялық көмек көрсету жүйесі
2.Негізгі бөлім Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
2.1. Логопедтік пункттің қызметін ұйымдастыру
3.Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Жобаның негізгі мақсаты: сөйлеу тілі бұзылған адамды оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен бірге сөйлеу тілі кемістіктерінің алдын алу жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу болып табылады.
Жобаның негізгі міндеттері: -сөйлеу тілі бұзылуының таралуын, оның симптоматикалық белгілерін анықтау;
- қазақ тілді қалыпты дамыған және әр түрлі тіл бұзылыстары бар балалардың сөйлеу іс-әрекетінің онтогенезін зерттеу;
- дамуында әр түрлі ауытқуы бар қазақ тілді балалардың (зияты, естуі, көруі, тірек-қимылы бұзылған) сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау;
-сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінеy белгілі бір бағытпен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін әсерін анықтау;
-сөйлеу тілінің бұзылу себептерін, белгілерін, механизмдерін анықтау;
-сөйлеу тіл бұзылыстарының педагогикалық диагностикасының әдістерін өңдеу, құрастыру;
- отандық және шетелдік логопедиялық теориясы мен тәжірибесіндегі жетістктерді талдау;
- сөйлеу тіл кемістіктерін жүйелеу;
- қазақ тілінің фонетикалық – грамматикалық ерекшеліктерін ескере отырып сөйлеу тілінің кемістіктерін түзету, жою, әдістерін жетілдіру;
- сөйлеу тілі кемістіктерінің алдын алу тәсілдерін толық жетілдіру;
- Қазақстанда логопедиялық көмек беруді ұйымдастыру мәселесін зерттеу, жетілдіру;
- логопедиялық оқу үрдісіне жаңа технологиялар мен компьютерлік техниканы еңгізу, қолдану.