Ағылшын пәнінің тәжірибешісі Шамшиева лауазымдық міндеттері. Негізгі міндеттер мен қызмет мазмұны. Лауазымдық міндеттері



Дата20.05.2024
өлшемі44 Kb.
#202639
түріСабақ
Байланысты:
Лауазымдық міндеттері
БЖБ ТЖБ талдау алгебра 9- класс, Тізім, Cу-біздің байлығымыз, Количество компьютеров

«Бекітемін»
Мектеп директоры
---------- М.Бейшенов
-------------------2020 ж.


Ағылшын пәнінің тәжірибешісі
Шамшиева лауазымдық міндеттері.
1.Негізгі міндеттер мен қызмет мазмұны.
Лауазымдық міндеттері: Мұғалімдерге сабақтардың, сыныптан тыс сабақтарды жүргізуге көмектеседі. Күн сайын сабақтың басталу уақытына дейін оқушылардың жұмыс орнын, электр жүйелері мен электр құрал-жабдықтарының жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктер немесе жөнделмеген ақаулар туралы мұғалімге баяндайды. Зертхананың жұмыс істеуін, мүлкінің сақталуын, оқу және зертхана кабинеттерінің тазалығы мен тәртібін, зертханалық жабдықтарды оқу процесінде пайдалану және сақтау кезінде кауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кабинетте өртке қарсы пайдаланылатын құралдар мен мүліктердің жай-күйіне және сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
Ағылшын кабинетінің зертханашысы: сынып жұмысы басталғанға дейін сабақ өткізу үшін компьютерлік жабдықтарды дайындайды, оны бірінші тексеруді және пайдалануды жүзеге асырады, аяқталған соң жүйе жұмысының дұрыс аяқталуын және компьютерді өшіруді жүргізеді. Интерактивті тақтамен жұмыс тәртібінің орындалуына бақылау жасайды. Жүйедегі жұмыс дұрыс жүргізілмеген жағдайда компьютерлердің істен шығуын тіркейді және басшылыққа хабарлайды.
ІІ. Ағылшын пәнінің зертханашысының жеке қызмет міндеттері.

Компьютерлік жабдықтардың дұрыстығын бақылайды, оны тазартуды жүзеге асырады. Регламентке сәйкес жұмыс журналдарын жүргізеді. Пайдаланушыларға жүйеге ену кілт сөзі, оқытушылар берген оқу материалдарын орналастыру, бар инструментарияларды пайдалануы бойынша кеңестер береді. Жүйедегі жұмыс дұрыс жүргізілмеген жағдайда компьютерлердің істен шығуын тіркейді және басшылыққа хабарлайды. Ағылшын пәнінің мұғалімінің жеке қызметтік тапсырмаларын орындайды



ІІІ. Ағылшын зертханашысының мәртебесі.
Ағылшын пәнінің зертханашысының еңбек ақысы мен разряд деңгейі,еңбек демалысы мектеп қызметкерлерімен теңгерілген:
Ағылшын пәнінің зертханашысы аптасына 40 сағат жұмыс істейді.
ІV. Ағылшын пәні зертханашы қызметінің құқығы.
Зертханалық жұмыстарға қатысуға
Оқушылардың жұмыс ережесін сақтауға атсалысады.
V.Ағылшын пәнінің зертханашы қызметінің нәтижесі.

Тарификация кезінде зертханашысының еңбек ақысының разрядын қою үшін еңбек стажы есепке алынады.


Білуге міндетті: «Білуге міндетті», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасындағы заңдарының және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актлерді, тестілеу сынақтарын тексеру әдістерін, педагогика мен психология негіздерін; пән бойынша негізгі оқу-бағдарламалық құжаттарды, зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізудің техникасын; дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді: еңбек туралы заңнамалар; қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау өртке қарсы ережелерді, санитарлық ережелермен нормаларды білуге тиіс.


Лауазымдық жүктемемен таныстым: __________Г.Шамшиева


«-----» -------------------2020 ж.


«Бекітемін»
Мектеп директоры
---------- М.Бейшенов
-------------------2019ж.

2019-2020 оқу жылындағы Ағылшын пәні
зертханашысының жылдық жоспары


Б.Момышұлы ауылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет