205б искаков Диас Музыкалық эстетика



Дата02.05.2020
өлшемі20.12 Kb.

205Б Искаков Диас

Музыкалық эстетика – музыканың табиғатын және оның көркемдік қасиетін зерттейтін ғылыми таным. Музыкалық эстетика өмір шындығын музыкада бейнелеудің өзіндік тәсілдері мен формаларын, музыкалық образдардың сипаттары мен мәнін, музыкадағы әсемдік категорияларын, мазмұн мен түрді, объективтілік пен субъективтілікті, типтілік пен дербестікті, логикалық пен эмоционалдықты, мәнерлеушілік пен бейнелеушілікті зерттейді. Музыкалық эстетика сондай-ақ музыка өнерінің идеялық, халықтық, көркемдік мәселелерін, оның қоғамдық мәнін, тарихи және ұлттық шарттылығын, дәстүр мен жаңашылдықты, еркіндік пен жеке өзгешеліктерді, стиль мен жанрды сөз етеді. Музыка жазу, оны орындау және қабылдау принциптері физикалық заңдармен, психикалық процестермен байланыстырыла зерттеледі. Музыкалық эстетика, сонымен қатар, музыкалық ойдың, музыкалық тілдің, музыкалық форманың жалпы заңдылықтарын, музыканың, өнердің басқа да салаларымен арақатынасын және байланысын зерттейді.

Білім берудегі инновациялық үрдістер бүгінгі таңда уақыттың басты талабы ретінде қоғамдық дамудың құрамдас бөлігі болып табылады. Еліміздің əлемдік білім кеңістігіне бағдар  алуының басты өзегі – өскелең ұрпақтың жаңа білімге деген құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, олардың танымдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру жəне жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол да болса, жоғары білім беру жүйесінің Болон процесінің идеяларын толықтай қабылдап, өз жұмысының мазмұнын осы үрдіспен байланыстырумен ерекшеленеді. Оның басты идеясы – оқу нəтижелерін жоспарлау, құрастыру, яғни жоғары оқу орындарының, оның ішінде əрбір оқытушының, əр пəннің міндеті болып танылуда.

Музыка күшi оның жан-жақты əсер ететiндiгiнде: ерiк-жiгерге, ақыл-ойға, ойлауға «логикалық сезiмге» байланысты. Жалпы, ұлы ғұламалар əлФараби, Ибн-Сина т.б. жеке тұлғаның рухани дамуына өнер мен мəдениеттің əсері турасында мағлұматтар, оның ішінде музыка өнерінің теориялық жəне тəжірибелік негіздерін дамыту жайында тұжырымдар, маңызды зор ғылыми еңбектер қалдырған. Ұлы педагог В.А. Сухомлинскийдің «Гимнастика денені түзесе, музыка адам жанын түзейді» деген пікірі бекер айтылмаса керек, музыка адамның рухани азығы, жан серігі жəне тілмен жеткізіп айта алмайтын  ұшқыр қиялы, нəзік сезімі. Ол өзінің көркемділігі жəне маңыздылығымен бала жанын баурап, ақыл-ой сана сезімдерін кеңейтіп, жақсы мінез-қылықтарын біртіндеп қалыптастыруға əсерін тигізеді. Музыка өнерінің тағы бір ерекшелігі адамның көңіл-күйін ортақтандырады. «Табиғат дүниесіндегі сұлулықтың ғажабы аспан шырақтарында, ал жердегі дыбыс сұлулығы – əн, күй сазында» – дейді шығыс философы, музыка зерттеушісі, ғұлама ғалым Əбунəсір əл-Фараби. Француздың ұлы жазушысы Р.Роллан: «Музыка – тамшы сияқты, там – тұмдап жүрекке енеді де, жанды желпіндіреді», – деп айтқанындай, музыканың тілі сөйлеу тіліне қарағанда ұлттық болмысқа көп жақын, адам бойындағы ұлттық рухани байлығының қайнар көзі. Ұлттық қасиет пен ұлттық тілді бойына ең мол сіңірген құбылыс деп музыканы айтуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет