Айсары Ақерке Оралбайқызы.
2009 жылы маусымның 21 жұлдызында дүниеге келген. Ақерке 2016 жылы 1 қыркүйектен бастап мектепке қабылданған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады.
Әлеуметтік жағдайы жақсы.Әкесі-Пазылбеков Оралбай,, ЧШ 40 мекемесінде телім бастығы, анасы-Бекеева Жібек үй шаруасындағы адам. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы жақсы деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай.Сабақ үлгерімі өте жақсы Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Пәндер ішінде математика, бейнелеу, әдебиет пәндеріне қызығушылығы мол. Сабақты себепсіз босатпайды. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты,әдайым көңілді жүреді.. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді. Айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы.
Мектеп директоры:Әліпов.Р.
Сынып жетекшісі:Саметова.А.