25. Бензолды сұйық фазада гидрлеудің өнеркәсіптік әдісін талқылаңыз. Процестің реакциялық теңдеулерін, жүретін жағдайларын көрсетіңіз. Бензолды гидрлеу



Дата09.12.2022
өлшемі17,29 Kb.
#162090
Байланысты:
АРУЖАН НЕФТЬ


25. Бензолды сұйық фазада гидрлеудің өнеркәсіптік әдісін талқылаңыз. Процестің реакциялық теңдеулерін, жүретін жағдайларын көрсетіңіз.
Бензолды гидрлеу. Бензолды гидрлеп адипин қышқылы мен циклогександы өндіру үшін қолданылатын циклогександы алады. Селективті гидрлейтін катализаторлар қатысында бензолды гидрлеу үдерісінде жанама өнімдер түзілмейді деуге болады, осылайша алынатын циклогексанның жоғары тазалығы қамтамасыз етіледі.
Үдерістің жеткілікті селективтілігінің шарттарының бірі – қажетті температуралық режимді сақтау. Үдеріс экзотермиялық болғандықтан зауыт қондырғыларының технологиялық сұлбаларын жасауда реакция жылуын сыртқа шығару тәсілдеріне көп көңіл бөлінеді. Үдерістің негізгі параметрлерін (қысым, температура) таңдау негізінен бастапқы шикізатта күкіртті қосылыстардың мөлшерімен анықталады. Күкіртті қосылыстардан бос дерлік бензолды (0,01 салм.%) сутектің аздаған қысымында төменгі температуралық катализаторларда гидрлейді. Күкірті бар бензолды алдын-ала тазартусыз күкіртке төзімді катализаторлармен жоғары температура мен қысымда гидрлейді.
Бензолды төменгі қысымда өнеркәсіптік жағдайларда гидрлеуді сұйық және бу фазаларында жүргізеді. Сұйық фазалық гидрлеу үшін (3.25-сурет) әдетте Ренейдің никель катализаторын пайдаланады. Үдерісті 2000С-қа және шамамен 40 атм қысымда (сутектің үлестік қысымы шамамен 30 атм) тізбектеліп жұмыс істейтін екі реакторда жүзеге асырады.



3.25-сурет. Бензолды сұйық фазада гидрлеудің өнеркәсіптік
қондырғысының сұлбасы:
1– реакторлар; 2 – жүзгінделген катализаторды циркуляциялауға арналған сораптама; 3 – суытқыштар; 4 – газсепаратор; 5 – тұрақтандырғыш колонна; 6 – сутекқұрамды газды циркуляциялауға арналған компрессор;
I – сутек; II – бензол; III – кететін газ; IV – циклогексан
Сутекті сұйықтық қабаты арқылы барботирлеп бірінші реактордың төменгі жағына жібереді, ол катализаторды осы сұйықтық жүзгін (суспензияланған) күйінде болуын қамтамасыз етеді. Реакция жылуы реакциялық қысымның біраз мөлшерінің булану және сұйықтықтың біраз бөлігінің катализатормен бірге жылуалмастырғыш арқылы рециркуляциялануымен кетіріледі. Бірінші реактордан құрамында шамамен 5 салм. % бензолы бар бу-газдың қоспасы реакцияны аяқтау үшін стационарлық катализатормен толтырылған екінші реакторға түседі.
Бастапқы шикізат ретінде кристалдану температурасы 5,40С бензолды пайдаланғанда тазалығы 99,97%, іс жүзінде құрамында бензол жоқ циклогексан алынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет